Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (17 желтоқсан- 21 желтоқсан).
Алдағы аптада макроэкономикалық статистика мен энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай теңге бағамын анықтайтын басты триггер болады. Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар, негізінен, аспан асты елінің жаңалықтарына ерекше мән берді. «Альпари», «ФИНАМ» және ARUM Capital сарапшылары өз болжамдарында Қытайдағы импорттың қысқаруы туралы шыққан статистиканың жағымсыз әсері мен тұтынушылардың көңіл-күйіне тоқталды. Сондай-ақ Wall Street Invest Partners және «Телетрейд Топ» сарапшылары әлемнің басқа елдерінен шыққан макроэкономикалық мәліметтерді атап кетті.
Мұнай бағасын белгілеуге қатысты барлық сарапшы пікір білдірді, бірақ та соның ішінде «Альпари» компаниясының сарапшысы ОПЕК-тің мұнай өндіруді қысқарту туралы шешім қабылдағанын ерекше атап көрсетті, сонымен қатар «ФИНАМ» КТ сарапшысы 2019 жылдың қаңтарынан бастап Саудияның АҚШ-қа қара алтынды жеткізуі айтарлықтай төмендейтіні туралы ақпаратқа мән берді.
Басқа да маңызды ақпараттарға келетін болсақ, Wall Street Invest Partners және «Телетрейд Топ» сарапшылары АҚШ ФРЖ-сының биылғы жылғы соңғы отырысы және пайыздық мөлшеременің көтерілуі мүмкін екенін атап кетті. Ал ARUM Capital сарапшысы ЕОБ-ның сандық жеңілдету бағдарламасын аяқтауға шешім қабылдағанына тоқталса, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ сарапшысы Трамп пен Путинның болмай қалған кездесуін еске салды. IFC Markets сарапшысы Ресейлік ОБ-ның негізгі мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылдағанын атап кетті.
Ел ішіндегі факторларға келер болсақ, «Альпари» компаниясындағылар Қазақстан қаржы министрлігінің елдегі банктік жүйені тұрақтандыруға бағытталған шараларды қабылдап жатқанын айтты. IFC Markets сарапшылары болса елдегі жағымды макроэкономикалық көрсеткіштер туралы айтып өтті.
Сарапшылардың толық пікірін аbctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:
Өткен аптада ОПЕК 2019 жылдың қаңтарынан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 1,2 млн баррельге дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Алайда мұнай бағасы 4 желтоқсан мен 12 желтоқсан аралығында 2%-ға төмендеп кетті, ал «мұнай» валюталары бұл жағдайға селқостық танытты. Бұған Қытайда шыққан барлық елден импорттың қысқаруы жөніндегі жағымсыз статистика әсер еткен болуы мүмкін. Әлем Қытайдың энергоресурстары импортының төмендеуі мен сәйкесінше оларға деген бағаның төмендеп кетуіне алаңдап отыр.
Қазақстанда қаржы министрлігі елдегі банктік жүйені тұрақтандыру мақсатында қабылданған шаралар туралы айтты. Жақында Қазақстанда бірнеше ірі банк жабылды, алайда мемлекет проблемалық кредиттер қоры арқылы проблемалық банктерді сауықтандыруға қатысты шаралар қабылдады. Бұл жаңалық теңге бағамын тұрақтандыруға әсер етуі мүмкін.
Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 369-373 теңге, ал теңгенің еуроға қатысты бағамы бір еуропалық валюта үшін 419-422 теңгеге дейін жетуі мүмкін деп болжап отырмыз. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы да бір рубль үшін 5,57-5,6 теңге болады деп отырмыз.
Данияр Жұмекенов , Wall Street Invest Partners сарапшысы:
Өткен аптада мұнай бағасының бүйірлік бағыттағы қозғалысы байқалды. Өткен ауқымды оқиғалардың әсер етуі бірте-бірте басылды. Жаңа оқиғалардың мұнай нарығына деген әсері онша болмады. Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 60-62 доллар шамасында болды. Сары металл нарығы тұрақты болып қала бермек. Алтын бағасына арналған шыңдық мән бір троя унициясы үшін 1251 доллардан асты. Алтынның көтерілген бағаны жоғалтып алуына АҚШ-та Федеральдық резервтік жүйенің пайыздық мөлшерлемені көтереді деуі себеп болып отыр. АҚШ долларының позициясы күшейеді деп болжануда.
Brexit-ке байланысты шиеленіс жағдайында бірыңғай еуропалық валюта америкалық валютамен бірге бұрынғыша 1,13-1,14 шамасында болды. Экономиканы қолдау арқасында ресейлік рубль тұрақты болып отыр. Ресейлік бюджеттің пайдасы мен елдің халықаралық резервтерінің өсуі рубль позициясын одан әрі күшейтіп тұр. Сондай-ақ бұған Ресей банкісінің 15 қаңтарда Ресей қаржы министрлігінің мүддесі үшін валюта сатып алуға валюта нарығына қайта оралуы туралы шешімі және Ресейге қарсы санкцияның азаймауы кедергі болуы мүмкін. Қазақстандық теңге өткен аптада тұрақты болды.
Алдағы аптада әлем бойынша экономикалық ақпараттардың үлкен көлемі шығады. Әлемдік нарықтардағы шикізат пен валюта қозғалысында құбылмалық болады деп күтіліп отыр. Бұл жағдайда нарық қатысушылары қорғаныш активтеріне мән беретін болады. АҚШ ФРЖ-сының пайыздық мөлшерлемені алдағы уақытта көтеруі туралы шешімі әлемдік нарыққа кең ауқымда әсер етеді деп болжануда.
17 желтоқсан 21 желтоқсан аралығында теңге шамалы әлсіреуі мүмкін деп күтілуде. Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 370-375 теңге болады деп болжанып отыр. Теңгенің еуропалық валютаға қатысты бағамы бір еуро үшін 419-424 теңге шамасында болады. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам 5,58-5,65 теңге болады деп күтіледі.
Олег Богданов, «Телетрейд Топ» бас сарапшысы:
Алдағы аптада барлық әлемдік нарықтар үшін басты оқиға ФРЖ-ның биылғы жылғы соңғы отырысы болмақ. Көптеген сарапшы бұл отырыста мөлшерлеме көтерілуі мүмкін деп отыр. Алайда америкалық Орталық банк мәлімдемеде мәтінінде экономика үшін туындап отырған қауіп пен мөлшерлемені көтеруде үзіліс жасауды айтады. Бұл акциялардың жаһандық нарығына біршама уақыт қолдау көрсетіп, тәуекелдерді төмендетуі мүмкін. Алайда қазіргі жағдайда инвесторлардың көңіл-күйі мәз емес. Нашар макроэкономикалық мәліметтер жағдайды одан сайын күрделендіріп отыр.
Сондықтан қазақстандық теңге үшін қазір қолайсыз жағдай туындауы мүмкін. Теңгенің қайта төмендеуі орын алуы мүмкін, әсіресе, оның долларға қатысты бағамы 357 теңгеге жетеді. Теңгенің еуромен жұбы 430 теңгеге дейін төмендейді, ал рубльге шаққандағы бағамы 5,50-5,60 шамасында қалады.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:
Қытай биржаларының жағымсыз қарқыны мен Еуроаймақтың статистикалық мәліметтерінің көңіл көншітпеуінен еуропалық қор алаңдары жұма күнгі сауданы кері аумақта аяқтады.
Немістің DAX индексі 1,1%-ға, француздың CAC40 индексі 0,93%-ға, британдық FTSE 0,84%-ға төмендеген. S&P 500 индексінің фьючерсі шамамен 0,9%-ға төмендеген.
Аспан асты елінен шыққан тұтынушылық көңіл-күй мәлеметіне қатысты мәліметтер өнеркәсіптік өндірістің өсуін баяулатты, ал қараша айында ҚХР-дағы бөлшектік сауданың өсуі соңғы 15 жылда ең баяу көрсеткіш көрсетті. Бұдан басқа, еуроаймақтағы іскери белсенділік мәліметі күткеннен нашар болып шығып, ойыншылардың көңілі одан сайын бұзды.
Бейсенбі күні Brent маркалы мұнай бағасы 2,33%-ға өсіп, сауданы 61,64 доллар шамасында жапты. Ойыншылардың көңілін көтеруге 2019 жылдың қаңтарынан бастап Саудия АҚШ-қа мұнай жеткізуді айтарлықтай төмендетуі мүмкін деген ақпарат себеп болды.
Bloomberg-тің хабарлауынша, қаңтарда әмірліктің жалпы экспорты көлемі қараша-желтоқсанадағыға қарағанда шамамен тәулігіне 7 млн баррельге дейін төмендейді.
Ірі мұнай нарығына экспортты қысқарту арқылы Эр-Рияд Штаттардағы мұнай қорын өсіруді төмендетуге тырысуда және ойыншыларға өзінің ОПЕК-тің мұнай өндіруді қысқартуға қатысты келісімі бойынша мойнына алған міндетін қатаң сақтап отырғанын көрсеткісі келеді. Алайда жұма күні Brent маркалы мұнай бағасы Қытайдан шыққан жағымсыз статистикалық мәліметтен кейін 1%-ға төмендеді.
Тап қазір Brent маркалы мұнай 61-62 доллар шамасында саудаланып жатыр, алайда жыл соңына дейін ол 58-65 доллар шамасында болуы мүмкін.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,3-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 367-371 теңге және еуроға қатысты бағамы 417-421 теңге болады деп болжап отырмыз.
Владислав Воробьёв, ARUM Capital компаниясының аға сарапшысы:
Нарықта біршама тыныштық орнаған сияқты, бұл дамушы елдер валютасына өз позицияларын сақтауға мүмкіндік береді. Алайда төмендетуші тәукелдер әлі де басым болып отыр. ЕОБ 2008 жылғы дағдарыстан кейін, экономиканың өсуіне басты драйвер болған сандық жеңілдету бағдарламасын аяқтауға шешім қабылдады. Аталған шешім нарық қатысушыларына еуроаймақтың ірі елдерінің құрылымдық мәселелері туралы тағы еске алуға әкелді. ЖІӨ-ден 130% болып отырған итальялық мемлекеттік қарыз, Франция бюджетінің тапшылығы, Brexit және тағы басқалар тәуекелді активтерге деген сұранысты арттырмасы анық, оның ішінде теңге де бар.
Тағы бір жағымсыз фактор қытайлық экономиканың баяулау қауіп. Жұма күні шыққан макроэкономикалық статистикалық мәліметте бөлшектік сауданың ең төменгі өсуі туралы мәліметтер мен өнеркәсіптік өндірістің соңғы жылдардағы өсуі келтірілген. Қытайдың мұнай ірі экспорттаушы екені жағдайды одан сайын ушықтыруда, егер оларда нақты қиындықтар туындайтын болса, отынға деген сұраныстың төмендейтінін болжай беруге болады.
ҚХР-дан шыққан жаңалық мұнай нарығына әсер етіп үлгерді, бейсенбі күні мұнай бағасының бір баррелі 62 долларға жетіп, статистикалық мәлімет шыққаннан кейін күрт төмендеп, бір баррельдің бағасы 61 долларға дейін түсті.
Осылайша тап қазір шикізат нарығының төмендеуі үшін себеп көп болып отыр. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір доллар үшін 370-375 теңге, еуро 421-426 және рубль 5,56-5,61 теңге болады деп күтілуде.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Путин мен Трамп кездесуінің болмай қалуы, әрине, инвесторлардың дегбірін қашыруға себеп болғаны анық. Бұл рубль үшін кезекті қысым деген сөз. Сонымен қатар күн санап төмендеп бара жатқан мұнай бағасы да қосымша қысым. Алдағы аптадаға рубльдің нығаюына себеп болатын жағдайды көріп отырғаным жоқ. Алдағы аптада рубль мен теңгенің біршама төмендеуі әбден мүмкін. Мұнай қазіргі шамада саудаланатын шығар.
Биткойн құбылмалы құрал болып қала бермек. менің айтарым, криптовалюта нарығынан аулақ болған жөн.
Алдағы аптада бір АҚШ доллары 66-68 рубль, бір рубль 5,4-5,6 теңге, бір доллар 370-374 теңге, бір еуро 412-425 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 61-64 доллар, биткойн 2500-3000 доллар болады деген болжам жасап отырмын.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы
Өткен аптада теңгенің америкалық және ресейлік рубльге қатысты бағамы шамалы әлсіреді. Алайда бұл тар аумақта болды, сондықтан мұны әзірге жаңа беталыстың бастауы деп қарауға болмайды. Brent маркалы мұнай бағасы да бір апта ішінде аса өзгере қойған жоқ. Тап осы жағдай қазақстандық теңгенің баяу саудалануына негізгі себеп болған шығар.Инвесторлар нарықтың нақты белгілерін күтіп отыр.
Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері бұрынша жағымды болып қалуда. 2018 жылдың қаңтар-қарашасында ЖІӨ-нің өсуі +4,1% болды. Өнеркәсіптік өндіріс +4,5%-ға және бөлшектік сауда көлемі +6,4%-ға артты.
Теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамының шамалы әлсіреуіне Ресей ОБ-сының негізгі мөлшерлемені биылғы жылы екінші рет +7,75%-ға дейін арттыруы негіз болды. Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,5-5,64 теңге, бір доллар үшін 366-374 теңге, бір еуро 414-425 теңге болады деп болжап отырмыз.