Валюта болжамы: 27-31 желтоқсан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
433,333

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
27.12.2021
432-435
ГК «ФИНАМ»
27.12.2021
428-436
Swissquote Bank
27.12.2021
432-437
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,932

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
27.12.2021
5,87-6,02
ГК «ФИНАМ»
27.12.2021
5,80-6,00
Swissquote Bank
27.12.2021
5,9-6,0
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
493,000

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
27.12.2021
490-500
ГК «ФИНАМ»
27.12.2021
488-495
Swissquote Bank
27.12.2021
490-495
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
68,483

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
27.12.2021
68-69
ГК «ФИНАМ»
27.12.2021
68,10-68,80
Swissquote Bank
27.12.2021
68-69

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (27-31 желтоқсан).

27-31 желтоқсан

 

20-24 желтоқсанға арналған валюта болжамы 

 

 

2021 жылдың соңғы аптасында теңгеге әдеттегідей барлық жаһандық факторлар ықпалымен әсер етеді. Бірінші кезекте, Inbusiness.kz порталында өз болжамын жариялаған сарапшылар мұнай бағасы мен жаһандық инвесторлардың қатерлерге деген ұстанымына назар аударды. Сонымен қатар олар коронавирустың жаңа штамының экономикаға қалай әсер етіп жатқанына тоқталды. Ішкі факторларға келетін болсақ, сарапшылар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі бойынша деректерді, Қазақстан экспортының артқанын атап өтті.

 

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

27-31 желтоқсан

Келесі апта – құбылмалы жылдың соңғы аптасы. Айта кету керек, биржалық белсенділік төмендетіледі. Теңге бағамына әдеттегідей мұнай құны мен қатерлерге деген ұстаным әсер ететін болады. Brent баррелінің бағасы 74-77 доллар аралығында өзгеруі мүмкін. Бұл – қалыпты меже.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 432-435 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 5,87-6,02 теңге, бір юань 68-69 теңге болады.

 

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

27-31 желтоқсан Осы аптада қазақстандық валютаның доллар мен юаньға қатысты бағамы айтарлықтай нығайып, рубль мен еуроға қатысты бағамы өзгермеді.

Еуропа мен АҚШ-та Рождество мейрамы алдында айтулы оқиғалар болмады. Жаһандық нарықтарда белсенділік байқалмады. Жалпы, инвесторлардың жаңа штамның қауіптілігіне қатысты алаңдаушылығы азайды. Мұнай бағасы өсіп, теңге бағамы нығайды. Дегенмен пандемия қайтадан өршуде. Германияда коронавирустың бесінші толқынына дайындалып жатыр, ал Қытай билігі 13 миллион халқы бар Сиань қаласында локдаун енгізді. Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайға келетін болсақ, қазан айында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 30%-ға өсіп, $19,5 млрд-қа жетті.ҚР премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның экспорт көлемі 39,4%-ға, оның ішінде өңделген өнім 47,7%-ға артқан. 

Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 428-436 теңге, бір еуро 488-495 теңге, бір рубль 5,80-6,00 теңге, бір юань 68,10-68,80 теңге шамасында болуы ықтимал.

 

 

Ерлан Айтек, Swissquote Bank серіктесі:

27-31 желтоқсан

Рубль жұма күні жеңіл сауда жағдайында нығайды, бірақ акциялар Мәскеу мен Батыс арасындағы геосаяси қарама-қайшылыққа қатысты алаңдаушылықтың әсерінен төмендеді. Ресей валютасына қазан айынан бері геосаяси қысым ықпал етіп отыр. Өйткені Батыс елдерін көрші Украинаның шекарасындағы Ресейдің әскерилері алаңдатуда. Мәскеу болса, әскерді өз аумағының кез келген жеріне орналастыруға құқылы екенін мәлімдеуде.

Бейсенбіде доллар құлдырады. Өйткені инвесторлар «омикронның» тез таралуына қарамастан әлемдік экономикаға қатысты оптимистік болжам жасады. Доллар индексі 0,08%-ға төмендеп, 96,032 болды.

Менің болжамым: келесі аптада бір доллар 432-437 теңге, бір еуро 490-495 теңге, бір юань 68-69 теңге, бір рубль 5,9-6 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу