Валюта болжамы: 28 қыркүйек – 2 қазан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
426,500

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.9.2020
424-428
Forex Club
25.9.2020
426-428
SoftLink
25.9.2020
421-430
DAMU Capital Management
25.9.2020
425-430
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,588

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.9.2020
5,45-5,65
Forex Club
25.9.2020
5,5-6
SoftLink
25.9.2020
5,37-5,58
DAMU Capital Management
25.9.2020
5,55-5,60
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
496,500

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.9.2020
490-515
Forex Club
25.9.2020
497-498
SoftLink
25.9.2020
491-501
DAMU Capital Management
25.9.2020
485-495
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
61,963

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
25.9.2020
61-64
Forex Club
25.9.2020
62,4-63
SoftLink
25.9.2020
62,3-63
DAMU Capital Management
25.9.2020
58-62

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады.

28 қыркүйек – 2 қазан

 

21 қыркүйек – 25 қыркүйекке арналған валюта болжамы

 

 


Инвесторлардың қауіпсіз активтерге деген сұранысының артуы қыркүйектің соңында теңге бағамына айтарлықтай әсер етеді. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылардың көпшілігі осындай пікірде. Олар америкалық доллардың позициясы нығаяды деп отыр. Қазақстандық валютаға әдеттегідей мұнай бағасы мен індетке қатысты көрсеткіштер ықпал етеді. 

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

28 қыркүйек – 2 қазан Инвесторлардың қауіпсіз активтерге деген сұранысының артуына байланысты доллар соңғы екі айдағы максимум деңгейінде саудаланып жатыр. Доллар мен еуро 1,1670-ке дейін түсті,бұл тенденция жалғасуы мүмкін. Капитал нарығы үшін доллар қорғаныш активі болып саналады. Алтын болса, қорғаныш активі ретінде есептелмейді. Доллардың нығаюы осы айдың соңында жалғасуы мүмкін. Теңге үшін әлемдік валюта нарығындағы доллардың көрсеткіштері маңызды. Америкалық валюта тез қымбаттап, соңғы екі айдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Қазір қаражатты долларға аудару тенденциясы байқалады. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 424-428 теңге, бір еуро 490-515 теңге, бір рубль 5,45-5,65 теңге, бір юань 61-64 теңге шамасында болады.

 

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
28 қыркүйек – 2 қазан Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған реттеу шаралары мен әлемде коронавирус жұқтырғандар санының артуы себеп болды. Дегенмен теңгенің күрт құлдырауын мұнай бағасының өсуі болдырмады. Шикізатқа деген сұраныс қазір артып жатыр. Сонымен қатар АҚШ-тың энергетика министрлігі елдегі мұнай қоры азайды деген мәлімдеме жасады. Біздің ойымызша, алдағы аптада бір доллар 426-428 теңге, бір еуро 497-498 теңге, бір рубль 5,5-6 теңге, бір юань 62,4-63 теңге болады. 

 

 

 

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:
28 қыркүйек – 2 қазан Өткен аптада теңгенің рубль мен еуроға қатысты бағамы нығайып, доллар мен юаньға қатысты бағамы сәл әлсіреді. Доллар индексінің әлемдік валюталарға қатысты индексінің өсуі осындай динамикаға түрткі болды. Ал индекстің өсуіне Федералды қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені көтеру туралы жасаған мәлімдемесі әсер етті. Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс көлемі артып жатыр, сауда балансының оң сальдосы сақталып отыр. Теңге бағамына коронавирус індетінің екінші толқыны кері әсерін тигізуі мүмкін. Екінші толқын кесірінен мұнайға деген әлемдік сұраныс азаяды. Егер тағы да карантин жарияланса, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздарға арналған төлемді арттыруды үкіметке ұсынды.  Келесі аптада бір доллар 421-430 теңге, бір еуро 491-501 теңге, бір рубль 5,37-5,58 теңге, бір рубль 62,3-63 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу