Валюта болжамы: 22-26 тамыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
479,2

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
20.8.2022
475 – 478
ГК «ФИНАМ»
20.8.2022
472 – 480
Forex Club
20.8.2022
460 – 510
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
7,9

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
20.8.2022
7,50 – 8,10
ГК «ФИНАМ»
20.8.2022
7,85 – 8,25
Forex Club
20.8.2022
7,5 – 8,4
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
485,5

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
20.8.2022
480 – 500
ГК «ФИНАМ»
20.8.2022
475 – 488
Forex Club
20.8.2022
465 – 505
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
69,78

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
20.8.2022
68 – 72
ГК «ФИНАМ»
20.8.2022
69,90 – 70,80
Forex Club
20.8.2022
66 – 72

Inbusiness.kz сайтында болжамдары жарияланған сарапшылардың айтуынша, теңгенің долларға қатысты бағамы тұрақталып, қазақстандық валютаның еуро мен юаньға қатысты бағамы нығайды және рубльға қатыстысы әлсіреді.

22-26 тамыз

 

15-19 тамызға арналған валюта болжамы

 

 

Өткен аптада доллар индексі қайтадан көтеріліп, бір айлық максимумға дейін жетті, өйткені АҚШ ФРЖ өкілдері мөлшерлемені көтеру қажет екенін айтқан болатын. Еуро бағамы АҚШ-тың аймақтық ФРБ басшыларының мәлімдемесінен кейін, сондай-ақ Ресеймен арадағы "энергетикалық соғыс" аясында төмендеді. Сарапшылардың пікірінше, рубльдің нығаюы ішкі факторларға байланысты.

Олар Қазақстандық бюджетке түсетін салық түсімдерінің артқанын атап өтті. Қазақстан Ресей үлесінің бір бөлігін сатып алу арқылы Еуразиялық даму банкінің бақылаушы акционері болу мүмкіндігіне қатысты белгісіздік орын алып отыр.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, "Альпари" аға сарапшысы:

22-26 тамыз Тамыздың басында KASE валюталық секциясында айтарлық өзгеріс болады деп айта алмаймын. ҚР-да іскерлік белсенділік демалыс маусымына байланысты аз болып отыр. Халық тамыз айының соңына қарай біртіндеп жұмысқа және сауда-саттыққа кірісе бастайды, ал толыққанды белсенділік қыркүйектің ортасына қарай орнайды.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 475-478 теңге, бір еуро 480-500 теңге, бір рубль 7,50-8,10 теңге, бір юань 68-72 теңге шамасында болады.

 

 

 

Андрей Маслов, "ФИНАМ" КТ сарапшысы:

22-26 тамыз 19 тамызда аяқталған жұмыс аптасының нәтижелері бойынша, қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамы шамамен алдыңғы деңгейде саудаланды, рубльға шаққандағы бағамы әлсіреп,  еуро мен юаньға қатысты бағамы нығайды. Апта басында валюта нарығындағы үш аптаға созыл тоқырау тренді сақталды. Бейсенбіде доллар индексі бір айлық максимумға дейін өсті, өйткені ФРЖ өкілдері тарифтерді одан әрі көтеру қажеттілігін мәлімдеді. ФРЖ-нің бірқатар шенеунігі жоғары инфляцияны бақылау үшін қарыз алу құнын арттыруды жалғастыру керек деп айтты.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 472-480 теңге, бір еуро 475-488 теңге, бір рубль 7,85-8,25 теңге, бір юань 69,90-70,80 теңге теңге шамасында өзгеруі мүмкін.

 

Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скаут:

22-26 тамыз

Қазақстан қор биржасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 476,55 теңгеге дейін төмендеді. Доллар 475-477, 5 теңге диапазонында өзгерді. KASE-дегі долларлық мәмілелердің көлемі бір апта ішінде 470 миллион долларға дейін өсті. Мұнай нарығы бір аптада ақпаннан бергі минимумды жаңартты (91,5 доллар), содан кейін 95 долларға дейін көтерілді. Нарық ойыншылары АҚШ Энергетика министрлігінің көмірсутек отыны туралы деректерін бағалауда. Атап айтқанда, елдегі коммерциялық мұнай қоры (стратегиялық резервті қоспағанда) өткен аптада сәуірден бері 425 миллион баррельге дейін құлдырады. Бұл ретте бензинге деген сұраныс жылдық максимумға дейін көтерілді. Сонымен қатар ОПЕК-тің жаңа бас хатшысы Хайтам аль-Гайс бос өндіріс орындары азайып бара жатқанын, биыл әлемдік мұнайға деген сұраныс өсетінін айтты.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір еуро 460-510 теңге, бір рубль 7,5-8,4 теңге, бір юань  66-72 теңге, бір доллар 465-505 теңге шамасында болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу