Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
10.10.2020 |
425-430 |
ГК «ФИНАМ»
10.10.2020 |
426-429 |
Forex Club
10.10.2020 |
428-430 |
DAMU Capital Management
10.10.2020 |
420-425 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
10.10.2020 |
5,45-5,65 |
ГК «ФИНАМ»
10.10.2020 |
5,2-5,6 |
Forex Club
10.10.2020 |
5,6-5,9 |
DAMU Capital Management
10.10.2020 |
5,55-5,65 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
10.10.2020 |
495-515 |
ГК «ФИНАМ»
10.10.2020 |
500-505 |
Forex Club
10.10.2020 |
506-508 |
DAMU Capital Management
10.10.2020 |
500-510 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
10.10.2020 |
62-65 |
ГК «ФИНАМ»
10.10.2020 |
62,8-63,3 |
Forex Club
10.10.2020 |
63,8-64 |
DAMU Capital Management
10.10.2020 |
62,5-63,5 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (12 қазан – 16 қазан).
5 қазан – 2 қазанға арналған валюта болжамы
Теңге осы аптада оң көрсеткіштерге ие болды. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылардың айтуынша, бұған инвесторлардың тәуекел активтеріне деген қызығушылығы, әлем экономикасының өсімі, доллар индексінің динамикасы әсер етіп отыр. Сонымен қатар олар мұнай бағасын, Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығысты, Қырғызстандағы ахуалды сөз етті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитігі:
Қазақстандық валюта әдеттегідей нарықтық катализаторларға тәуелді. Қазір теңгеге қатты қысым жасалып жатқан жоқ. Доллар индексінің төмендеуі отандық валютаның қалыпқа келуіне ықпал етті. Мұнай бағасы мен тәуекел –теңгенің динамикасына әсер отырған негізгі драйверлер.
Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 425-430 теңге, бір еуро 495-515 теңге, бір юань 62-65 теңге, бір рубль 5,45-5,65 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреп, долларға қатысты бағамы нығайды. Шикізат бағасының көтерілуі теңгеге оң әсерін берді. Жалпы, аптаның басында мұнай құны шамамен 10%-ға қымбаттады, бұл соңғы үш аптадағы жоғарғы көрсеткіш.
Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 428-430 теңге, бір еуро 507-508 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге, бір юань 63,8-64 теңге болады деп ойлаймын.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Әлемдік нарықта құбылмалылық орнады, Трамп коронавирус дертінен айықты, дегенмен ол сайлауға дейін америкалық экономиканы қолдауға қатысты жаңа бағдарлама қабылдамайтынын айтты. Бірақ кейін талқылауларға дайын екенін жеткізді. Кей елдер пандемияның екінші толқынына дайындалып жатыр, бірқатар елде індеп өршіп тұр. Қазақстан да індеттің жайлауын тежеу мақсатында тиісті шаралар қабылдап жатыр. Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс басылар емес. Қырғызстан саяси тұрақсыздықты бастан кешіруде, дегенмен ереуілшілердің талабы орындалып, парламенттік сайлау қайтадан өткізілетін болды. Қыркүйекте еліміздегі жылдық инфляция деңгейі 7% болды, бұл фактор да теңгеге оң әсерін тигізді.
Келесі аптада бір доллар 420-425 теңге, бір еуро 500-510 теңге, бір юань 62,5-63,5 теңге, бір рубль 5,55-5,65 теңге болады деп ойлаймын.
Анна Зайцева, «Финам» КТ сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің нығаюына әкеліп соққан негізгі фактор – мұнай бағасының өсуі. Сұрапыл дауыл кесірінен Мексика шығанағында мұнай өндірісінің тоқтауы мен Норвегиядағы мұнайшылардың ереуілі салдарынан шикізат бағасы 10%-ға қымбаттады. Сонымен қатар инвесторлардың тәуекел активтеріне және дамушы елдердің валюталарына деген қызығушылығы қайта оянды.Бұл фактор теңгеге айтарлықтай қолдау болды.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 426-429 теңге, бір еуро 500-505 теңге, бір юань 62,8-63,3 теңге, бір рубль 5,2-5,6 теңге көлемінде саудаланады.