Валюта болжамы: 27 шілде – 31 шілде

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
413,125

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.7.2020
410-416
ГК «ФИНАМ»
25.7.2020
412-415
Forex Club
25.7.2020
413-415
SoftLink
25.7.2020
407-417
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,811

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.7.2020
5,75-5,90
ГК «ФИНАМ»
25.7.2020
5,65-5,95
Forex Club
25.7.2020
5,8-5,9
SoftLink
25.7.2020
5,69-5,85
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
473,875

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.7.2020
470-490
ГК «ФИНАМ»
25.7.2020
478-482
Forex Club
25.7.2020
456-458
SoftLink
25.7.2020
471-486
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
59,100

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.7.2020
58,50-59,70
ГК «ФИНАМ»
25.7.2020
58-60
Forex Club
25.7.2020
58,9-59,1
SoftLink
25.7.2020
58,8-59,8

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (27 шілде – 31 шілде).

 27 шілде – 31 шілде

20 шілде – 24 шілдеге арналған валюта болжамы

 

 

 

Сарапшылар АҚШ-тағы экономикалық көрсеткіштер, ондағы жұмыссыздық деңгейін валюта бағамына әсер ететін негізгі фактор деген пікірде. Сонымен қатар олар Вашингтон мен Бейжің арасындағы текетіресті де өз болжамдарында атап өтті. Қазақтанда коронавирус инфекциясының таралуы мен ҚР Ұлттық Банкінің пайыздық мөлшерлемені тоқтату туралы шешіміне тоқтала кетті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

27 шілде – 31 шілде

Осыдан бір апта бұрын инвесторлар коронавирусқа қатысты мәліметті басты назарда ұстаған болатын. Осы аптада жағдай өзгерді. Енді олар америкалық экономиканың статистикасы және АҚШ пен Қытай арасындағы тартысты бақылап отыр. Келесі айда осы аталған триггерлер негізгі қозғаушы күш болуы мүмкін. Егер де Бейжің мен Вашингтон арасындағы шиеленіс кесірінен мұнай арзандаса, теңге де әлсірейді. Келесі аптада бір доллар 410-416 теңге, бір еуро 470-490 теңге, бір юань 58,50-59,70 теңге, бір рубль 5,75-5,90 теңге болады.

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

27 шілде – 31 шілде

Қазақстандық қор биржасынла теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Мұндай динамикаға індеттің қарқынды түрде таралуы да түрткі болып отыр.  Елімізде науқастардың саны 78 486-ға жеткен. Ал әлемдік  валюта нарығында доллардың арзандауы мұнай бағасының көтерілуіне түрткі болды. Артынан шикізатқа деген сұраныс көбейді. Алдағы уақытта теңге әлсіреуі мүмкін.

Менің болжамым: USD/KZT – 413-415, EUR/KZT – 456-458, RUB/KZT – 5,8-5,9, CNY/KZT – 58,9-59,1.

 

 

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

27 шілде – 31 шілде

Америкалық биржа алаңдары бейсенбіде төмен көрсеткіштерге ие болды. S&P500 индексі 1,23%-ға төмендеп, 3235,66 пункт болды. Dow Jones 1,31%-ға кеміп,  NASDAQ 2,29%-ға қысқарды. АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 1 базистік пунктке төмендеп, 0,58% болды. Мұндай тенденцияға АҚШ-тағы экономикалық көрсеткіштердің нащарлауы түрткі болып отыр. Бұл елде соңғы жұмыссыздардың қатары көбейген. Бұл фактор мұнай нарығына да кері әсерін тигізуде. Шикізат құнының арзандауына сонымен қатар АҚШ пен Қытай шиеленісі де себеп болды.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар  412-415 теңге, бір еуро 478-482 теңге, бір рубль 5,65-5,95 теңге, бір юань 58-60 теңге шамасында болады.

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:

27 шілде – 31 шілде

Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы өзгермеді. ҚР Ұлттық Банкінің пайыздық мөлшерлемені төмендетуі валюта нарығына әсер ете қоймады. Осы жылғы үкіметтің инфляцияға қатысты болжамы 8-8,5% деңгейінде. Қаңтар және маусым айларында бұл көрсеткіш 4,2%-ды құраған еді. Brent сұрыпты мұнай бағасы 40 доллардан түспей отыр. Бұл теңге үшін қолайлы жағдай. 1 тамыздан бастап ОПЕК елдері өндіріс көлеміе 2 млн баррельге көбейтеді. Әзірге бұның нарыққа қалай әсер ететін айту мүмкін емес. Бірқатар халықаралық сарапшылап әлемдің экономиканың қалыпқа келетінін топшылап отыр.

Келесі аптада бір доллар 407-417 теңге, бір еуро 471-486 теңге, бір рубль 5,69-5,85 теңге, бір юань 58,8-59,8 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу