Валюта болжамы: 24 мамыр – 28 мамыр

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
427,625

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
23.5.2021
427-430
Forex Club
23.5.2021
426-428
SoftLink
23.5.2021
424-433
DAMU Capital Management
23.5.2021
425-428
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,755

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
23.5.2021
5,75-5,85
Forex Club
23.5.2021
5,5-5,8
SoftLink
23.5.2021
5,72-5,87
DAMU Capital Management
23.5.2021
5,75-5,80
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
518,500

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
23.5.2021
518-520
Forex Club
23.5.2021
517-519
SoftLink
23.5.2021
512-527
DAMU Capital Management
23.5.2021
515-520
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
66,601

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
23.5.2021
66-68
Forex Club
23.5.2021
66,4-66,7
SoftLink
23.5.2021
66-66,81
DAMU Capital Management
23.5.2021
66,3-66,6

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (24 мамыр – 28 мамыр).

24 мамыр – 28 мамыр

 

 

 

 

Өткен аптада мұнай бағасына бірнеше фактор кері әсерін тигізді. Сарапшылардың айтуынша, Иран мен АҚШ арасындағы Иранға қарсы санцияларды алып тастауы туралы келіссөздердің жүргізілуі нарыққа ықпал етті. Әлемдің нарықта ауыл шаруашылығы өнімдері, түрлі түсті және қара металдардың құны арзандады.

Сарпшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

24 мамыр – 28 мамыр

Мамырдың үшінші аптасында теңге бағамы айтарлықтай әлсіреді. Мұнай бағасы да оған оң ықпалын тигізе қоймады, өйткені нарықтағы жағдай қазір тұрақсыз. Инвесторлардың қатерлерге деген ұстанымы да қылыпты емес.Алдағы уақытта теңгеге мұнай құны мен валюта нарығындағы доллардың бағамы әсер етеді. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 427-430 теңге, бір еуро 518-520 теңге, бір рубль 5,75-5,85 теңге, бір юань 66-68 теңге болады.

 

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

24 мамыр – 28 мамыр Өткен аптада теңгенің юань мен долларға қатысты бағамы нығайып, еуро мен рубльға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған мұнайдың қымбаттауы мен доллардың әлсіреуі себеп болды. Қара алтын бағасы апта басында 70 долларға таяп қалды. Өйткені АҚШ пен Еуропада сұраныс артып, вакцинация қарқыны күшейтілді. Бірақ Үндістанда локдаун енгізілуі мүмкін деген ақпараттан кейін мұнай бағасы төмендеді. Қазақстанның ЖІӨ 3,1%-ға өседі деген болжам жарияланды. Бұған дейін 2,8% болады деп топшыланған еді. Келесі аптада бір доллар 424-428 теңге, бір еуро 510-520 теңге, бір рубль 5,70-5,85 теңге, бір юань 65,85-66,15 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

24 мамыр – 28 мамыр

 

Жұма күні теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған мұнайдың қымбаттауы мен Қазақстандағы вакцинациялау процесі түрткі болды. Елімізде 1,8 миллион адам екпе қабылдады. Қазіргі таңда үш вакцина қолданыста. Иран президенті Хасан Роухани батыс елдерінің Иранға қарсы санкцияны алып тастамақшы деген мәлімдемесінен кейін, шикізат қымбаттады. Егер мұнай бағасы қазіргідей көтерілсе, теңге де нығаяды. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  426-428 теңге, бір еуро  517-519 теңге, бір юань  66,4-66,7 теңге, бір рубль 5,5-5,8 теңге болады.

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

24 мамыр – 28 мамыр

 

Өткен аптада теңгенің басқа валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Оның үстіне экспортқа шығарылатын барлық қазақстандық тауарлардың бағасы төмендеді. Brent баррелі 3%-ға арзандады, бидай мен мыс бағалары екі апта бойы төмендеді. Мұнай нарығына АҚШ пен Иран арасындағы Иранға қарсы санкцияларға қатысты келісссөздердің сәтті өтуі кері әсерін тигізді. Бұл ирандық мұнай өндірісінің 1-1,6 млн баррельге артуына әкеліп соғуы мүмкін. Мемлекеттік бюджет шығыстарын 1,3 трлн теңгеге ($3,5 млрд) ұлғайтуды көздейтін «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға түзетулер енгізу теңге үшін ішкі теріс фактор болуы мүмкін еді.Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 424-433 теңге, бір еуро 512-527 теңге, бір рубль 5,72-5,87 теңге, бір юань 66-66,81 теңге болады.

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

24 мамыр – 28 мамыр

Індетке қатысты ахуал реттеліп келеді. Бұған себеп – вакцинация. Екпе егу процесі қарқынды жүріп жатқан елдерде вирус жұқтыру фактілері азайып жатыр. Израиль мен Хамас қозғалысы ымыраға келіп, Таяу Шығыстағы геосаяси жағдай тұрақталды. Бірақ артынан Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 70 доллардан 66 долларға дейін арзандап кетті. Шикізат нарығына Вашингтон мен Тегеранның «ядролық келісімге» қатысты келіссөздерінің сәтті өтуі кері әсерін тигізбек. Келесі аптада бір доллар 425-427 теңге, бір еуро 512-517 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір юань 65,9-66,2 теңге деңгейінде болады деп ойлаймын.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу