Валюта болжамы: 4 қараша - 8 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
388,850

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
01.11.2019
386-390
Евразийский Капитал
01.11.2019
388-391
DAMU Capital Management
01.11.2019
388-390
Forex Club
01.11.2019
388-389
Альпари
01.11.2019
388,50-390,00
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,043

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
01.11.2019
5,9-6,1
Евразийский Капитал
01.11.2019
6,05-6,16
DAMU Capital Management
01.11.2019
5,95-6,00
Forex Club
01.11.2019
6-6,1
Альпари
01.11.2019
6,06-6,11
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
434,200

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
01.11.2019
431-435
Евразийский Капитал
01.11.2019
432,0-437,0
DAMU Capital Management
01.11.2019
435-437
Forex Club
01.11.2019
434-435
Альпари
01.11.2019
430-436
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
55,165

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
01.11.2019
54,60-55,40
Евразийский Капитал
01.11.2019
54,7-55,5
DAMU Capital Management
01.11.2019
55-55,5
Forex Club
01.11.2019
55,15-55,25
Альпари
01.11.2019
54,70-55,85

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады.

4 қараша - 8 қараша

 

28 қазан-1 қараша

 

 

Осы аптада қаржы аналитиктері болжамдарында АҚШ-тың қаржы-несие саясаты және Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысына тоқталды. Олар шикізат нарығындағы ахуалды да сөз етті. Сонымен қатар сарапшылар Қазақстандағы инфляцияның сәл көтерілуі мен Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыруына қатысты пікірлерімен бөлісті. 

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

4 қараша - 8 қарашаКелесі аптада мұнай нарығы оңалса, теңге нығаюы мүмкін. Brent сұрыпты мұнай бағасы 60 доллардан асты. Бұл Қазақстан үшін жағымды жаңалық. 

Әлемдік нарықтағы инвесторлар Қытай мен АҚШ жақын арада сауда келісіміне қол қоюын күтіп отыр. Егер тараптар мәмілеге келсе, бұның экономикаға оң әсерін берері сөзсіз. 
Келесі аптаға болжамым: доллар 388,50-390 теңге, еуро 430-436 теңге, рубль 6,06-6,11 теңге, юань 54,70-55,85 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

Айдар Қалиаскар, Forex Club қаржы скауты:

4 қараша - 8 қарашаОсы апта бойы теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамының динамикасы біркелкі болмады. Долларға қатысты бағамы 0,75 теңгеге әлсіреп, 389,46 теңге болды. Рубльге және юаньға қатысты бағамдары 0,01 теңгеге нығайды.

Бұған әлемдік валюта нарығындағы факторлар себеп, яғни АҚШ Федералдық қор жүйесінің шешімінен кейін инвесторлар нақты қадам жасамай отыр. Сонымен қатар олар Бейжің мен Вашингтон жақын арада ортақ келісімге келеді дегенге күмән келтіруде. 

Қазақстан валютасының нығаюына алдағы уақытта мұнай бағасының өсуі әсер етпек. Өйткені қазір мұнай бағасы көтеріліп келеді.   

Біздің болжам бойынша, келесі аптада АҚШ доллары 388-389 теңге, еуро 434-435 теңге, рубль 6-6,1 теңге, юань 55,15-55,25 теңге болады.

 

 

Әли Сағындықов, «Евразийский Капитал» АҚ аналитигі:

4 қараша - 8 қараша30 қазанда АҚШ-тың Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Бұл фактор теңгенің нығаюына әсер етуі керек болатын. Бірақ мұнай бағасының төмендеуі мен америкалық мұнай қорының көбеюі теңгенің әлсіреуіне әкеліп соқты. Оның үстіне қазір әлемдік нарықты алаңдатып отырған тағы бір жайт бар. Қытай мен АҚШ-тың сауда келісіміне жақын арада қол қоюы екіталай. Келесі аптада инвесторлардың назары америкалық шикізат қорында болмақ. Мұнай бағасы оның мөлшеріне байланысты өзгереді.

Келесі аптада АҚШ доллары 388-391 теңге, еуро 432-437 теңге, рубль 6,05-6,16 теңге, юань 54,7-55,5 теңге болады.

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

4 қараша - 8 қарашаСауда нәтижесінде америкалық биржа алаңдары төмен көрсеткіштерге ие болды. S&P500 индексі 0,3 пайызға кеміп, 3037,56 деңгейіне жетті. Dow Jones 0,07, ал NASDAQ 0,14 пайызын жоғалтты. АҚШ-тағы 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі шамамен 8 базистік пунктке төмендеп, 1,69 пайыз болды. 

Сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 1,23 пайызға кеміп, 59,50 доллар болды. АҚШ-тың Энергетика министрлігі жариялаған мәліметтерден кейін, инвесторлар мұнай бағасының баррелін 60 долларға дейін түсірді. 

Біздің болжам: келесі аптада АҚШ доллары 386-390 теңге, еуро 431-435 теңге, рубль 5,9-6,1 теңге, юань 54,30-55 теңге болады.

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

4 қараша - 8 қарашаОсы аптада америкалық Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Бірақ әлемдік экономиканың оңалуына АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі кедергі келтіріп отыр. Өйткені қос тараптың келісімге қол қою мерзімі кейінге шегеріліп отыр. Ал мұнай бағасының өсуін америкалық мұнай қорының көбеюі тежеуде. 

Рубль мен теңге де осы аптада әлсіреді. Қазақстандағы инфляцияның қарқыны 5,3%-дан 5,5%-ға көтерілді. Осы орайда Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырғанын түсінуге болады. Бірақ жылдың соңына дейін реттеуші мөлшерлемені төмендетуі мүмкін. 

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 388-390 теңге, бір еуро 435-437 теңге, бір рубль 5,95-6 теңге, бір юань 55-55,5 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу