Валюта болжамы: 18 сәуір -22 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
456,000

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
18.4.2022
450-465
Forex Club
18.4.2022
455-460
SoftLink
18.4.2022
443-463
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,792

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
18.4.2022
5,45-5,85
Forex Club
18.4.2022
5,7-6,3
SoftLink
18.4.2022
5,35-6,1
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
513,167

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
18.4.2022
485
Forex Club
18.4.2022
563-568
SoftLink
18.4.2022
480-498
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
72,842

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
18.4.2022
70,75-72,50
Forex Club
18.4.2022
70,9-80,3
SoftLink
18.4.2022
69,6-73

Inbusiness.kz теңгенің доллар, еуро, юань және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (18 сәуір -22 сәуір).

 

18 сәуір -22 сәуір

 

11сәуір -15 сәуірге арналған валюта болжамы

 

 

 

Өткен аптада теңге бағамына АҚШ долларының нығаюы ықпал етті. Америкалық валюта инфляция бойынша деректердің жарияланып, пайыздық мөлшерлеме көтеріледі деген ақпардан кейін өз позициясын нығайтқан болатын. Inbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылар мұнай бағасының өсуін, Ресей Федерациясының Орталық банкінің негізгі мөлшерлемені төмендетуін, геосаяси жағдайды, оның ішінде Ресейге қарсы салынған санкцияларды атап өтті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:

18 сәуір -22 сәуір14 сәуірде аяқталған аптада мұнай бағасының өсуіне қарамастан, теңгенің барлық валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған АҚШ-тағы инфляция туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін және ФРЖ-ның мәлімдемелерінен кейін доллардың нығаюы әсер етті. Ресей Федерациясының Орталық Банкі 18 сәуірден бастап ресейліктерге доллар сатуға рұқсат берді, осындан кейін қазақстандық валюта максимумдардан төмен түсті. Сондай-ақ ресейлік реттеуші негізгі мөлшерлемені 20%-дан 17%-ға дейін түсірді. Бұл рубльдың әлсіреуіне әкеліп соқты. Ресей бюджеті үшін рубльдың нығаюы қауіпті. Себебі, Ресейдегі экспорт доллар арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанның Қаржы министрлігі Украинадағы қақтығыстан және Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалдарының зақымдануынан келген залал 300 млрд теңгеге жетуі мүмкін деп мәлімдеді. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 450-465 теңге, бір еуро 485-500 теңге, бір рубль 5,45-5,85 теңге, бір юань 70,75-72,50 теңге болады.

 

 

 

Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скауты:

18 сәуір -22 сәуірҚазақстан қор биржасындағы теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған геосаяси жағдай ықпал етуде. Салыстырмалы түрде жоғары экономикалық көрсеткіштерінің арқасында қазақстандық валюта әлсіремей тұр.Атап айтқанда, Қазақстанның ЖІӨ 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ға өсті. Сонымен қатар 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 22,7 млн тонна мұнай өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға көп. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 455-460 теңге, бір еуро 563-568 теңге, бір юань 70-80,3 теңге, бір рубль 5,7-6,3 теңге деңгейінде болады. 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, аналитик SoftLink:

18 сәуір -22 сәуірӨткен аптада теңгенің барлық валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұл техникалық түзету болуы мүмкін. Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері жоғары деңгейге жетті. 2022 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өндірісі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6%-ға өсіп, 22,7 млн тонна болды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров нақты сектордағы өсім одан да жоғары болғанын және 5,9%-ға жеткенін мәлімдеді. Наурызда инфляция салыстырмалы түрде жоғары болды, 12% -ды құрады. Алайда көрсеткіш Ұлттық Банк бекіткен мөлшерлемеден (13,5%) төмен. Премьер-министр Әлихан Смаилов үкіметке бағаның өсуін тежеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 443-463 теңге, бір еуро 480-498 теңге, бір рубль 5,35-6,1 теңге, бір юань 69,6-73 теңге болуы мүмкін.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу