Валюта болжамы: 20 маусым -24 маусым

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
442,5

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
19.6.2022
430-450
Forex Club
19.6.2022
420-455
DAMU Capital Management
19.6.2022
435-445
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
7,74

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
19.6.2022
7,30-8,00
Forex Club
19.6.2022
7,5-8,4
DAMU Capital Management
19.6.2022
7,5-7,7
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
463,3

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
19.6.2022
455-465
Forex Club
19.6.2022
450-480
DAMU Capital Management
19.6.2022
460-470
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
62,25

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
19.6.2022
63-66
Forex Club
19.6.2022
65-69
DAMU Capital Management
19.6.2022
55-55,5

Inbusiness.kz теңгенің доллар, еуро, юань және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (20-24 маусым)

20 маусым -24 маусымInbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылардың пікірінше, теңге бағамы тағы да әлсірейді. Қазақстан валютасына сыртқы нарықтағы жағдай әсер етеді. АҚШ ФРЖ шешімінің аясында теңгенің долларға қатысты бағамы бір апта ішінде соңғы 1,5 айдағы ең төменгі деңгейге дейін түсіп кетті. ФРЖ-ның ставканы көтеруіне инфляцияның 8,6%-ға жетуі себеп болды. Салдарынан АҚШ долларының индексі өсіп, оның бірқатар валютаға қатысты бағамы нығайды. Ресей валютасы қазір нығаюда, алдағы уақытта осы динамика сақталмақ. Brent сұрыпты мұнай бағасы 115-120 доллар шамасында. Егер рецессия қаупі төнсе, шикізат арзандауы мүмкін. Бұның қазақстандық және ресейлік валюталарға теріс әсер ететіні анық.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, "Альпари" аға сарапшысы:
20 маусым -24 маусымБір апта ішінде теңге бағамының әлсіреу қарқыны айтарлықтай жылдамдады. АҚШ доллары сауда күндерінде 1,7%-ға нығайды. Теңге бағамы 2022 жылдың 28 сәуіріндегі деңгейге жетті. Іс жүзінде қазір теңге бағамы 1,5 айдағы минимумда. Инвесторлар Қазақстан валютасының тепе-теңдік бағамын іздеуде.

Ұлттық банк интервенция жасады. Реттеуші ұлттық валюта бағамының тым қатты нығаюы оған ұнамайтынын білдірді. Мұнай факторы бірқалыпты: Brent баррелінің 119 долларға саудалануы оң әсерін беріп жатқан сияқты.

Доллардың нығаюы теңге бағамына ықпал етуде. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 430-450 теңге, бір еуро 445-465 теңге, бір рубль 7,30-8,00 теңге, бір юань 63-66 теңге шамасында болады. 

 

 

Андрей Потавин,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:
20 маусым -24 маусым17 маусымда аяқталған аптада теңгенің долларға қатысты бағамы 3%-ға әлсіреп, 448,25 доллар болды. Теңгенің рубльға қатысты бағамының әлсіреуі шамамен 2,8%-ды құрады. Бір апта бұрын Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Осы жылдың басынан бері Қазақстанның Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 3 мәрте көтерді. Реттеуші ел экономикасының өсімі 2,8-3,8% деңгейінде болады деп топшылап отыр. 

Геосаяси дағдарыс, сыртқы сұраныстың әлсіреуі және жеткізілімдер тізбегін қайта құру Қазақстан экономикасының өсу қарқынының жеделдеуін тежейді.15 маусымда ФРЖ мөлшерлемені 0,75 пайыздық тармаққа көтерді. Дж. Пауэлл көрсеткішті тағы да 0,75 тармаққа  көтеру" норма" болмайтынын мәлім етті. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 440-455 теңге, бір рубль 7,5-8,0 теңге шамасында өзгеруі мүмкін. 

 

 

Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скаут:
20 маусым -24 маусымҚазақстан қор биржасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 446 теңгеге дейін өсті. Форекстегі "қорғаныс" долларының нығаюына АҚШ ФРЖ-ның базалық есептік мөлшерлеме бойынша шешімі себеп болды. Америкалық қаржы реттеушісі базалық пайыздық мөлшерлемені 0,75 пайыздық тармаққа көтерді, қазіргі деңгейі – 1,5-1,75%.

Brent баррелінің бағасы122 доллардан 115,6 долларға дейін арзандап, кейін  120 долларға саудалана бастады. Алайда шикізат бағасының құбылмалылығы қазақстандық валюта бағамының серпіні үшін теріс әсерін тигізді. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір еуро 450-480 теңге, бір рубль 7,5-8,4 теңге, бір юань 65-69 теңге шамасында болады.

 

Мұрат Қастаев, DAMU Capital Management ЖШС Бас директоры:
20 маусым -24 маусымӨткен аптаның негізгі оқиғасы – ФРЖ мөлшерлемесінің бірден 75 базистік пунктке артып, 1,5-1,75%-ға дейін көтерілуі болды. Бұған АҚШ-тағы инфляция себеп болды, көрсеткіш 8,6%-ға жетті. Нәтижесінде АҚШ долларының индексі өсіп, оның көптеген негізгі әлемдік валюталарға қатысты бағамы нығая түсті.

Brent сұрыпты мұнай бағасы 115-120 доллары шамасында. Шикізаттың қымбаттауына әсер етіп отырған негізгі факторлар: ресейлік мұнайға қарсы салынған еуропалық эмбарго, Қытайдағы індеттің бәсеңдеуі және АҚШ-та шикізатқа деген сұраныстың артуы.

Егер АҚШ президенті Джо Байденнің Сауд Арабиясына сапары кезінде ОПЕК елдерінің мұнай өндіру көлемін ұлғайту туралы келісімге қол жеткізілсе, мұнай бағасы төмендеуі мүмкін. Ресей Федерациясының Орталық банк негізгі мөлшерлемені 11%-дан 9,5%-ға дейін төмендетті.