Валюта болжамы: 12 қараша – 16 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
373,333

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,541

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (12 қараша – 16 қараша).

Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың пікірінше, алдағы аптада бағам қалыптастыруға сыртқы нарықтардағы жағдай мен мұнай бағасын белгілеудегі қозғалыс әсер етуін жалғастыратын болады. Батыстағы жағдайды сөз еткен біздің сарапшылар, негізінен, АҚШ Конгресінде өткен сайлау нәтижесі («Альпари», Wall Street Invest Partners), Федеральдық резервтік жүйенің негізгі пайыздық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтап қалу туралы шешім («ФИНАМ» КТ, Wall Street Invest Partners, Gerchik&Co), сондай-ақ ақша-несие саясаты одан әрі күшеюі мүмкін («ФИНАМ» КТ, «Телетрейд Групп», Wall Street Invest Partners) екеніне тоқталды. Олардың ішінде «Телетрейд Топ» компаниясы америкалық қазынашылық облигациялар мен доллар көрсеткішінің кірістілігінің өсуін ерекше атап кетті.

Энергия тасымалдаушылар нарығына тоқталар болсақ, онда сауалнамаға қатысқан барлық сарапшы осы аптада орын алған  мұнай  бағасының айтарлықтай төмендеуіне мән берді. Сонымен қатар Саудия зертттеу орталығының картельдің таралуы мүмкін екендігіне жасаған зерттеуіне («ФИНАМ» КТ), ОПЕК-тің жұмыс істеуінінің қажеттілігін талқылау (Wall Street Invest Partners), АҚШ, Саудия және Ресейде қара алтынды өндірудің артқанына («Телетрейд Топ», IFC Markets) тоқталып кетті.

Ішкі триггерлерден сарапшылар ЕҚДБ-ның Қазақстанның ЖІӨ-сіне қатысты жағымсыз болжамын («Альпари») және Қазақстанның еуробондтары жақсы орналастырылғанын (IFC Markets) атап өтті.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:  

12 қараша – 16 қараша

31 қазан мен 7 қараша аралығында дамушы нарықтардың көбісі қайта өсу көрсетті. Бұған АҚШ Конгресіндегі сайлау қорытындысы әсер етті. Енді республикалықтар мен демокарттардың күші тепе-тең болып, ол президент Дональд Трамптың орынды және салмақты шешімдер қабылдауына әкеледі деп ойлаймыз.

Қазақстанда теңге бағамына Еуразиялық Қайта Құру және Даму банкінің жағымсыз болжамы әсер еткен болуы мүмкін. Банк сарапшыларының болжамына сәйкес, 2018 жылы Қазақстанда ЖІӨ-нің өсуі 4,1%-дан  4%-ға дейін төмендейді, ал 2019 жылы өсу қарқыны бұдан да төмендеп, 3,5%-ға дейін түседі. ЕҚДБ бұл биылғы және алдағы жылы бюджетке мұнай экспортынан түсетін түсімнің төмендеуінен болады деп отыр.

Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 369-374 теңге, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы шамалы өзгеріп бір рубль 5,6-5,8 теңге болады деп отырмыз.

Сергей Дроздов,  «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:

12 қараша – 16 қараша

Жақында орын алған қарқынды өсуден кейін, осы бейсенбіде америкалық биржа алаңдары сауданы кері аумақта жапты.

S&P500 нарығының индексі 0,25%-ға төмендеп, 2806,83 шамасында жабылды.  Өндірістік Dow Jones индексі 0,04%-ға өсті, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса   0,53% жоғалтты. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы  екі базистік көрсеткішке өсіп, 3,24%-ға шамасында болды.  

АҚШ ФРЖ-сы екі күнгі отырыстан кейін, негізгі пайыздық мөлшерлеменің деңгейін өзгеріссіз қалдырды. Олар экономикалық белсенділік пен жұмыс орнының қатты өскенін атап кетті. Алайда реттеуші жыл басынан бері  бизнеске инвестиция салудың төмендеуі алдағы уақытта экономикалық өсуді баяулатуы қауіп бар деп отыр.

Осы кезеңде ФРЖ-ның алдағы уақыттағы әрекетіне жасалған болжам пайыздық мөлшерлеме осы жылдың желтоқсанында бір рет, сосын келесі жылы үш рет және 2020 жылы бір рет көтерілетінін көрсетеді.

Өткен сауда қорытындысы бойынша Brent мұнайының бағасы 1,44%-ға төмендеп, бір баррелі 70,95 доллар болған. WTI маркалы мұнай болса тоғызыншы күн қатарынан төмендеп, 2014 жылдан бері бірінші рет ұзақ уақыт төмендеуді көрсетті.

АҚШ, Саудия және Ресейде мұнай өндірудің өсуі алдағы уақытта нарықта мұнайдың  артылып қалуына әкеледі деген алыпсатарлық және Wall Street Journal журналының Саудияның зерттеу орталығы ОПЕК-тің таралуы мүмкін екені энергия тасымалдаушылдардың әлемдік нарығына қалай әсер ететінін зерттеп жатыр деп жазғаны жағымсыз пікірдің қалыптасуына негіз болды. Дегенмен алдағы жексенбіде ОПЕК-тің министрлік мониторингтік комитетінің отырысында картель мен оның жақтастары 2019 жылы мұнай өндіруді қысқарту туралы мәселені көтеруі, қара алтын бағасына қолдау болуы мүмкін.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,3-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 367-371 теңге және еуроға қатысты бағамы  419-423 теңге болады деп болжап отырмыз. 

Олег Богданов, «Телетрейд Топ» бас сарапшысы:   

12 қараша – 16 қараша

Алдағы апта қазақстандық теңге үшін ауыр болуы мүмкін. Бұл, ең бірінші, сыртқы нарықтардағы жағдайдың нашар болуымен байланысты. Қаржы әлемі АҚШ ФРЖ-сы желтоқсанда пайыздық мөлшерлемені көтереді деп күтіп отыр. Сондай-ақ АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігі өсуде, жаһандық банкаралық нарықта долларлық мөлшерлемелер артып жатыр, осыдан америкалық валютаның жетіспеуі сезілуде. Доллар индексі одан сайын өсіп келеді, ол тағы 97 деген көрсеткішке жақын. Әлемдік акциялар нарығындағы тәуекелдердің өсуінен доллардың негізгі валюталарға қатысты өсуі күшеюі мүмкін. Кірістілік пен долларлық мөлшерлемелердің артуы инвесторлардың дамушы нарықтардағы акциялар мен активтерден кетуіне әкеледі. Алдағы аптада бұл үрдіс жылдамдауы мүмкін.

Сонымен қатар  мұнай бағасының бірден күрт төмендеуі теңге үшін қосымша жағымсыз фактор болуы мүмкін. Мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ пен Саудиядағы өндірудің артуы мен Саудияның ОПЕК құрамына шығады деген сыбыс әсер етіп отыр. Сондықтан USD/KZT жұбы 380 теңге шамасында, ал EUR/KZT – 430 теңге, рубльдің бағамы 5,6 теңге болуы мүмкін.

Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners сарапшысы:    

12 қараша – 16 қараша

Өткен апта мұнай бағасының төмендеуінің жалғасуымен есте қалды. Мұнай бағасының төмендеуіне негізінен Иранға қарсы санкцияның  ирандық мұнайды сатып алушыларға шектеу қоюымен байланысты болды. Сонымен қатар ОПЕК-тің жұмыс істеуінің қажеттілігі туралы мәселенің талқылануы да қосымша фактор болды. Brent маркалы мұнай бағасының бір барелі 70 доллар болды.

Өткен аптаның басында доллар АҚШ-тағы Конгресс сайлауының қорытындысынан шамалы әлсіреді. Ал жұма күні доллар қанатын қайта жайып, әлемдік валюталарға қатысты бағамы тағы өсіп шыға келді. Бұған АҚШ ФРЖ-сы отырысының қорытындысы сенімділік берді. АҚШ қор алаңдарында бағаның өсуі байқалмады. Алтын бағасы тағы да төмендеп, бір троя унициясы үшін 1220 доллар болды. Ал қытайлық юаньнның АҚШ долларына қатысты позициясы 6,95 шамасында тұрақталды.

Ресейлік рубльдің америкалық доллар мен еуропалық валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Рубльдің долларға қатысты бағамы күрт төмендеп, бір доллар  67,8 рубль болды. Өткен аптада қазақстандық теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы қазіргі позицияда қалуға тырысып бағып, бір доллар үшін 375 теңге болды. Жексенбі, 11 қараша күні, ОПЕК комитеті 2019 жылы мұнай өндіруді қысқарту жайын талқылайтын болады. Бұл нарықта мұнай бағасын өсіруі мүмкін.

Сейсенбі, 13 қараша күні нарық қатысушылары ОПЕК-тің мұнай нарығы бойынша ай сайынғы есепке мән береді. Әсіресе, әлемдік мұнай нарығында қалыптасқан тепе-теңдік басты назарда болмақ. Иранға қатысты санкция қазіргі сұранысқа деген талқылау мен мұнай нарығындағы ұсынысқа қызығушылық туғызады. Есеп мұнай бағасының құбылмалығына әкелетіні, сөзсіз. Сонымен қатар валюталық жұптардың динамикасы мен бағытына да әсер етпей қоймайды.

Алдағы аптада ресейлік рубльге деген қысым күшеюі мүмкін. Оған бір жағынан жаңа санкция себеп. АҚШ Украина мен Қырым бойынша үш жеке тұлға мен Қырымда орналасқан бірқатар компанияға қатысты санкцияны ұлғайтатынын мәлімдеді. Ұлыбритания да «Скрипаль ісіне» байланысты ЕО-ның Ресейге қарсы қосымша санкция қоюын талап етіп отыр.

Осылайша, Ресйеге қарсы санкция көбейді. Сонымен қатар ресейлік және шетелдік инвесторлар тарапынан ресейлік борышкерлік қағаздарға деген сұраныс төмендеді. Тек америкалық доллар ғана мықты болып отыр. Алдағы аптада қазақстандық теңге де күшеюі мүмкін. 12 қараша мен 16 қараша аралығында теңгенің долларға қатысты бағамы 370-376 теңге болады деп болжануда. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам бір рубль үшін 5,50-5,60 теңге аралығында болады.

 Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:  

12 қараша – 16 қараша

Өткен аптада қазақстандық теңгенің долларға қатысты бағамы әлсіреді. Вrent маркалы мұнай бағасы бесінші апта қатарынан төмендеп жатыр. Бұл теңгеге жағымсыз әсер етті. Иранға қатысты америкалық санкциялар ирандық мұнай экспортын қысқартты. Ал АҚШ, Саудия, Ресей болса Иранның әлемдік мұнай нарығындағы үлесін басып қалғысы келіп, мұнай өндіруді күрт арттырды. Негізгі ойыншылардың әрекетіндегі мұндай келісімнің болмауы, бағаның төмендеуіне әкеледі.

Өткен аптада теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы біршама нығайды. Оған Қазақстан еуробондтарын табысты орналастыру себеп болды. Бұған қоса Ресейдегі инфляцияға қатысты жағымсыз мәліметтер жарық көрді. Ал бұл рубльді әлсіретті. 2018 жылдың 10 айында инфляция 3% болған, РФ-ның  экономиканы дамыту министрлігінің болжамы бойынша ол 3,7-3,8%-ға дейін өсуі мүмкін. Мұнымен салыстырғанда Қазақстандағы инфляцияның жағдайы жақсы. Қазақстан Ұлттық банкі мөлшерлемені 9,25% шамасында ұстап отыр, ал Ресей болса 7,5%. Менің ойымша, бұл рубльмен салыстырғанда теңгенің тартымдылығын арттырады.

 Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,48-5,61 теңге, бір доллар үшін 369-375 теңге болады деп  болжап отырмыз.

 

Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі: 

12 қараша – 16 қараша

Мұнай бағасының төмендеуі, АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлемені 2-2,25% деңгейінде сақтау доллардың еуроға қатысты бағамын 1,1330 деңгейінен төмен етуі, алдаға аптада теңге бағамын төмендетуі мүмкін. ОПЕК комитетінің отырысы мен санкция болжамдары алдағы аптада басты параметрлер болады.

Бір АҚШ доллар 372-377 теңге болады деген болжам бар.

Мұнай бағасының төмендеуінен ресейлік рубльдің долларға қатысты бағамы әлсірейді. Бір ресейлік рубль 5,2-5,6 теңге болуы мүмкін.

12 қараша – 16 қараша