Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
16.10.2022 |
473 – 477 |
ГК «ФИНАМ»
16.10.2022 |
470 – 480 |
DAMU Capital Management
16.10.2022 |
470 – 475 |
Forex Club
16.10.2022 |
457 – 497 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
16.10.2022 |
7,20 – 7,75 |
ГК «ФИНАМ»
16.10.2022 |
7,4 – 7,6 |
DAMU Capital Management
16.10.2022 |
7,5 – 7,9 |
Forex Club
16.10.2022 |
7,05 – 8,05 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
16.10.2022 |
450 – 470 |
ГК «ФИНАМ»
16.10.2022 |
460 – 470 |
DAMU Capital Management
16.10.2022 |
460 – 470 |
Forex Club
16.10.2022 |
443 – 483 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
16.10.2022 |
64 – 68 |
ГК «ФИНАМ»
16.10.2022 |
66,0 – 66,9 |
DAMU Capital Management
16.10.2022 |
66 – 66,5 |
Forex Club
16.10.2022 |
63,45 – 69,45 |
Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Өткен аптада теңге доллар мен еуроға қатысты әлсіреді, бірақ юаньмен жұпта тұрақтылықты сақтай отырып, рубльге қарай нығая түсті.
Сарапшылар ОПЕК+ елдерінің мұнай өндіруді тәулігіне 2 миллион баррельге қысқарту туралы соңғы шешімі нарыққа ауыз толтырып айтарлықтай әсер еткен жоқ деп есептейді. Себебі АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қорларының өсуі мен ХВҚ-ның әлемдік экономиканың өсу қарқынының төмендеуі туралы болжамының аясында көп ұзамай мұнай бағалары барреліне 98 доллардан 92 долларға дейін қайта төмендеген. АҚШ долларының индексі қайтадан өсіп келеді, ал ол өз кезегінде дамушы елдердің валюталары мен шикізат бағаларын әлсіретеді. АҚШ-тағы инфляцияға байланысты әлемнің негізгі биржаларында қор индекстері төмендеуде, ал инвесторлардың жалпы көңіл-күйі өзгеріссіз – жақсы күндерге үміт артумен келеді.
Қазақстандағы инфляцияның үдеуі аясында (өткен айдағы 16,1%-бен салыстырғанда қыркүйекте 17,7%-ға дейін) сарапшылар келесі отырыста - 26 қазанда ҚРҰБ пайыздық мөлшерлемесінің өсуін сенімді түрде күтуде.
Сарапшылардың толық пікірлері төменде inbusiness.kz дайындаған сауалнамада келтірілген.
Анна Бодрова, «Альпари» аға сарапшысы:
Сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты бір апта ішінде қазақстандық теңге бағамы АҚШ долларымен бірге төмендеді.
Бұл ретте шикізат факторы бастапқыда теңгенің позициясын нығайтуға ықпал етті. Brent баррелі $100-ге жақындады, алайда сұраныстың құбылмалы болуынан ұайта төмендеді. Теңге мен Қазақстан экономикасы үшін энергия тасымалдаушылардың жоғары бағасы маңызды: бюджет түсімдерінің негізгі бөлігі шикізатты экспортқа сатудан қалыптасады.
Тәуекелге деген көзқарас бірқалыпты. Әлемдік капитал нарықтары әлі де қалпына келтіруге негіз таппай отыр, өйткені орталық банктердің жаһандық тренді қатал болып қала береді.
Қазақстанның Ұлттық Банкі де осындай ұстанымды ұстанады. Жақында инфляцияны ауыздықтау үшін пайыздық мөлшерлемені көтеру қажеттілігі туралы ескертулер айтылды. Ол қыркүйек айында он төрт жылдық максимумға жетіп, жылдық сәйкестікте 17,7% құрады.
Келесі аптада шетел валюталары бағамдарының ауытқуы мынандай көрініс табуы мүмкін: АҚШ доллары 473 - 477 теңге, еуро: 450 - 470 теңге, рубль: 7,20 - 7,75 теңге, юань: 64 - 68 теңге аралығында саудаланады.
Андрей Маслов, «Финам» КТ сарапшысы:
16 қазанда аяқталған аптада қазақстандық теңге еуро мен долларға қарсы әлсірегенімен, рубльге қатысты біршама нығайды, юірақюаньға қатысты сол деңгейде қалды.
Қазақстанда инфляцияның өткен айдағы 16,1%-бен салыстырғанда қыркүйек айында 17,7%-ға дейін үдеуі аясында біз келесі отырыста ҚРҰБ пайыздық мөлшерлемесінің 50-75 б. т. өсуін күтеміз.
12 айда (2021 жылдың шілдесінен 2022 жылдың шілдесіне дейін) реттеуші базалық мөлшерлемені жалпы 5,5% - ға, 9,0% - дан 14,5% - ға дейін көтерді, ал базалық мөлшерлеме мен тұтынушылық инфляция мәні (нақты мөлшерлеме) арасындағы айырмашылық теріс болғанын еске саламыз.
ҚРҰБ қыркүйек айында өткен отырыста ставканы 14,5% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Тамыз және қыркүйек айларында инфляцияның 1%-дан астам үдеуін ескерсек, біз асығыс шешім қабылданды деген пікірдеміз. Ал сол кезде Ұлттық банктің елдегі "инфляцияның баяулауы" туралы мәлімдесі шындыққа жанаспайтыны байқалды.
Қазір кейбір сарапшылар теңге одан әрі әлсірей берсе, инфляция өсуіне қарамастан Ұлттық Банктің мөлшерлемесі соған сай өспесе, онда бизнес пен жеке тұлғалар ұлттық валютаға деген сенімін жоғалтып, жинақ пен ақша ағындарын долларға аударумен сипатталатын "экономиканы долларландыру" басталуы мүмкін екенін айтады. Дегенмен мұндай мәлімдемелерді сенімді түрде жариялауға әлі ерте, өйткені теңге әлемдік дағдарыс кезеңінде біршама тұрақты, ал ҚРҰБ елдегі инфляцияға ықпал ету тетіктеріне ие.
Өткен аптада Қазақстанда маңызды макроэкономикалық деректер жарияланған жоқ, бірақ жақын арада, 26 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің пайыздық мөлшерлеме бойынша отырысы өтетінін атап өткен жөн.
Жалпы, біз келесі аптада теңгенің американдық долларға қатысты бағамы 470-480 теңге шеңберінде, еуроға – 460 пен 470 теңге аралығында, Ресей рубліне – 7,40 – 7,60 теңге, юаньге – 66,00-66,90 теңге аралығында болады деп күтеміз.
Айдар Қалиасқар, Forex Club сарапшысы:
Қазақстан қор биржасында (KASE) аяқталған жұмыс аптасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 2,8 теңгеге (+0,6%), яғни 475,2 теңгеге дейін өсті. Бұл ретте көрсетілген кезең ішінде «американдық» 472-481,5 теңге аралығында тербеліс көрсетті.
KASE сауда-саттығында «ертеңгі» есеппен долларлық мәмілелердің көлемі бір апта бұрынғы 462 миллион доллардан 524 миллион долларға дейін өсті. Доллар бағамы келесі аптада 457-497 теңге аралығында болады.
Өткен аптадағы мұнай нарығы өсімге қарсылық білдірудің маңызды деңгейі – Brent сортының барреліне шамамен 100 доллар бағамына орала алмады, тек 98,75 долларға дейін өсіп, қайта біршама төмендеп, 95 долларлық аймақта қалуға тырысып бағуда. Нарық қатысушылары АҚШ Энергетика министрлігінің апталық деректерін елдегі көмірсутекті отын қорларының динамикасы бойынша бағалайды. Сонымен, бір апта ішінде мұнайдың коммерциялық қоры 9,9 миллион баррельге, дәлірек айтқанда, бірден 439,1 миллионға дейін өсті – бұл 2021 жылдың шілде айының соңынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бұл ретте елдегі мұнайдың стратегиялық резерві 1984 жылғы маусым айындағы минимум – 408,7 миллион баррельге дейін қысқарды.
АҚШ-та бір апта ішінде мұнай өндіру тәулігіне 100 мың баррельге, тәулігіне 11,9 миллион баррельге дейін төмендеді. Сондай-ақ, нарық Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) қазан айындағы есептің деректерін бағалады. Нәтижесінде нарық 2022 жылы әлемдегі мұнайға деген сұраныстың өсуін аздап төмендетіп, тәулігіне 99,6 миллион баррель көлеміндегі көрсеткішті болжап отыр, ал 2023 жылы ол 101,3 миллион баррельге дейін өседі деп күтеді. Сонымен қатар, әлемдегі мұнай мен мұнай өнімдерінің коммерциялық қоры тамыз айында шілдемен салыстырғанда 36,5 миллион баррельге, ал ЭЫДҰ елдерінде 15 миллион баррельге өсті, бірақ әлі де орташа бес жылдық көрсеткіштен төмен болып қала береді.
Сонымен қатар, Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов ОПЕК+ келісімі мұнай нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жеткілікті пәрменді құрал екенін, сондықтан республика Келісімнің қолданысын бір жылға ұзарту туралы шешімді қолдағанын айтты.
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов фискалдық ынталандыру мен сыртқы күйзелістер аясында инфляцияның жоғары деңгейі ақша-кредит саясатын одан әрі қатаңдатуды талап ететінін айтты. Елдегі жылдық инфляция 1 қазанда 17,7%-ға жетті. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті 5 қыркүйекте базалық мөлшерлемені жылдық 14,5% деңгейінде сақтап қалды. Қаржы реттеушісі ставка бойынша келесі жоспарлы шешімді 26 қазанда қабылдайды.
Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуандықов Қазақстанның ЖІӨ ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде жылдық есепте 2,8%-ға өскенін мәлімдеді. Қаңтар-тамыз айларында көрсеткіш 3,1% құрады. 2021 жылы Қазақстанның ЖІӨ 2020 жылы 2,6%-ға төмендегеннен кейін 4%-ға өсті.
Қытай валютасының бағамы бір апта ішінде 0,56 теңгеге (-0,8%) 66,54 теңгеге дейін төмендеді. Forex-тегі қытай валютасы апталық мерекелерден кейін қысым астында қалды: доллар, атап айтқанда, 2008 жылдың қаңтарынан бастап ең жоғары деңгейге жақын шамада – шамамен 7,2 юань белгісімен саудаланады. ҚХР валютасы келесі аптада бұрынғы 63,45-69,45 теңге шеңберінде өзгеретін болады.
Рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы өткен аптада 0,16 теңгеге (-2,1%) 7,52 теңгеге дейін төмендеді. Бұған Ресей валютасының аптадағы негізгі резервтік валюталарға қарсы белсенді құлдырауы ықпал етті. Келесі аптада рубль 7,05-8,05 теңгенің болжамды аралығында ауытқуы мүмкін.
Еуроның теңгеге бағамы өткен аптада 4,2 теңгеге (+0,9%) 464,1 теңгеге дейін өсті. Forex-тегі еуроның долларға қарсы тепе-теңдік деңгейіне оралу әрекеттері теңгеге еуровалютамен жұптастырылған қысымды қолдады. Еуропалық валюта келесі аптаны болжамды диапазонда өткізе алады: 443-483 теңге.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Мұнай бағалары өткен аптада 98 доллардан 92 долларға дейін төмендеді. ОПЕК-тің өндірісті қысқарту туралы шешімі нарыққа қысқа мерзімді әсер етті, ал ХВҚ-ның келесі жылы әлемдік экономиканың өсу қарқынын 2,9%-дан 2,7%-ға дейін төмендетуі рецессия алдындағы үрей тудырып, отынға деген сұранысқа күмән келтірді, оған қоса АҚШ-тағы отын қорының өсуі туралы мәліметтер де отқа май құйғандай әсер қалдырды. Сондай-ақ, Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялар және Ресей мұнайының шекті бағасын белгілеу Ресейді өз мұнайын айтарлықтай жеңілдікпен сатуға мәжбүр етеді.
Өткен аптаның соңында АҚШ доллары индексінің қайта көтерілуі дамушы елдердің валюталары мен шикізат бағаларына кері әсерін тигізеді. АҚШ-тағы инфляцияға байланысты әлемнің негізгі биржаларында қор индекстері төмендеуде, ал инвесторлардың жалпы көңіл-күйі өзгеріссіз – жақсы күндерге үміт артумен келеді. Ал Ресейдің Украинаға қарсы соғыста ядролық қаруды қолдануға дайын екендігі туралы мәлімдемелер үміт отын сөндіруде.
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсу қарқыны 2,8% - ға дейін баяулады. Оған мұнай бағасының төмендеуі және жоғары базалық мөлшерлеме әсер етті.
Келесі аптада АҚШ долларының 470-475 теңгеге дейін төмендеуін, еуроның 460-470 теңге аралығындағы тұрақтылығын, рубльдің 7,5-7,9 теңгеге дейін өсуін және юаньнің 66-66,5 теңгеге дейін түсуі күтілуде.