Валюта болжамы: 20 қараша – 24 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (20 қараша – 24 қараша) арналған теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.

Қазақстандық валютаның бағамы қолдан реттеліп отыр. Аbctv.kz-тің дәстүрлі сауалнамасына қатысқан сарапшылардың бірнешеуі дәл осындай пікір білдірді. «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС-ның сарапшысы бұл туралы бұған дейін бірнеше мәрте мәлімдеген еді. Оның айтуынша, теңге бірқатар факторларға әсер ете алмай отыр. Сондай-ақ сарапшы қазақстандық екінші деңгейлі банктер теңгеге қарсы алып-сатарлықты ұстануда деген ойын тағы бір мәрте қайталады.

Ұлттық валютаның бағамы сыртқы факторларға әсер етпейтінін, қайта ол тек қана Ұлттық банктің әрекеттеріне қарап отырғанын TeleTrade Central Asia сарапшысы да атап өтті. Оның пікірінше, реттеуші бұдан сырт қалса, онда жалғыз ғана триггер қалмақ. Ол – энергия тасымалдаушылар нарығы. Алайда мұнай бағасы мен теңге бағамының құбылмалылығында айтарлықтай айырмашылық барына күмән келтірді.

«ФИНАМ» компаниялар тобы, «Альпари» компаниясы, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ және IFC Markets компаниясының сарапшылары бұл жағдайдағы негізгі іргетас мұнай екенін мәлімдеді. Сарапшылар 30 қарашада Венада өтетін ОПЕК отырысына айрықша көңіл аударып отыр.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Роман Ткачук, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы:

20 қараша – 24 қараша

Өткен аптада мұнай бағасында айтарлықтай құбылмалылық байқалды. Brent-тің баррелі 64 доллар деңгейін бағындырған соң, мұнай бағасы төмендеді. Бұған АҚШ-тағы мұнай қорларының өсуі және халықаралық энергетика агенттігінің 2017-2018 жылдары мұнайға деген сұраныс 100 мың баррельге төмендейді деген болжамы әсер етті. Бұл ретте әлемде «қара алтынды» өндіру артық болуы мүмкін деген қауіп бар. АҚШ-тың мұнай қорлары артып келеді. Америка мұнай институтының деректеріне сүйенсек, бұл көрсеткіш өткен аптада 6,5 млн баррельге артса, ал АҚШ энергетика министрлігінің мәліметінше, 1,9 млн баррельге өскен. Осынау қауіпке байланысты осы аптада Brent-тің бағасы бөшкесіне 61,5 долларға төмен түсті. Бұл деңгей айтарлықтай қолдау көрсетті және Brent барреліне 62 доллар деңгейіне жылдам көтерілді.

30 қарашада Венада өтетін ОПЕК-тің отырысына айрықша назар аударылмақ. Отырыс алдында түрлі тараптардан ауызша интервенциялар орын алуы ықтимал. Сондай-ақ мұнай өндіруші елдер арасында мұнай өндіруді азайту туралы келісімді одан әрі ұзарту бойынша келіссөздер жүргізілуге тиіс. Бастысы, картельдің бейресми көшбасшысы Сауд Арабиясы келісімді құптары анық. Жақында бұл ел IPO Saudi Aramco шарасын өткізеді. Ал мұнай бағасы қаншалықты жоғары болса, инвесторлар тарапынан сұраныс та артпақ. Бұдан көп пайда табуға болады. Сонымен қатар Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед ибн Салман Аль елде шығындардың ұлғаюына байланысты реформа жүргізуді жоспарлап отыр. Квотаның қысқаруын Венесуэла және Африканың бірқатар елі де қолдамақ. Ресми тұлғалардың мәлімдемелеріне қарағанда, Ресей де келісім мерзімінің ұзартылғанын құптайды. Егер ОПЕК+ келісімге келетін болса, бұл мұнай бағасы үшін сөз жоқ жағымды әсер етер еді.

Соңғы уақытта Иранның Таяу Шығысқа әсері күшейе түсті. Бұл Сауд Арабиясына ұнап отырған жоқ. Өңірдегі жағдай кез келген уақытта ушығып кетуі ықтимал. Ал мұндай жағдай мұнай бағасын ширақ қалыпта сақтайтыны белгілі.

Сондай-ақ мұнай динамикасы АҚШ-тағы барреліне 60 доллардан жоғары бағаны құрап отырған тақтатасты өндіруге байланысты. Тақтатасты мұнай өндірушілердің көбіне қазіргі баға қолайлы болып табылады. Өткен аптада АҚШ-та мұнай өндіру тәулігіне 25 мың баррельге өсті. Нарықтың қатысушылары Baker Hughes-тің белсенді бұрғылау қондырғыларының саны бойынша статистикасына ерекше көңіл бөліп отыр.

Рубль мен теңге үшін дәл қазіргі уақыттағы жалғыз ғана қолдау – мұнай бағасының жоғарылығы. Басқа жақтан қолдау күтудің қажеті жоқ. Егер Brent бағасы барреліне 60 доллар шегіне түссе, Қазақстан мен Ресей валютасы қысым астында қалмақ. Доллар/рубль валюталық жұбы 61-62 рубльге дейін көтеріледі, ал доллар/теңге жұбы 340-345 теңгені құрамақ. Бұдан төмен әлсіремейді. Ресейлік рубль 5,50-5,70 теңге шегінде саудаланбақ. 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

20 қараша – 24 қараша

Өткен сауда сессиясының қорытындысы бойынша америкалық индекстер бұған дейінгі орнына қайта оралды. Ал NASDAQ жоғары технологиялық компаниялар индексі 6793,25  шегінде бекініп, жаңа рекорд орнатты.

АҚШ конгресінің өкілдіктер палатасы салықтық реформа туралы заң жобасын бекітті. Енді құжат сенатта қаралмақ. Бұл жағдайда Трамп бастаған Ақ үйдің әкімшілігі жыл соңына дейін салық реформасы эпопеясын толық оптимизммен аяқтамақ ниетте.

Десе де, өтіп бара жатқан аптада дамушы елдердің қарыз нарығы қысымға ұшырады. Пайыздық мөлшерлеменің өсуі күтілген жағдайдағы алыпсатарлық облигацияларға байланысты өрілді. Аталған тенденция америкалық қарыз нарығын да айналып өтпеді. Бұл нарықтағы инвесторлар левереджді азайту арқылы тәуекелге жол бермеді.

30 қарашада болатын Венадағы кездесуде ОПЕК+ келісімді ұзарту қарсаңында өткен сауда сессиясындағы мұнай бағасы теріс динамика көрсетті.

ABN Amro сарапшыларының пікірінше, ұзақмерзімді перспективада ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін қысқарту жағдайында нарық соңғы бірнеше жыл ішінде салаға инвестициялардың жетіспеушілігі тапшылығына тап болады. Бұл ретте өрлеп келе жатқан Үндістан мен Қытай экономикасы 2018 жылдың соңына дейін «қара алтын» бағасын 75 доллар шегіне жеткізуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Brent-тегі жергілікті қолдау 61,15 доллар, ал базалық қолдау 60 доллар көлемінде орнығып отыр. Әлі де өсуі мүмкін. Қарсы мәндер 62 доллар және 62,90 доллар деңгейінде бекінген.

Алдағы аптада теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,6-5,8 шегінде болады деген болжам айтамыз. Ал теңгенің долларға қатысты бағамы 332-335 болмақ. Теңге-еуро жұбы – 385-391.

Әліби Нұрбаев, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС бас сарапшысы:

20 қараша – 24 қараша

Ірі ойыншылар әрдайым кіші ойыншыларды жұтып жіберуге тырысады. Яғни шопан отарға  қашанда бағыт беріп отырады. Ұлттық банк 2014 жылы теңге құнсызданғанға дейін ұлттық валюта  долларына 188 теңге жоғары шекті дәлізінен аспайтынды деп сендірген еді. Алайда біз девальвацияны өткердік. Сол уақытта қазақстандық нарық теңгеге сенім артқанымен, АҚШ доллары әлемдік нарықта шынымен де қуатты екенін түсінген жоқ. Теңгеге деген мұндай «сенім» Ұлттық банктің теңге жоғары шектен аспайды, 2014 жылдағы мұнай бағасы ел экономикасының тұрақтылығына әсер етпейді деген мәлімдемелерімен байланысты. Ұлттық банк мұнай бағасы қазірдің өзінде-ақ қатты қысым көрсетіп отырғандығын, ерте ме кеш пе ұлттық валюта екінші рет құнсызданатынын ескерткен жоқ. Ұлттық банк сендіргендей, барлық операциялардан кейін ұлттық валютаны құнсыздандыратынын халыққа білдірді.  

Девальвацияның екі түрі бар. Олар – ашық және жасырын девальвациялар. Ашық девальвация кезінде ұлттық банк ұлттық валютаның құнсызданатындығын ресми түрде мәлімдейді. Құнсызданған ақшаларды айналымнан шығарады немесе ескі ақшаны жаңасына айырбастайды. Ал жасырын девальвация жағдайында мемлекет құнсызданған ақшаларды айналымнан шығармай, ақша бірлігінің шетелдік валюталарға деген бағамының нақты құнын төмендетеді. Ережеге сәйкес, ашық девальвацияны өткізу кезінде тауар бағасы төмендейді. Ал жасырын девальвацияда керісінше тауар бағасы өседі.

Қазіргі жағдай былайша өріліп отыр: Brent сұрыпты мұнайдың бағасы барреліне 61 доллардан жоғары бағаға сатылуда, рубльдің АҚШ долларына қатысты бағамы мінез танытып, 56,70 деңгейінде сатылды, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі тұрақты өсім байқатты, Ұлттық банк тұтынушылық сұранысты ынтыландыру үшін пайыздық мөлшерлемені төмендетті, екінші деңгейлі банктер стресс-тестерден өтуде және Базель 3 құжатының жаңа стандарттарын енгізу жолында. Алайда біздің ұлттық валюта 331-345 дәлізінде сатылған еді. Әлі де сол дәлізде бекінген.

Қорытындылай келе, ұлттық валюта бағамы әлдебір мекемемен реттеліп отыр деген пікірді ұстанамын. Сондай-ақ банктер теңгеге қарсы алып-сатарлықты ұстануда деген пікір білдіремін. Алайда бұған дейін Данияр Ақышев шетелдік валютаны сатып алатын тұрғындарға олардың шығынға ұшырайтындығын ұғындырғандай болды. 

Енді ірі ойыншылардың мақсаты – кішілерді жұту дегенге оралайық. Биржалық тәжірибеде ірі ойыншының көздегені – кіші ойыншыны біржола көндіру (алдау). Қысқасы кіші ойыншылар берілуі керек. Ал мол қаржыға кенелген ірі ойыншы соңғысын жұтып тынады. Қазақстан халқы үнемдеуге мән беріп, ақшаны валютада сақтай бастады. Теңгеге деген үміт біржола үзілді десе де болады. Ешкім де девальвацияны күткен жоқ, бірақ оның орын алатынын білді. Сондай-ақ ешкім де ревальвацияның болмайтынын сеніммен айтуы мүмкін, бірақ оның болатынын да сезіп отыр. Ірі ойыншылардың қалай әрекет ететіндігін еске аларсыз.

Алдағы аптада USD/KZT валюталық жұбы - 331-337, RUB/KZT жұбы 5,55-5,67 шегінде болады деген болжам айтамыз.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

20 қараша – 24 қараша

Ресей рубліне қатысты өткен аптадағы біздің болжамымыз өзгеріссіз қалады. Яғни RUB/USD жұбы 53-60,5 рубльді, RUB/KZT жұбы 5,50-5,65 теңгені құрайды. Өткен аптада біз келтірген негативті факторлар әлі де әсер ете бермек. Сондай-ақ рубль қысқамерзімді болашақта әлсірейді. Өтіп бара жатқан аптада теңге долларға қатысты бағамын нығайтады. Мұндай жағымды сценарий мұнайдың арқасында мүмкін болып отыр. Өткен аптада сәл ғана реттелген мұнай бағасы алдағы жеті күнде өсуі мүмкін. Бұл өз кезегінде рубльге емес, теңгеге қолдау болары анық. Себебі «қара алтын» бағасының бұған дейінгі өсімі рубльді елеген жоқ. Бұл ресейлік валютаға деген қызығушылықтың төмендегенін көрсетеді. Мұнай бағасына қатысты біздің болжамымыз мынадай: Brent-тің барреліне 59-60,5 АҚШ доллары. Теңгенің долларға қатысты бағамы 330-335 теңгені құрамақ.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

20 қараша – 24 қараша

Қазақстандық валюта бағамы біртіндеп долларына 330 теңге шегіне жақындап, тар диапазонда құбылуын жалғастырды. Оның нығаюына әлемдік нарықтағы мұнай бағасы жоғарылығының тұрақты түрде сақталуы, сондай-ақ Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы әсер етті. Осы жылдың 10 айындағы ЖІӨ-нің өсімі 4%-ды құрады. Меніңше, теңгенің нығаю тенденциясы осы аптада да жалғасады. Оның болжалдық құбылу диапазоны долларына 327-337 теңгені құрауы мүмкін. Теңгенің ресей рубліне қатысты бағамы нығая бермек. Ресей экономикасы Қазақстанмен салыстырғанда қалыпты өсуді көрсетіп отыр. 2017 жылдың үшінші тоқсанында Ресей экономикасының өсімі бар-жоғы 1,8%-ды құрады. Осы аптадағы құбылу диапазоны рубліне 5,4-5,6 теңгені құрамақ.

Мырзажан Байғонысов, Gerchik&Co өңірлік серіктесінің – Bekis аға менеджері:

20 қараша – 24 қараша

Өткен аптада (13-17 қараша) теңгенің америкалық долларға қатысты бағамы 335-тен 330-ға дейін нығайды. 20-24 қараша аралығында да одан әрі нығая бермек. Атап айтқанда 300-дан 329-ға дейін нығаяды деген болжам бар. 

Теңгенің рубльге шаққандағы бағамы өткен аптада (13-17 қараша) 5,47-5,6 шегінде сақталды. 20-24 қараша аралығында нығаюын одан әрі жалғастырып, бағам 5,38-5,47 құрайды.

 

Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптау тобының жетекшісі: 

20 қараша – 24 қараша

Валюта бағамы сыртқы факторларға әсер етпей, бірақ реттеушінің бақылауында болса, ал валюта бағамының өзгерістеріне болжам жасау қиындау.

Қазақстандық теңгенің ағымдағы бағамы реттеушінің ықпалымен қалыптасатынын негізге алсақ, онда басымдықты мұнай бағасына беруге болады. Өткен аптада рекордық жоғары шекті бағындырған «қара алтын» барреліне 61 доллар шегінде қалыптасты. Бұл осы жылы мұнай үшін айтарлықтай жоғары баға болып табылады. Әрине, бұл жағдайды теңге нығаюының драйвері ретінде қарастыруға болады. Егер мұнай мен қазақстандық валютаның құбылмалылығын салыстырсақ, мұнай бәрінің бас ауруы деген күмән туындайды. 

USD/KZT жұбы өте тар диапазонда сатылуда. Өткен аптада бұл бағам долларына 332-333 теңгені құрады. Әлемдік нарықтағы құбылмалылықпен салыстырғанда, бұған қалыпты жағдай деп қарауға болады. Тіпті, рубльдің өзі теріс болса да, айтарлықтай динамика көрсетті. 

Теңгенің бағамы қазір Ұлттық банктің әрекеттеріне байланысты екенін, оның өзі әлі түсініксіз екенін ескерсек, сондай-ақ өткен аптада орын алған жағдайды қаперге алсақ, USD/KZT жұбы 330-332 диапазонында сатылады деген болжам айтамыз.   

Өткен аптада долларына 60 рубльден жоғары бекінген ресейлік валюта кезекті салық кезеңінің басталуымен ресейлік экспортерлер тарапынан қолдау көруі мүмкін. Үш фактор рубльге қарсы әсер етуде. Олар – корпорациялардың сыртқы борыштық міндеттемелерін төлеуге валютаның сұранысы,  РФ қаржы министрлігі шетел валютасын сатып алу көлемін ұлғайтуы және коммерциялық банктерде валюталық өтімділіктің жеткіліксіздігі. Соңғы факторға тоқталайық. Ресейдің орталық банкінің есебіне сүйенсек, отандық банктердің иелігіндегі валюта өтімділігінің қоры сәуір айынан бері тұрақты түрде төмендеп келеді. Қазан айында да бұл тенденция өзгеріссіз қалды. Өткен айда резидент емес банктердегі корршоттар қоры 0,6 млрд долларға (1 қарашадағы жағдай бойынша 18,6 млрд доллар), резидент емес банктер берген валюталық несиелер қалдығы 0,2 млрд долларға (27,4 млрд доллар), кепілге қойылмаған валюталық облигациялар көлемі 1,3 млрд долларға (43,3 млрд доллар) қысқарған. Өтімділік активтерінің ағымдық балансы өткен жылдың 1 қарашасындағы деңгеймен сәйкес келіп тұр. Былтыр жүйе долларлық қаржыландырудың елеулі жетіспеушілігін бастан кешті. Бұл әрине, ресей валютасына қолдау көрсете алмайды. 

Өткен аптада RUB/KZT жұбы қазақстандық валютаның пайдасына қарқынды динамика көрсетті. Осылайша, жазда тіркелген рубліне 5,51 теңге шегіне жетті. Алдағы аптада рубль 58,50-58-60 шегіне қайта оралатын болса ғана бағыт өзгеруі мүмкін. Аталған сценарий одан әрі дами берсе, бағам бір рубльге 5,60-5,70 теңге мәніне оралуы ықтимал. 

20 қараша – 24 қараша

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу