Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
21.12.2019 |
382-384 |
ГК «ФИНАМ»
21.12.2019 |
384-388 |
Евразийский Капитал
21.12.2019 |
381-384 |
Forex Club
21.12.2019 |
380,5-382,5 |
DAMU Capital Management
21.12.2019 |
383-385 |
Астана-Инвест
21.12.2019 |
381-385 |
IFC Markets
21.12.2019 |
380-386 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
21.12.2019 |
6,12-6,16 |
ГК «ФИНАМ»
21.12.2019 |
5,95-6,2 |
Евразийский Капитал
21.12.2019 |
6,11-6,20 |
Forex Club
21.12.2019 |
6-6,2 |
DAMU Capital Management
21.12.2019 |
6-6,10 |
Астана-Инвест
21.12.2019 |
6,05-6,15 |
IFC Markets
21.12.2019 |
6,12-6,22 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
21.12.2019 |
427-429 |
ГК «ФИНАМ»
21.12.2019 |
425-429 |
Евразийский Капитал
21.12.2019 |
425,0-429,0 |
Forex Club
21.12.2019 |
424-426 |
DAMU Capital Management
21.12.2019 |
422-425 |
Астана-Инвест
21.12.2019 |
422-429 |
IFC Markets
21.12.2019 |
421-431 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
21.12.2019 |
54-55 |
ГК «ФИНАМ»
21.12.2019 |
54,50-55,50 |
Евразийский Капитал
21.12.2019 |
54,5-55,2 |
Forex Club
21.12.2019 |
53,5-54,5 |
DAMU Capital Management
21.12.2019 |
54,5-55 |
Астана-Инвест
21.12.2019 |
54,5-55,5 |
IFC Markets
21.12.2019 |
54,3-55,3 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (23 желтоқсан - 27 желтоқсан).
16 желтоқсан - 20 желтоқсанға арналған валюта болжамы
Вашингтон мен Бейжіңнің арасындағы сауда келісімінің бірінші құжатына қол қоюы мен оның салдарынан мұнай бағасының көтерілуі теңге бағамына тікелей әсер етуде. Сондай-ақ бұл факторлар рубль бағамына да айтарлықтай ықпал етті. Бұл жолы да сарапшылар инвесторлардың нарықтағы қатерлерге қатысты пікірлері мен батыстық нарықтағы ахуалға тоқталды. Ал ішкі факторлардың қатарында ҚР Ұлттық банкінің валюталық интервенциялары және халықтың шетелдік валюталарға деген сұранысының жоғары болуы бар.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» аналитигі:
Теңге бағамына әдеттегідей мұнай нарығындағы жағдай мен инвесторлардың нарықтағы жағдайға қатысты ұстанымдары әсер етпек. Жыл соңына дейін нарықтың белсенділігі азая түспек. Бұған себеп: католиктердің мейрамы – Рождество. Тек қаңтар айының ортасына қарай нарықта айтарлықтай белсенділік байқалатын болады.
Келесі аптаға болжамым: доллар 382-384 теңге, еуро 427-429 теңге, рубль 6,12-6,16 теңге, юань 54-55 теңге болады деп ойлаймын.
Айдар Қалиаскар, Forex Club қаржы скауты:
Жұма күні теңгенің долларға, юаньға және еуроға қатысты бағамы өскенімен, рубльге қатысты бағамы мұндай көрсеткішке ие болмады.
ҚР президенті Ұлттық банкке 1 қаңтардан бастап ай сайын және әр тоқсан сайын валюта айырбастау туралы ақпаратты ашық түрде жариялауды тапсырды. Сонымен қатар валюта айырбастау бағамының кестесі жарияланып, қаржы-несиелік саясатының стратегиясы қабылданатын болды. Айта кететін тағы бір жайт, Bank of America қолайлы экономикалық жағдай туған кезде теңгені сатып алуға кеңес берді.
Қазақстандық валютаның нығаюына әлемдік қара алтын бағасының көтерілуі серпін беруде. Шикізат құны қыркүйек айынан бергі ең жоғарғы деңгейге жетті. Осылай жалғасуы мүмкін. Өйткені инвесторлар Қытай мен АҚШ-тың сауда келісіміне келуін тағатсыздана күтіп отыр.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада АҚШ доллары 380,5-382,5 теңге, еуро 424-426 теңге, рубль 6-6,2 теңге, юань 53,5-54,5 теңге болады.
Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:
Бейсенбі күні америкалық биржа алаңдары өсім көрсетті. S&P индексі 0,45%-ға өсіп, 3205,37 пунктке жетті. Dow Jones индексі 0,49%-ға, NASDAQ 0,67%-ға көтерілді. АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 11 базистік пунктке артып, 1,91% болды. Ал Германияның 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі -0,24%-ға жетті.
Индекстердің көтерілуіне Вашингтон мен Бейжіңнің сауда келісімінің бірінші кезеңіне қатысты ортақ мәмілеге келуі түрткі болды. Бұған дейін Доальд Трамп сауда келісімінің екінші кезеңіне дайындалып жатқанын мәлім еткен болатын.
Сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 0,6%-ға көтеріліп, баррелі 66,58 долларға дейін жетті. Кей сарапшылырдың пікірінше, бұл көрсеткіш 67 долларға дейін өсуі мүмкін.
Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 384-388 теңге, еуро 425-429 теңге, рубль 5,95-6,2 теңге, юань 54,50-55,50 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Өткен аптада мұнай бағасы сәл көтерілді. Шетелдік басылымдар әлемдік экономиканың өсімі жақсарып келеді деген ақпарат жариялауда. Бұл ретте рубль бағамы нығайды. Осы фактор теңгенің нығаюына да оң әсерін тигізді. Осы аптада бір доллар 383,1 теңге болды. Дегенмен Ұлттық банк теңгенің долларға қатысты бағамын бақылауда ұстап, оның әрі қарай нығаюына жол бермей тұрғандай әсер қалдырды. Келесі аптада әлемдік нарықта сауда көлемі азайып, құбылмалылық байқалуы мүмкін. Өйкені Батыс елдері Рождество мейрамын тойлап, биржалардың басым бөлігі жабылады.
Қазақстан келесі сауда аптасы мейрамдарға байланысты қысқа болады. Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 383-385 теңге, бір еуро 422-425 теңге, бір рубль 6-6,10 теңге, бір юань 54,5-55 теңге болады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық анализ бөлімінің басшысы:
Жұма күні теңгенің долларға қатысты бағамы 1,93 теңгеге нығайып, 382,84 теңге болды. Мүмкін, Ұлттық банк валюталық интервенция жасаған шығар. Дегенмен ұлттық валюта бағамының күндізгі сессияда 383,04 жетуі долларға деген сұраныстың әлі де жоғары екенін көрсетеді. Теңгенің әлі де нығаюына бірнеше себеп бар. Бірақ халықтың сұранысына байланысты теңге бағамы әзірге айтарлықтай күшейе алмай отыр.
Келесі аптада АҚШ доллары 381-383 теңге, еуро 422-435 теңге, рубль 6,05-6,15 теңге, юань 54,0-55,0 теңге болады.
Әли Сағындықов, «Евразийский капитал» АҚ аналитигі:
Теңгеге мұнай құнының артуы мен рубль бағамының нығаюы ықпал етіп отыр. Ресейлік валютаның нығаюына салықтық кезең түрткі. Теңге мен рубль келесі аптада да нығаюы мүмкін. Өйткені америкалық мұнай қоры туралы ақпарат әдеттегідей сәрсенбіде емес, жұма күні шығады. Сондықтан бұл фактор алдағы аптада валюта нарығына айтарлықтай әсер ете қоймайды.
Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 381-384 теңге, бір еуро 425,0-429,0 теңге, бір рубль 6,11-6,20 теңге, бір юань 54,5-55,2 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:
Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Өйткені шикізат бағасы өсіп, Қытай мен АҚШ тараптары сауда келісімінің келесі кезеңіне дайындалуда. Қазақстандық экономиканың өсу қарқыны жақсы. Премьер-министрі Асқар Маминнің мәлімдеуінше, 2019 жылы ЖІӨ өсімі 4,4 пайызға өсуі мүмкін. Ұлттық банк болса, экономикалық өсімге қатысты болжамын 3,8%-дан 4,2%-ға көтерді. Дүниежүзілік банктің болжамы- 4%.
Келесі аптада АҚШ доллары 380-386 теңге, еуро 421-431 теңге, рубль 6,12-6,22 теңге, юань 54,4-55,3 теңге болады.