Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (29 қазан – 2қараша)
29 қазан – 2 қарашаға арналған валюта болжамы
Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың пікірінше алдағы апта тағы қатты құбылмалықпен ерекшеленетін болады. Өткен аптадағыдай қазақстандық теңгеге мұнай нарығыныдағы тұрақсыз жағдай әсер ететін болады, мұны «ФИНАМ», «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ», Gerchik&Co, Wall Street Invest Partners және IFC Markets сарапшылары атап кетті. Бір айта кетерлігі, олардың пікірі біршама қарама-қайшы болды. «ФИНАМ» және Wall Street Invest Partners компаниясының сарапшылары қара алтын бағасына әсер ететін фактор ретінде Саудияның энергетика министрінің мәлімдемесін атап отыр.
Сонымен қатар әлемдік валюта нарықтарындағы тұрақсыз жағдайдың әсер етуі жалғасады. «Телетрейд Топ» және «ФИНАМ» компаниясының сарапшылары ірі америкалық компаниялардың корпоративтік есептерінің нашарлығын еске салса, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ» және Gerchik&Co сарапшылары доллар индексінің нығайғанына мән берді, ал «Альпари» және Wall Street Invest Partners сарапшылары АҚШ-тың облигациялар мен акциялар нарығындағы бағаның төмендеуін атап көрсетті.
Сондай-ақ АҚШ пен Қытайдың шиеленіскен қарым-қатынасы да әсер етпей қоймайды («Альпари», Wall Street Invest Partners, «Телетрейд Топ»).
Рубльге қатысты бағамды сөз еткенде сарапшылар негізінен Ресейге қарсы америкалық санкцияларға («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ», Wall Street Invest Partners, «Телетрейд Топ») және Ресей Орталық банкінің негізгі мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтап қалуына («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ», Gerchik&Co, Wall Street Invest Partners, IFC Markets) мән берді.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар
Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясының сараптамалық департаменті директорының орынбасары:
18 қазан мен 24 қазан аралығында көптеген дамушы елдің ұлттық валюталары әлемдік валюта нарықтарындағы тамыз айында орын алған жағдайды еске түсірді. АҚШ-тың облигациялар мен акциялар нарығындағы бағаның қайта-қайта түсуі, Дональд Трамптың Қытайға қатысты айтқан мәлімдемесі мен үшінші тоқсанда қытайлық ЖІӨ-нің өсуінің баяулауы дамушы нарыққа жағымсыз әсер етті.
Қазақстанда проблемалық Qazaq Banki-ге қатысты әңгіме жалғасып, банкті жою туралы сот шешімімен аяқталды. Несие ұйымының жағдайы осылай аяқталатыны алдына ала болжанғанына қарамастан, нарықта Қазақстандағы банк жүйесінің тұрақтылығына қатысты қауіп қайта туындайды. Ал бұл теңге үшін жағымсыз болатыны анық.
Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 365-370 теңге, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы шамалы өзгеріп бір рубль 5,6-5,61 теңге болады деп отырмыз.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:
Өткен сауда қорытыныдсы бойынша америкалық биржа индикаторлары жағымды көрсеткіш көрсетіп, сәрсенбі күнгі Microsoft, Tesla және Twitter есептерінен кейін орын алған сатылымның жартысының орнын толтырды.
S&P500 нарығының индексі 1,86%-ға өсіп, 2705,57 шамасында жабылды. Өндірістік Dow Jones индексі 1,63%-ға, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 2,95%-ға өскен. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы үш базистік көрсеткішке 3,13%-ға дейін өскен. MSCI Emerging Market индексі 0,4%-ға төмендеген.
Алайда бұл оптимистік жағдай сауда жабылғаннан кейін жарияланған Amazon және Alphabet нәтижелерінен соң ұзаққа бармайтын сияқты. Amazon 3,9%-ға төмендеді, ал Alphabet 3,4% жоғалтқан.
Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 1,39%-ға өсіп, 76,73 доллар шамасында жабылды. Эталондық Brent маркалы мұнай бағасының көтерілуіне Саудия энергетика министрінің бағаны ұстап тұру үшін өндірушілерге шикізат нарығындағы жағдайға араласуына тура келеді дегені ықпал етті.
Wood Mackenzie сарапшылары ірі мұнай концерндары жаңа кен орындарының дамуын қаржыландыруға асықпай, қазір көлемі аз арзан жобаларға ақша салып отырғанын, ал бұл келешекте мұнай нарығындағы тапшылыққа әкелуі мүмкін екенін айтып отыр.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,3-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 365-369 теңге және еуроға қатысты бағамы 417-421 теңге болады деп болжап отырмыз.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Доллар индексі өсуде, яғни доллардың негізгі әлемдік валюталарға қатысты бағамы нығаюда. Мұнай бағасы төмендеп барады.
Сондықтан да жоғарыда аталған факторлар негізінде келесі аптада рубль шамалы әлсіреуі мүмкін.
Жұма күні Ресейдің Орталық банкі негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды, бұл рубльге еш әсер етпеді.
Бүгінгі күні рубльге қатты әсер ететін факторлар – бұл доллар мен мұнай. Өйткені санкцияға қатысты әсер күшін жойды. Мұнай қазіргі шамада саудалануы мүмкін, ал нығайып келе жатқан доллар рубль мен теңгені төмендетеді деп ойлаймын. Қазір рубль дүйсенбі күні аяқталатын салық төлемдері есебінен нығайып тұр.
Биткойнға қатысты пікірім онша емес. Баға түседі деп ойлаймын.
Келесі аптада доллар 365-375 теңге, рубль 5,4-5,6 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 74-78 доллар, бір биткоин 5000 -6500 АҚШ доллары болады деп болжап отырмын.
Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:
АҚШ доллар индексінің нығаюына қатысты тренд жалғасуы мүмкін, сондай-ақ мұнай бағасының бір барелль үшін 66 доллар шамасынан төмен болуы алдағы аптада теңгені әлсіретеді. Өткен аптаның еуро/доллар жұбы бойынша 1,1381 деңгейінде жабылуы да қазақстандық валютаның әлсіреуі үшін негізгі драйверлердің бірі.
Алдағы аптада қазақстандық теңгенің долларға шаққандағы бағамы 368-373 теңге шамасында болып, өсуге бет алады ойламыз.
Ресейлік рубль бойынша айтар болсақ, РФ-ы Орталық банкінің мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтауынан бағам шамасын бір рубль үшін 5,4-5,6 теңге етеді.
Жұмекенов Данияр, Wall Street Invest Partners сарапшысы:
Өткен аптада әлемдік нарықтың құбылмалығы орын алды. Мұнай бағасы Саудияның мәлімдемесіне дейін бір баррель үшін 80 доллар шамасында саудаланды. Саудия қажет болған жағдайда өндіру көлемін тәулігіне 12 млн баррельге дейін арттырамыз деп отыр. Мұнай бағасына қатысты шешуші әсер АҚШ жаңалықтары болды. Бұл - олардағы мұнай өндірудің рекордтық көлемі және АҚШ-тағы апта сайынғы мұнай қорының өсуі. Әлемдік нарықтардағы тұрақсыз жағдай одан сайын отқа май құйып. АҚШ-қа аумақтық қауіп деңгейін өсірді. Америкалық қор нарығындағы индекстердің төмендеуі 2018 жылғы бағаның барлығын жойды.
Әлемдегі құбылмалыққа қарамастан, қазақстандық теңге ресейлік рубльге және америкалық долларға қатысты бағамын мықты ұстап тұрды. Ресейлік рубльге АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның Ресейге қатысты қосымша санкциялардың жоқ екенін айтқаны қолдау болды. Бірақ кейін ол өзінің айтқанын қайта дұрыстап, конгрес тарапынан санкцияларды айтқанын жеткізді.
Келесі аптада әлемдік нарықтардағы құбылмалық жоғары болады деп күтіліп отыр. Бұл мұнай нарығындағы 4 қарашада Иранға қатысты санкциялардың енгізілуімен байланысты. Осы арада нарық қатысушыларының мүддесі мен факторлардың жиынтығы мұнай бағасының бір бареллін 80 доллар шамасында ұстайды деуге болады. Саудиялық журналистің өліміне байланысты Еуропалық Одақтың бірқатар елі Саудияға қарсы санкция жариялайды деп болжанып отыр. Бұл жағдайда әлемдік нарықтардағы индекстер тағы түседі. Доллар сол қалпында мықты болып қалады. Үшінші тоқсанда АҚШ-тағы ЖІӨ-нің өсуі бойынша мәліметтер америкалық валютаға қосымша күш береді. Келер аптаның соңында АҚШ-тағы экспорт пен импорттың көлемі, сондай-ақ жұмыссыздық бойынша мәліметтер жарияланады. Көрсеткіштердің өзгеруі долларға әсер етеді.
Ресейдің PMI өндірістік белсенділік индексі 1 қарашада шығады. Осы маңызды макроэкономикалық көрсеткіш экономиканың жағдайын сипаттап, даму келешегін көрсетеді. Ал бұл рубльге әсер етеді. Ресейлік рубльге ірі рейтинг агенттіктерінің үштігіне кіретін Moody's агенттігінің хабарламасы жақсы болды.
Әлемдік нарықтардағы құбылмалық бір валютадан екінші валютаға ауысу үдерісін күшейтетін болады. Дамушы елдер экономикасындағы теп-теңдіктің болмауы мөлшерлеменің айырмашылығы мұны одан сайын өршітеді. Еуропалық Одақ аумағындағы экономикалық және саяси жағдай да валюта ағынына себеп болады.
Сауда соғыстарының екіұштылығы жағдайға қосымша әсер береді. Сонымен қатар қор нарығындағы төмендеу салдарынан америкалық экономиканың келешегі де біртекті емес. Орталық банктер мен шетелдік инвесторлар АҚШ қазынашылық облигацияларын аз сатып алатын болды.
Осының салдарынан теңге үшін осы апта оңай болмайтын сияқты. Теңге қысым астында. 2018 жылға арналған бекітілген республикалық бюджетке сәйкес мұнай емес бюджет 4 330,5 млрд теңге немесе Қазақстан ЖІӨ-сіне 7,4% болады. Мұнайдан алдында түскен түсімер есебінен бюджет тапшылығы 883,3 млрд теңге немесе Қазақстан ЖІӨ-сіне 1,5% болады. ЖІӨ-нің өсуі бойынша болжам 3,8%.Теңге үшін жағымды фактор мұнай бағасы. Сыртқы факторлар қысымынан теңгеге реттеушінің жасаған қолдауы әлсіреп келеді. Алайда теңге доллар мен рубльге қатысты негізгі бағамын жоғалтпайды.
29қазан мен 2 қараша аралығында теңгенің долларға қатысты болжамды бағамы бір доллар үшін 368-378 теңге, ал теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,5-5,6 теңге ауқымында болады.
Олег Богданов, «Телетрейд Топ» бас сарапшысы:
Әлемдік нарықтардағы шиеленіс өсіп келеді. Америкалық ірі компаниялардың корпоративтік есептерінің жаман, сонымен қатар макроэкономикалық мәліметтердің нашар болуы, әлемдік нарықтардағы жаппай сатылымға әкелді. Жағымсыз көріністі АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы және ФРЖ-ның қайта қаржыландыру мөлшерлемесін одан әрі арттырамыз деуі өршітіп тұр. Мұның барлығы инвесторлардың портфел бойынша тәуекелін өсіріп, ақырында олар оны қысқартып, активтерді төмендетіп жатыр.
Осының салдарынан қазақстандық теңге қысым астында қалатыны сөзсіз. Оның доллар мен еуроға қатысты бағамы тағы әлсірейді. Бұған қоса, ресейлік компаниялардың бір валютадан екінші валютаға ауысуына әкелетін ресейдің санкция мәселесі бар. Алайда ресейлік корпоративтік сектордың доллардағы міндеттемелері айтарлықтай және бұл ашық нарықта америкалық долларға деген сұранысты арттыруы мүмкін, өйткені ресейлік корпорациялар негізгі еркін кэшті еуроға айналдырады.
Осының нәтижесінде USD/KZT – 375, EUR/KZT – 430, а RUB/KZT – 5,65 теңге болады деп отырмыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық валютаның америкалық доллар мен ресейлік рубльге қатысты бағамының құбылмалығы жалғасты. Бұған әлемдік мұнай нарығындағы мұнай бағасының төмендеуі әсер етті. 2018 жылдың 4 қарашасында Иранға қарсы америкалық санкциялардың төртінші кезеңі күшіне енеді. Ол Ираннан мұнай сатып алуға шектеу қоюы мүмкін, ал бұл әлемдік бағаны арттырады.
Рубльге қатысты бағам бойынша теңге Ресей Орталық банкінің негізі мөлшерлемені көтермей, 7,5% деңгейінде сақтауын қолдады. Теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы Қазақстандағы қазан айындағы инфляцияға қатысты ақпар шыққанша осы шамада саудаланатын болады. Ол қарашаның басында жарияланады.
Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,5-5,65 теңге, бір доллар үшін 360-370теңге болады деп болжап отырмыз.