Валюта болжамы: 16 желтоқсан - 20 желтоқсан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
384,821

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.12.2019
383-386
ГК «ФИНАМ»
14.12.2019
384,50-389
Евразийский Капитал
14.12.2019
383-386
Forex Club
14.12.2019
383-384
DAMU Capital Management
14.12.2019
383-385
Астана-Инвест
14.12.2019
383-388
IFC Markets
14.12.2019
382-388
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,109

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.12.2019
6,12-6,17
ГК «ФИНАМ»
14.12.2019
5,9-6,1
Евразийский Капитал
14.12.2019
6,07-6,18
Forex Club
14.12.2019
6-6,2
DAMU Capital Management
14.12.2019
6,05-6,15
Астана-Инвест
14.12.2019
6,05-6,2
IFC Markets
14.12.2019
6,12-6,22
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
428,357

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.12.2019
428-431
ГК «ФИНАМ»
14.12.2019
425-429
Евразийский Капитал
14.12.2019
426,0-430,0
Forex Club
14.12.2019
428-429
DAMU Capital Management
14.12.2019
425-430
Астана-Инвест
14.12.2019
425-435
IFC Markets
14.12.2019
424-432
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
55,121

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.12.2019
54,50-55,90
ГК «ФИНАМ»
14.12.2019
54,50-55,50
Евразийский Капитал
14.12.2019
54,8-55,4
Forex Club
14.12.2019
55-55,2
DAMU Capital Management
14.12.2019
55,5-56,5
Астана-Инвест
14.12.2019
54,0-55,0
IFC Markets
14.12.2019
54,4-55,5

16 желтоқсан - 20 желтоқсан

 

9 желтоқсан - 13 желтоқсанға  арналған валюта болжамы

 

 

 

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (16 желтоқсан - 20 желтоқсан).

Осы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы нығайды. Бұл жолы да сарапшылар валюта нарығына әсер еткен сыртқы факторларға тоқталды. Олар Қытай мен АҚШ арасындағы сауда келіссөздерді айтып өтті. Бұл жаңалық мұнай бағасының өсуіне алып келді. Теңге бағамына ҚР Ұлттық банкі мен АҚШ Федералдық қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыруы әсер етті. Ішкі триггерлердің қатарында Қазақстанның ЖІӨ-нің өсімі, экспорттаушылардың шетелдік валютаны ұсынуы мен халықтың долларға деген сұранысының жоғары болуы бар.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» аналитигі:

16 желтоқсан - 20 желтоқсан Теңге желтоқсанның екінші аптасында АҚШ долларымен бірге нығайды. Бірақ оның еуроға қатысты бағамы ондай нәтиже көрсетпеді. Оған америкалық қаржы реттеушісінің пайыздық мөлшерлемені өзгертпеуі әсер етіп отыр. Келесі жылы да Федералдық қор жүйесі осылай жасауы мүмкін. АҚШ пен Қытай сауда келісімінің бірінші кезеңі бойынша ортақ мәмілеге келді. Бұл өз кезегінде нарыққа оң ықпалын тигізгені сөзсіз.

Келесі аптаға болжамым: доллар 383-386 теңге, еуро 428-431 теңге, рубль 6,12-6,17 теңге, юань 54,50-55,90 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

16 желтоқсан - 20 желтоқсан Теңгенің долларға қатысты бағамы 0,68 теңгеге өсіп, бір доллар 383,95 теңге болды. Ал рубль мен юаньға қатысты бағамдары,керісінше, арзандады. Бір рубль 6,12 теңге, бір юань 55,12 теңге болды. Ұлттық валютаға елдегі ЖІӨ-нің биылғы алғашқы 11 айдың ішінде 4,4%-ға өсуі де ықпал етті. Ал ҚР Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, елдегі валюта нарығының оңалуына экспорттаушылардың шетелдік валютаны ұсынуы түрткі.

Сондай-ақ мұнай бағасының 65 долларға дейін сәл де болса көтерілуін де айтып өту керек. Бұл фактор да теңгенің нығаюына септігін тигізді.

Біздің болжам  бойынша, келесі аптада АҚШ доллары 383-384 теңге, еуро 428-429 теңге, рубль 6-6,2 теңге, юань 55-55,2 теңге болады.

 

 

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

16 желтоқсан - 20 желтоқсан Бейсенбі күні америкалық биржа алаңдары өсім көрсетті. S&P индексі 0,86%-ға өсіп, 3168,57 пунктке жетті. Dow Jones индексі 0,79%-ға, NASDAQ 0,73%-ға көтерілді. АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 11 базистік көрсеткішке көтерілді. Ал Германияның 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі -0,27%-ға жетті.

Индекстердің көтерілуіне Вашингтон мен Бейжіңнің сауда келісімін жасасуы себеп болды. Оның үстіне шетелдің ақпарат құралдары тағы бір жағымды жаңалық жариялауда. Ол бойынша, АҚШ қытайлық тауарларға салынған баж салығының күшін жоюы мүмкін. Бұл салық 15 желтоқсанға белгіленген болатын. Тараптардың келісімге келуі акциялар нарығына да оң әсерін беріп жатыр.

Сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 1,26%-ға көтеріліп, баррелі 64,52 долларға дейін жетті. Дегенмен қазір мұнайға деген сұраныс төмен, сондықтан шикізат құны 65 доллардан аса алмай тұр.

Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 384,50-389 теңге, еуро 425-429 теңге, рубль 5,9-6,1 теңге, юань 54,50-55,50 теңге болады.

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры

16 желтоқсан - 20 желтоқсан ҚР Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені өзгертпеді. Әлемдік нарықты АҚШ пен Қытайдың сауда келісіміне келуі бір сілкіндіріп алды. Осы орайда дамушы елдердің валюталары, шикізаттық өнімдердің құны өсіп жатыр. Теңге де өсім көрсетті, бірақ айтарлықтай көп емес. Ұлттық банк теңгенің нығаюына жол берсе де, валюта толықтай бақылауда болады. АҚШ Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені 1,75% деңгейінде қалдырды. Осылайша америкалық қаржы реттеушісі АҚШ экономикасына қолдау көрсетіп отыр. Бейжің мен Вашингтон сауда келісімін жасасқан соң, қытайлық валюта да нығая түсті.

Қазақстанда келесі сауда аптасы мейрамдарға байланысты қысқа болады. Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 383-385 теңге, бір еуро 425-430 теңге, бір рубль 6,05-6,15 теңге, бір юань 55,5-56,5 теңге болады.

 

 

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:

16 желтоқсан - 20 желтоқсан

Құрама Штаттар мен Қытайдың ортақ келісімге келуі шикізат бағасының өсуі мен америкалық қор нарығындағы көрсеткіштердің артуына себеп болды. Рубль нығайды, артынан теңге де оң көрсеткішке ие болды. Бірақ ұлттық валюта айтарлықтай нығая қойған жоқ.

Келесі аптада АҚШ доллары 383-388 теңге, еуро 425-435 теңге, рубль 6,05-6,2 теңге, юань 54,0-55,0 теңге болады.

 

 

 

 

Әли Сағындықов, «Еуразиялық капитал» АҚ аналитигі:

16 желтоқсан - 20 желтоқсан Теңгенің долларға қатысты бағамы нығайды. Өйткені мұнай бағасы өсіп отыр. АҚШ пен Қытай сауда келісіміне келгеннен кейін, Brent cұрыпты мұнай баррелі шамамен 65 долларға дейін жетті. Келесі аптада да шикізат бағасы өсуін жалғастыруы мүмкін. Өйткені нарық америкалық қор көлеміне қатысты ақпаратқа ешқандай реакция бермеді.

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 383-386 теңге, бір еуро 426-430 теңге, бір рубль 6,07-6,18 теңге, бір юань 54,8-55,4 теңге болады.

 

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:

16 желтоқсан - 20 желтоқсан ҚР Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені 9,25% деңгейінде қалдырды. Қаржы реттеушісінің мәліметінше, 2020 жылы ЖІӨ өсімі 3,8%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Яғни Ұлттық банк осы желтоқсанда рецессия басталады деп топшылап отыр. Теңгенің доллар мен юаньға қатысты бағамының нығаюына сыртқы факторлар әсер етті. Өткен аптада АҚШ-тың Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды. Осыдан кейін америкалық валютаның индексі төмендеді.

Келесі аптада АҚШ доллары 382-388 теңге, еуро 424-432 теңге, рубль 6,12-6,22 теңге, юань 54,4-55,5 теңге болады.

 

 

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу