Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
29.12.2018 |
376-380 |
ARUM Capital
29.12.2018 |
373-377 |
Астана-Инвест
29.12.2018 |
378-385 |
Wall Street Invest Partners
29.12.2018 |
380-385 |
IFC Markets
29.12.2018 |
373-383 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
29.12.2018 |
5,3-5,6 |
ARUM Capital
29.12.2018 |
5,35-5,40 |
Астана-Инвест
29.12.2018 |
5,4-5,6 |
Wall Street Invest Partners
29.12.2018 |
5,35-5,55 |
IFC Markets
29.12.2018 |
5,4-5,58 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
29.12.2018 |
427-431 |
ARUM Capital
29.12.2018 |
425-429 |
Астана-Инвест
29.12.2018 |
432-445 |
Wall Street Invest Partners
29.12.2018 |
425-430 |
IFC Markets
29.12.2018 |
430-443 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
29.12.2018 |
|
ARUM Capital
29.12.2018 |
|
Астана-Инвест
29.12.2018 |
|
Wall Street Invest Partners
29.12.2018 |
|
IFC Markets
29.12.2018 |
Atameken Business теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (31 желтоқсан – 4 қаңтар).
31 желтоқсан – 4 қаңтарға арналған валюта болжамы
Биылғы жылдың соңғы аптасы мұнай бағасының төмендеуімен және оның рубль мен теңге сияқты валюталарға қысым жасауымен есте қалды. Энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайды біздің апта сайынғы болжамға қатысқан барлық сарапшы атап кетті. Сарапшылар мұнай қоры мен АҚШ-тағы мұнай өнімдері қорының жинақталуы («ФИНАМ» КТ), сондай-ақ әлемдік экономиканың өсу қарқынының баяулауы («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, ARUM Capital) қара алтын бағасының айтарлықтай түсіп кетуіне себеп болып отырған факторлардың бірі деп отыр. Сонымен қатар ARUM Capital компаниясындағылар қаңтарда ОПЕК-тің өндіруді қысқартуға қатысты шаралары орындала бастайтынын және Иранға қарсы жаңа санкциялар күшіне енетінін айтты. Ал IFC Markets сарапшылары болса 2019 жылы Қазақстанда жоспарланып отырған мұнай өндіруді қысқартуға тоқталып кетті. Бұл Қазақстан экономикасының дамуын баяулатуға әкелуі мүмкін.
Бағам белгілеуге әсер ететін факторлар ішінен сарапшылар Еуропалық орталық банктің жағымсыз экономикалық болжамын («ФИНАМ» КТ), алдағы мерекелер мен америкалық қор биржасының қалыпқа келуін (ARUM Capital), доллар индексінің қозғалысын, геосаясат пен Ресейге қарсы санкциялар («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ), сондай-ақ АҚШ федералдық үкіметі жұмысын ішінара тоқтатуын (Wall Street Invest Partners) атап кетті.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:
Өткен сауда сессиясының қорытындысы бойынша америкалық биржа индикаторлары өсіп, 2015 жылдың тамызынан бергі ең үлкен екі апталық раллиді көрсетті.
S&P 500 индексінің фьючерсі 0,86%-ға өсіп, сауданы 2488,83 көрсеткішімен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 1,14%-ды қосып алды, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,39%-ға көтерілді. 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі төрт базистік көрсеткішке 2,76%-ға дейін түсті.
Алайда еуропалық континенттегі биржаның жағдайы мәз емес. Еуропалықтардың көңіл-күйін Еуропалық орталық банктің жариялаған болжамы бұзды, онда сарапшылар 2019 жылы экономикалық белсенділіктің баяулауы мен әлемдік экономиканың өсу қарқынының әлсіреуі байқалып отырғанын, ал бұл еуро аумақ елдері үшін қиындық әкелетіні айтылған.
Өткен сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай бағасы 3,52%-ға төмендеп, 52,94 доллар болды. Сауда жабылғаннан кейін, Штаттардағы қара алтын бағасына API-ден шыққан мәліметтер әсер етті. Аталған мәліметке сүйенер болсақ, өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қорының 6,9 млн баррельге, ал бензин қоры 3,7 млн баррельге артқан.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,3-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 376-380 теңге және еуроға қатысты бағамы 421-431 теңге болады деп болжап отырмыз.
Владислав Воробьёв, ARUM Capital компаниясының аға сарапшысы:
Жаһандық нарықтағы алақұйын жағдайдың әсерінен теңге әлі де біраз уақыт бойы әлсірей беретіндігіне қарамастан, келесі апта тыныш өтуге тиіс.
Таяу күндері мерекеге байланысты сауда мардымсыз болатын түрі бар. Сондықтан аса құбылмалық болады деуге келмейді. Жұма күні дамушы елдер валютасы америкалық қор нарығының қалыпқа келуін жағымды қабылдады, сонымен қатар бұл шикізат бағаларының жоғалтқан бір бөлігінің орнын толтыруға мүмкіндік берді. Алайда қуаныш ұзаққа созылмайтын сияқты, сауда толыққанды бастау алғаннан кейін бағаның қайта төмендейтінін көреміз. Оған өсу үшін негізгі себептердің болмауы сеп болады.
Қаңтарда ОПЕК-тің өндіруді қысқартуға қатысты шектеу шаралары іске аса бастайды және Иранға қарсы жаңа санкциялар күшіне енеді. Бұл Теһраннан шикізатты сатып алуға мүлдем тыйым салады, ал бұл мұнай бағасын белгілеуде жағымды көрініс табады. Дегенмен әлемдік экономиканың өсу қарқынының баяулауына қатысты жағамсыз жағдайдың сақталуы отынға деген сұраныстың ықтимал қысқаруынан бағаның қалыпқа келуін жоққа шығаруы мүмкін.
Теңге бағамы бір доллар үшін 373-377 теңге, бір еуро 425-429 теңге және бір рубль 5,35-5,40 теңге ауқымында болады деп болжап отырмыз.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Рубль қысым астында қалып отыр және бұл теңгенің 380 дейін төмендеуіне басты жалғыз себеп. Осыған дейін күткеніміздей, рубль мұнай бағасының төмендеуінен ұтып отыр.
Әлемдік экономиканың өсу қарқынының баяулауына қатысты толқу қара алтын бағасының төмендеуіне әлі қысым жасауда. Бірақ келесі аптада, яғни келесі жылы мұнай бағасы қазіргі шамада саудаланатын болады деп ойлаймын. Алдағы аптада мұнайдың баға котировкалары, рубльге деген қысым да, қолдау да теңгеге әсер етпейді деп ойлаймын. Ал доллар индексі валюталар бағамына әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ геосаясаттың әсер етері анық. Бұған қоса, Ресейге қарсы санкциялар бар. Айтпақшы, ЕО олардың мерзімін ұзартып отыр. Санкциядың жақын арада алынуы екіталай. Ресей басшысы Украинаға қатысты мәселеде берісетін түрі жоқ, сондықтан санкциялардың жылдам алынып тасталуы екіталай. Егер санкция болатын болса, онда ресейлік экономикаға және рубльге қысым болары анық.
Алдағы аптада бір АҚШ доллары 68,5-70,5 рубль, бір рубль 5,4-5,6 теңге, бір доллар 378-385 теңге, бір еуро 432-445 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 50-55 доллар, биткойн 3000-3500 доллар болады деген болжам жасап отырмын.
Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners сарапшысы:
Биылғы жылдың соңғы аптасында бағалар біршама төмендеді. Рождество мерекесі мен Жаңа жылдың жақындауы шикізат мен валюта нарығын серпілте алмады. Тап қазіргі уақытта Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 50 доллардан төмен болды. Алтын бағасы сенімді түрде өсуін жалғастырып, өткен жартыжылдықтағы межесін жаңартты. Алтын бағасы бір троя унициясы үшін 1280 доллардан асты.
Бірыңғай еуропалық валюта бірте-бірте күшіне мініп келеді. Еуроның АҚШ долларымен арақатынасы 1,14 деңгейінен жоғары көтеріле алды. Америкалық валютаның позициясына АҚШ федералдық үкімет жұмысының жартылай тоқтауы қысым болып отыр. Ресейлік валютаның негізгі валюталарға қатысты бағамы одан әрі төмендеді. Қаңтарда инфляцияның күшеюінен орын алатын оқиға рубльге кері әсер етеді. Осы аптада теңге позициясын жоғалтты.
Алда жаңа жыл мерекесі келе жатыр, сол себепті әлемдік нарықтарда айтарлықтай өзгеріс болмайды. 2018 жылдың 31 желтоқсанынан 2019 жылдың 4 қаңтары аралығында бір доллар 380-385 теңге, бір еуро 425-430 теңге және ресейлік рубль 5,35-5,55 теңге болады деп отырмыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің долларға және еуроға шаққандағы бағамы әлсіреді. Нарық қатысушыларына мұнай бағасының төмендеуі әсер етті. Ресейлік рубльге қатысты айтар болсақ, теңгенің оған қатысты бағамы да әлсіреді. Бұған 2019 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 89,5 млн тоннаға дейін қысқаруы мүмкін деген энергетика министрлігінің болжамы себеп болды деп ойлаймын. Бұл ретте үкімет болжамына сәйкес, мұнай өндіру 88 млн тоннаға дейін төмендеуі мүмкін. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, ол 4,7%-ға 90,3 млн тоннаға дейін өскенін атап кету керек. Қазақстанның ЖІӨ-сінің өсуі аз болып, шамамен 4% болды. Мұнай өндіруді қысқарту қазақстандық экономиканың дамуын баяулатуға себеп болады. Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,4-5,58 теңге, бір доллар үшін 373-383 теңге, бір еуро 430-443 теңге болады деп болжап отырмыз.