Валюта болжамы: 13 қараша -17 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (13 қараша – 17 қараша) арналған теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.

13 қараша -17 қараша13 қараша-17 қарашаға арналған валюта болжамы

Аbctv.kz-тің сауалнамасына қатысқан сарапшылар осымен үшінші апта қатарынан Дональд Трамптың салық реформасын сөз етуде. Доллар бағамына әсер еткен реформа жобасын қабылдаудың қиындығы туралы «ФИНАМ», TeleTrade Central Asia және «Қазақстан Қаржы орталығы» ЖШС сарапшылары айтуда.

Валюта бағамы үшін басқа да маңызды және үйреншікті триггер энергия тасымалдаушылар нарығы болып отыр. «ФИНАМ» компаниясының сарапшысы келесі жылы ОПЕК-ке мүше елдерде мұнай өндіру деңгейі артуы мүмкін деп болжам жасады, алайда қазір Brent маркалы мұнайдың бағасы  одан әрі өседі деп болжап отыр.  Дәл осындай пікірді TeleTrade Central Asia сарапшысы да айтып, Саудиядағы шиеленіскен жағдай Brent маркалы мұнай бағасының өсуіне бірінші себеп болып отыр деп түсіндірді. «Астана-Инвест» Инвестициялық үй» АҚ сарапшылары болса «қара алтынның» алдағы уақыттағы бағасы ОПЕК-тің әрекетіне байланысты болады дегенді айтты.  Ал «Аналитика Онлайн Қазақстан» компаниясының сарапшысы болса мұнай бағасы төмендейтін болса, теңге құнсыздануы мүмкін дегенді алға тартты. Оның ойынша, бұған теңгенің мұнай төмендеген кезден гөрі қымбаттаған кезде нығайғаны дәлел. Сонымен қатар сарапшы ұлттық валютаның девальвацияға ұшырауына оны сатып алу деңгейінің жоғары болуы  себеп болуы мүмкін дейді.

Сондай-ақ Қазақстанның ішкі валюта нарығындағы жағдай туралы қызықты пікірді «Қазақстан Қаржы орталығы» ЖШС сарапшысы ортаға салды. Ол елде теңгенің өтімділік тапшылығы байқалатынын айтты. Сарапшының ойынша, теңгенің бірқатар сыртқы факторларға әсер етпеуі – ұлттық валюта бағамы қолдан жасалып отырғанын көрсетеді. Бұған қоса сарапшы Қазақстандағы қаржылық тұрақтылықты қадағалайтын тәуелсіз комитет құру, сонымен қатар коммерциялық банктердің валюта және қор нарығында өз қаражатын пайдалану арқылы саудаға қатысуын шектеу керек  деген пікірін тағы да қайталады.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар. 

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптама департаменті директорының орынбасары:   

13 қараша -17 қарашаЕуропалық Қайта құрылымдау және Даму банктің Қазақстан экономикасына қатысты  болжамын арттыруы  Қазақстандағы теңге бағамына оң әсерін тигізуі мүмкін.  Банк сарапшылары Қазақстан экономикасы 2017 жылы 3,8%-ға өседі  және 2018 жылы біршама баяулап 3,5% болады деп болжап отыр. Еске салар болсақ, жылдың басында ЕҚДБ Қазақстан экономикасының өсуі 2017 жылы 2,5%-дан аспайтын болады деген еді.

Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 331-335 теңге, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,58-5,6 теңге болады деп болжап отырмыз.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

13 қараша -17 қарашаЖақында қойылған рекордқа қол жеткізген америкалық индекстер бейсенбі күнгі сауда сессиясында төмендеді. Бұған қаржы комитеті сенатының Трамптың салық реформасын жаңаша түсіндіруі себеп болды

Денсаулық сақтау реформасына қатысты жағдайдың қалай дамығанын ескеретін болсақ, оқиғаның бұлайша өріс алуы таңқаларлық жағдай емес. Алайда егер жақын арада тараптар бір келісімге келмесе, онда бұл мұхиттың арғы жағындағы елдер үшін қиындық тудыруы мүмкін.

Goldman Sachs сарапшыларының пікірінше, мұнайға деген әлемдік сұраныстың өсуі 2018 жылға қарай ОПЕК-тің мұнай өндіруді бірте-бірте арттыруына әкеледі, ал бұл картель ішіндегі жағдайға кері әсерін тигізетін болады. Сондай-ақ мұнай бағасының өсуінен банк сарапшылары АҚШ-ғы қатпарлы мұнай өндіретін компаниялардың жұмысының жандануын күтеді. Ал бұл келешекте «қара алтынның» бағасына қысым жасауы мүмкін. Дегенмен де Goldman Sachs Brent маркалы мұнай бағасы жылдың соңына дейін бір баррель үшін 58 доллар болады деп болжап отыр.

Өткен сауда сессиясының қорытындысы бойынша мұнай бағасы  62,90 доллардан жоғары бағада саудаланып, 0,57%-ды қосып алды. Ал бұл Brent маркалы мұнайдың бір баррель үшін 69,5 доллар бағасында жалғасуын сақтайды.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,6-5 теңге, теңгенің долларға қатысты бағамы 332-337 теңге, еуроға қатысты бағамы 385-391 теңге болады деп ойлаймыз.

Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптау тобының жетекшісі: 

13 қараша -17 қарашаТеңге мұнай бағасына қатысты сценарийді қайталатын сияқты. «Қара алтынның» бағасы тағы да көтеріліп , нарықтағы деңгейі бір баррель үшін 64,50 доллар болып тұр және мұнымен тоқтамай бұдан да жоғары деңгейге көтерілетін секілді. Мұнай бағасының өсуіне ең бірінші ОПЕК елдері ішінде мұнай өндіруде көшбасшы Саудиядағы шиеленіскен жағдай себеп болып отыр. Егер Саудиядағы жағдай одан сайын өршіп кетпесе, мұнай бағасы бұдан да көтеріліп, бір баррель үшін 63-65 долларға жетіп,  бұл теңгеге қолдау болады.

Сондай-ақ Трамптың салық реформасы бойынша келіспеушіліктердің болуынан  және  Азияға қатысты сапарындағы  кезекті  «оқиғалары»  салдарынан АҚШ долларының әлемдік нарықтағы бағасының төмендеуі де теңгенің нығаюына  біршама себеп.

Осының нәтижесінде USD/KZT жұбы бір доллар үшін  331,50-334 теңге шамасында болуы мүмкін. 

Ресейлік рубль шетелдік валютаға деген сұраныстың көп болуынан долларға қатысты позициясынан айырыла бастайды. Бұған бірнеше себеп бар. Шетелдік валютаға деген сұраныс сыртқы қарыздарын төлейтін компаниялардың әрекетінен туындауы мүмкін. Сондай-ақ қаржы министрлігі қарашада шетелдік валютаны сатып алу көлемін алдағы айларға қарағанда бір жарым есе арттырды, шетелдік инвесторлар реселік қарызға деген қызығушылықтары жоғалып, валюталық бақылаудың күшеюінен сақтану үшін ақшаларын алып кетіп жатыр. Көптеген сарапшы осының салдарынан ресейлік валютаның долларға шаққандағы бағамы 61-63 рубльге дейін төмендеуі мүмкін деп отыр. Бірақ бұл жылдың соңына дейін болатын шаруа. Ал қазір бағам 60 рубльге дейін жетті.

Алдағы аптада RUB/KZT жұбы бір рубль үшін 5,55-5,65 теңге болуы мүмкін. 

Әліби Нұрбаев, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС бас сарапшысы:

13 қараша -17 қарашаІрі ойыншылар ойынның түбіне жеткен сияқты. Қазақстанның кепілдендірілген депозиттер қорынан түскен жаңалық 2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап шетелдік валютада салынған салымдардың пайыздық мөлшерлемесі 1%-ға дейін түсетінін көрсетті. Бұл шетелдік валютадағы салымдарды тиімсіз ете отырып, теңгемен жасалған салымның тиімділігн арттырады. Таяу арадағы есеп, валюта айырбас пунктерінде америкалық валютаға деген сұраныстың үлкен екенін көрсетті. 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында сұраныс 6,6 млрд болып былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 23,1%-ға артық болған. Бұнымен қоса Қазақстаннан шетелге ақша аудару  көлемі де өскен. 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында қазақстандықтар шетелге өткен жылмен салыстырғанда 25,5%-ға  көп ақша аударған. Осыған қарап отырып, елде теңге өтімділігінің тапшылығы байқалады деген ой туындайды.

Тап қазіргі уақытта мұнай бір баррель үшін 63 доллардан жоғары бағада саудаланып жатыр, ал АҚШ доллары салық реформасына қатысты қысым көруде. Осы жағдайларға теңге бағамы еш әсер етпей отыр.  Қазіргі «еркін айналым» деп аталатын бағам шындығына келер болсақ қолдан жасалып, біреуге тиімді болып отыр ма деп ойлаймын.

Осыған дейін Ұлттық банк пен үкіметтің құзіретіне кірмейтін қаржы тұрақтылығын қадағалайтын комитетін (ҚТҚК) құру идеясын ұсынған болатынмын. Сонымен қатар коммерциялық банктердің валюта және қор нарығында өз қаражаттарын пайдалану арқылы саудаға қатысуын шектеу керек  деп есептеймін.

Келесі аптадағы USD/KZT жұбы бойынша болжам  333-338 теңге, RUB/KZT – 5,70-5,80.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

13 қараша -17 қарашаӨткен аптада мұнай бағасы көтерілді. Ал алдағы уақытта мұнай бағасы ОПЕК әрекетіне тәуелді болады. «Қара алтын» бағасының өсуі ресейлік рубльге қолдау болмады, ал теңгені нығайтты.  Бұдан әрі қарай да рубль өспейді деп ойлаймын. Алдағы аптада бір доллар 59-61 рубль болады. Теңге де шамалы әлсірейді. Бір доллар 333-338  теңге болады деп ойлаймын. Келесі аптада мұнай бағасы бір баррель үшін 62-65 доллар болады. Рубльдің теңгеге қатысты бағамы 5,5-5,7 теңге болады деп болжап отырмын.

Мирзажан Байғоңысов,  өңірлік серіктестігінің Bekis аға менеджері:

13 қараша -17 қарашаАҚШ-қа қатысты негізгі мәліметтер америкалық долларға кері әсер етеді.

Теңгенің америкалық долларға шаққандағы бағамы өткен аптада 335-332 теңге аралығында болды. 13-17 қараша аралығында теңге тағы нығайып, бір доллар үшін 329-332 теңге болады деп отырмыз.

Өткен аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,68-5,59 теңге болды. Ал алдағы аптада 5,49-5,59 теңге болады.

 

Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы: 

13 қараша -17 қарашаБүгінгі күні USD/KZT жұбының бағамы мұнай бағасына  көп тәуелді. Менің ойымша, Ұлттық банктің жасаған соңғы интервенциясы елдегі теңгенің сатылуы көп екенін көрсетеді, ал бұл девальвацияға әкелуі мүмкін  Яғни әлемдік нарықтағы мұнай бағасы төмендейтін болса, онда теңге де әлсірейді.

Бірақ та осыған қарамастан, келесі аптада теңгенің долларға қатысты бағамы сол 332-335 теңге шамасында қалады.  Ал RUB/KZT болса төмендеп  5,5-5,65 теңге болады.

 

13 қараша -17 қараша

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу