Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (22 қазан – 26 қазан).
Энергия тасымалдаушылар нарығындағы тұрақсыз жағдай теңге бағамына айтарлықтай әсер етуін жалғастырады. Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар осындай пікір айтып отыр. Мұнай бағасының құбылмалығын «Альпари», Wall Street Invest Partners, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, ARUM Capital және «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшылары атап өтті. Алдағы аптада қара алтынның бір баррелінің бағасына АҚШ-тағы коммерциялық қор бойынша статистика, сондай-ақ саудиялық журналистің өліміне байланысты АҚШ пен Саудия арасындағы қарым-қатынас әсер ететін болады.
Бұған қоса, сарапшылар АҚШ ФРЖ-сының қатаң монетарлық саясатын (Wall Street Invest Partners, «Телетрейд топ»), Қытай экономикасының өсу қарқынының айтарлықтай төмендеуін (Wall Street Invest Partners, «Телетрейд Топ», «ФИНАМ» КТ), америкалық қазынашылық облигациялардың кірісінің артуын («Телетрейд топ»), сондай-ақ болуы мүмкін экономикалық дағдарыс туралы болжамдардың жаңа толқынын (ARUM Capital) тілге тиек етті. Сыртқы факторлармен қатар Wall Street Invest Partners және «Телетрейд Топ» сарапшылары Қазақстанда Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 25 базистік көрсеткішке 9,25%-ға дейін көтеру шешіміне тоқталды. «Альпари» компаниясы Қазақстан үшін қолайлы макроэкономикалық көрсеткіштерді еске салды.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:
Алдағы аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір доллар үшін 365-370 теңге шамасында, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,6-5,62 теңге болады деп болжап отырмыз. Мұнайдың бір баррелі 77 долларға дейін арзандауы мүмкін, бірақ бұл деңгейде айтарлықтай мықты қолдау болады, сондықтан қысқамерзімді кезеңде Brent маркалы мұнай бағасы осы деңгейге жетеді деп ойламаймыз. Көп нәрсе сәрсенбі күні шығатын АҚШ-тағы мұнайдың коммерциялық қоры бойынша мәліметтерге байланысты болады. Егер қор тағы күрт өсіп кететін болса, онда мұнай бағасының бір бареллі 77 долларға дейін түседі. Мұнай бағасының арзандауымен бірге теңге де арзандайды. Алайда Қазақстан үшін макроэкономикалық көрсеткіштер әзірге қолайлы, сондықтан бұл мұнай бағасына байланысты теңге бағамының айтарлықтай түсіп кетуіне кедергі болады.
Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners сарапшысы:
Өткен апта АҚШ-тың басты таяушығыстық одақтасы – Саудиямен арадағы қарым-қатынасына аяқ астынан сызат түсумен есте қалды. Washington Post-та жұмыс істеген саудиялық журналист Жамал Хашукджидің қайғылы қазасынан кейін АҚШ саудиялықтарға қатысты санкция қоямыз деп отыр. АҚШ-тағы мұнай қорын арттыру туралы мәліметтердің шығуы мұнай бағасын одан әрі төмендетуге әкелді. Америкалық қор нарығындағы индекстердің жақында құлдырағанынан кейін, кері серпіліске талпынысы табыс әкелмеді. Қытай экономикасының өсуі үшінші тоқсанда 6,5% болды. Бұл 2009 жылдан бергі ең аз шама.
Алдағы аптада мұнай бағасына мұнай қоры бойынша шығатын апта сайынғы мәліметтердің әсерінен басқа, саудия журналисінің өліміне қатысты жалғасатын жанжал әсер етуі мүмкін. 23-25 қазанда Эр-Риядеде өтетін Future Investment Initiative форумында әлемдік қауымдастықтың реакциясы табысты немесе сәтсіздікті көрсетеді. Ірі америкалық және еуропалық банктер мен компаниялардың басшылары, сондай-ақ АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин бұл форумға қатысудан бас тартты. АҚШ Конгресінің өкілдері Саудиямен қару-жарақ келісімін және дипломатиялық қарым-қатынасты тоқтататынын айтуда. Мұнай жеткізуге қатысты қандай да бір санкциялар жайы сөз болып отырған жоқ, бірақ геосаяси жағдайдың шиеленісуі тұрақсыз жағдайды ушықтырып отыр.
Жағымсыз жаңалықтар салдарынан нарықтағы баға құбылмалығы жоғары болатыны сөзсіз. Оқиға жағымсыз дамитын болса, онда америкалық долларға қысым болады. Жалпы доллар ұстанымы бұрынғыша мықты, өйткені ФРЖ хаттамасы АҚШ экономикасының өскенін және мөлшерлеме одан әрі көтерілуі мүмкін екенін көрсетіп отыр. Еуроаймақта кезекті нұсқасын Брюссель бұғаттап тастаған итальялық бюджет айналасындағы даурығу әлі басылар емес. ЕО экономикасының көлемі бойынша үшінші орында тұрған елдің проблемасы еуропалық валюталар бағасын белгілеуде қосымша қысым болды.
Төменгі деңгейде тұрған Ресейлік тұтынушылық тұрақтылығы индексі өткен тоқсанда әлсіреуді жалғастырды. Үшінші тоқсанда ЖІӨ-нің өсу қарқынының төмендеуінен бұл ресейлік рубльдің әлсіреуіне әсер етуі мүмкін.
Теңгеге Ұлттық банктің базалық мөлшерлемеге қатысты шешімі қолдау болуын жалғастырады. Осыған байланысты сыртқы қысымға қарамастан, теңгенің доллар мен рубльге қатысты бағамы тұрақты болады деп болжап отырмыз.
22 қазан мен 26 қазан аралығында теңгенің долларға қатысты болжамды бағамы бір доллар үшін 362-372 теңге, ал теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,5-5,6 теңге ауқымында болады.
Олег Богданов, «Телетрейд Топ» бас сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық теңге бағамын ұстап тұруға Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 25 базистік көрсеткішке 9,25%-ға дейін көтеру шешімі себеп болғаны сөзсіз. Теңге америкалық доллардан екі пайызға жоғары болды. Алайда аптаның соңына қарай қазақстандық валютаның динамикасы нашарлай бастады. Жаһандық факторлар өз дегенін жасады.
Бірінші кезекте, әңгіме америкалық қазынашылық облигациялардың кірістілігін арттыру жайында болып отыр. Соңғы ФРЖ отырысының хаттамасын жариялағаннан кейін, ФРЖ басшылығының басым көпшілігі қатаң монетарлық саясатты қолдайтыны және АҚШ-тағы мөлшерлемені қайта қаржыландыру артатыны белгілі болды. Осыдан кейін доллардың барлық валюталарға қатысты бағамы өсіп, акциялардың әлемдік нарығында төмендеу қайта басталды.
Теңге үшін тағы бір жағымсыз элемент – бұл Қытайдағы экономикалық өсу қарқынының баяулауы. Соңғы мәліметтер Қытайдағы ЖІӨ-нің өсу қарқыны үшінші тоқсанда 6,5%-ға дейін төмендегенін көрсетті. Сондықтан теңгенің долларға қатысты бағамы бастапқыда 370 теңге деңгейіне қайтып келеді де, содан кейін 375 теңге шамасына көтеріледі. Еуроға қатысты айтар болсақ, келесі аптада еуроның теңгемен арадағы бағамы 430 теңге шамасында болады, ал рубльге қатысты бағамы бірте-бірте төмендеп 5,6 теңге деңгейіне дейін жетеді.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Ресейдің орталық банк басшысы реттеуші қажет болған жағдайда валюта нарығына және Федеральдық облигациялар займы нарығына шығуға дайын екенін мәлім етті. Оған қоса өткен аптада Ресей қаржы министрлігі өзінің облигацияларын сатуға қатысты аукционды табысты өткізді. Осының барлығы рубльге қолдау болды. Құбылмалық, яғни рубль мен теңге бағамына қатысты дүрбелең басылды. Алдағы уақытта екі валютаның да бағамы қазіргі баға ауқымына жақын шамада саудаланатын болады, сонымен қатар рубль мен теңге шамалы нығаюы мүмкін.
Келер аптада мұнай бағасы өсуі мүмкін, бұл да теңге мен рубль бағамы үшін қолдау болады.
Биткойнға қатысты пікірім онша емес. Баға түседі деп ойлаймын. Биткойнға қатысты даурықпа әңгіменің барлығы басылды, сонымен бірге алыпсатарлық өсуде төмендеді.
Келесі аптада доллар 360-375 теңге, рубль 5,4-5,6 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 77-82 доллар, бір биткоин 5000 -6500 АҚШ доллары болады деп ойлаймын.
Константин Жуковский, ARUM Capital компаниясының даму жөніндегі директоры:
Таяу аптада теңге жағымсыз болжамдар әсерінен мұнайдың жаппай күрт сатылуы мен болмай қалмайтын дағдарыс туралы болжамдардың жаңа толқынынан тәуекелді активтерден қашу сияқты екі фактордың салдарынан қысым астында қалуы мүмкін. ХВҚ жақында 2018 және 2019 жылдары әлемдік экономиканың өсуі 3,9%-дан 3,7%-ға дейін төмендейтіні туралы болжамды жариялады. Барлығы жанжалға негізгі қатысушыларға ғана елеулі соққы беріп қоймайтын сауда соғысының әсерінен болып отыр. Нақты осы драйвер кейбір елдердің рецессияға көшуіне ұрындыруы мүмкін, ал ол тәуекелді активтерден кетуге әкеледі. Әзірге нарықта осындай жағдай басым, теңге қысым астында болуы мүмкін.
Екінші әсер етуші фактор соңғы уақытта айтарлықтай төмендеуді көрсеткен мұнай болуы мүмкін. Brent маркалы мұнай бағасынің бір баррелі 80 доллардан төмендеп кетті. Сонымен қатар таяу күндері ОПЕК есебі картелдің 2019 жылы «қара алтынға» сұранысы бойынша қауіпі бар екенін нақтылады. Осылайша, USD/KZT жұбы бойынша өсу болып, бір доллар 368-371 теңге шамасында саудалануы мүмкін деп болжап отырмыз. RUB/KZT жұбы болса ұқсас факторлар әсерінен бір рубль үшін 5,53-5,52 теңге шамасында болып, шамалы құбылуды көрсетуі мүмкін.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:
Кеше нарықтар алдағы күндердегі төмендеуді шамалы ғана тоқтатты, содан кейін тағы түсе бастады. Бұл ретте америкалық эмитенттердің есептілігінің жақсы болғанына қарамастан, едәуір төмендеу болды. Шыққан статистика күткеннен де нашар болды, ал итальялық және испандық қарызға байланысты проблеманың даму қаупі инвесторлардың көңілін одан сайын түсіріп жіберді. Нәтижесінде жақында британдық FTSE100 бір күнде 0,39% жоғалтып, 7027 көрсеткішті көрсетті, ал фрацуздың САС40 индексі 0,55%-ға төмендеп, 5117 көрсеткіш деңгейіне дейін түсті, немістің DAX-ы 11589 көрсеткішке түсіп, 1,07%-ға төмендеген.
Америкалық нарықтар жайлы айтар болсқа, онда олар, шын мәнісінде, жергілікті корпорациялардың есептеріне мән бермейтін болған. Трамптың салық реформасы компаниялардың басым бөлігіне жақсы қаржылық нәтиже көрсетуге мүмкіндік беруде. Теңіздің арғы бетіндегілер қазіргі есептілікке қатысты жоғары база бір жылдан кейін кезекті есепте жағымсыз көрініс табатынын білетін шығар деп ойлаймын. Әзірге барлығы тамаша. Тек биржадаға жағдай ғана жақсы емес. Сәрсенбі күні болған қысқа түзету америкалық сауда алаңдарындағы үздіксіз өсуге сенетіндерді тек жаңылыстырды. Жаман емес статистикаға қатысты төмендеу бірбеткейлерге қатты қайта сатып алынған нарықтар қысқамерзімді және бір күндік түзетумен емес, нақты түзетуді қажет ететінін түсіндіруге тиіс. Тіпті егер бүгін демалыстар алдында кері серпілістің бар екенін көрсек те, оған дәмленудің қажеті жоқ. Кеше америкалық сауда алаңдары нашар көрсеткішпен жабылды. DJIA сесси соңында 25379 к. (-1,27%), S&P500 2769 к. (-1,44%), ал NASD COMP – 7485 к. (-2,06%) көрсетті.
Бірнеше күн қатарынан төмендеген мұнай бағасы бір барелль үшін 79 және 80,5 доллар арасындағы бағада нығайды. Жағымды сияқты ашық жағымсыз жаңалықтар байқалмайды. Мәскеу уақытымен 16,40-та BRENT маркалы мұнай бағасынің бір баррелі 80,31 доллар, ал жеңіл техастық мұнай 69,31 доллар болды.
Бүгін тәңертең Қытай бірқатар маңызды макроэкономикалық параметрлер бойынша есеп беріп үлгерді. Елдің ЖІӨ-сінің өсу қарқыны үшінші тоқсанда бір жыл бұрынғы 6,7%-дан 6,5%-ға дейін төмендегенін көрсетті, ал сарапшылар 6,6% болады деп ойлаған еді. Бір ай ішінде қытайлық экономика сарапшылар ескерткендей 1,6%-ға ұлғайды. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсу қарқыны 6,1%-дан 5,8%-ға түсті. Нарықтар төмендеу 6,0%-ға дейін болады деп ойлаған. Алайда жұмыссыздық деңгейі 5,0%-дан 4,9%-ға төмендеді, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,3%-дан 5,4%-ға дейін өсіт, мұны сарапшылар күтпеген болатын. ,
Сыртқы экономикалық жағдай қалыпты. Вашингтонның Иран, Солтүстік Корей және Ресейге қатысты санкциясы соңғы кезде басылып өалды. Ал америкалық сенат өкілдері палатасының каникулға кетуі жақын арада жаңа қиындық туындау қаупі жоқ екенін көрсетеді. Сондықтан алдағы аптадағы басты тақырып қор нарықтарының динамикасы мен валютаның жағдайына әсер ететін корпоративтік есептілік маусымы болмақ.
Келесі аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,51-5,62 теңге, долларға қатысты бағамы 363,5 -368,5 теңге және еуроға қатысты бағамы 423,4 теңге болады деп болжап отырмыз.