Валюта болжамы: 8 ақпан – 12 ақпан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
421,000

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
06.2.2021
420-424
ГК «ФИНАМ»
06.2.2021
418-422
SoftLink
06.2.2021
416-426
Forex Club
06.2.2021
420-422
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,630

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
06.2.2021
5,50-5,70
ГК «ФИНАМ»
06.2.2021
5,50-5,65
SoftLink
06.2.2021
5,52-5,67
Forex Club
06.2.2021
5,5-6
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
508,375

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
06.2.2021
508-515
ГК «ФИНАМ»
06.2.2021
501-506
SoftLink
06.2.2021
500-515
Forex Club
06.2.2021
510-512
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,269

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
06.2.2021
64,50-66,50
ГК «ФИНАМ»
06.2.2021
64,85-65,50
SoftLink
06.2.2021
65-65,8
Forex Club
06.2.2021
64,5-65,5

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (8 ақпан – 12 ақпан).

8 ақпан – 12 ақпан

 

1 ақпан – 5 ақпан

 

 

 

Ақпанның алғашқы аптасында теңге оң динамикаға ие болды. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарын айтқан сарапшылардың ойынша, валютаға мұнай бағасының көтерілуі оң әсерін тигізген. ОПЕК+ альянсы соңғы отырыста өндіріс көлемін нарықтағы жағдайды ескере отырып өзгертетінін мәлім етті. Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

8 ақпан – 12 ақпан

Ақпанның басында мұнайдың қымбаттауы теңгенің нығаюына түрткі болды. Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 59,50 доллардан асты. Бұл соңғы 12 айдағы ең жоғары көрсеткіш. Әлемдік капитал нарығында тәуекелге деген ұстаным тұрақты, бұл фактор да теңге үшін қолайлы. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 420-424 теңге, бір еуро 508-515 теңге, бір юань 64,50-66,50 теңге, бір рубль 5,50-5,70 теңге болады.

 

 

 

 

 

Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:

8 ақпан – 12 ақпан Теңгенің доллар,юань мен еуроға қатысты бағамы нығайды. Апта соңында рубльге қатысты бағамы да нығая бастады. Ұлттық валютаның нығаюына шикізаттың қымбаттауы ықпал етті. Қазақстандағы макростатистикаға келер болсақ, өткен аптада еліміздегі өнеркәсіп секторы (45,6) мен қызмет көрсету (45,9) саласындағы іскерлік белсенділік индексі жарияланды.Қаңтар айында инфляция 7,4% (-0,1) болды. Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 418-422 теңге, бір еуро 501-506 теңге, бір рубль 5,50-5,65 теңге, бір юань 64,85-65,50 теңге болуы ықтимал.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:

8 ақпан – 12 ақпан

Өткен аптада теңгенің долларға,еуро, юаньға қатысты бағамы нығайды. Brent бағасының 8%-ға өсуі валютаның нығаюына түрткі болды. Ақпан айынан бастап Сауд Арабиясы өндіріс көлемін азайтты. Халықаралық валюта қорының болжамынша, 2021 жылы әлем экономикасы 5,5%-ға артуы мүмкін. Осы орайда мұнайды тұтыну көлемі 5,6 млн баррельге (күніне) көбеюі ықтимал.Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 416-426 теңге, бір еуро 500-515 теңге, бір юань 65-65,8 теңге, бір рубль 5,52-5,67 теңге болады.

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

8 ақпан – 12 ақпан

Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған Сауд Арабиясы бастаған ОПЕК+ альянсының кей елдерінің өндірісті қысқартуы себеп болып отыр. Келісім бойынша шикізат өндіруші елдер бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 1,4 млн баррельге азайтады. Қазақстан қаңтар айында 5,9 млн тонна мұнай өндіріп, келісімді 111%-ға орындаған. Менің болжамым бойынша, бір доллар  420-422 теңге, бір еуро  510-512 теңге, бір юань  64,5-65,5 теңге, бір рубль 5,5-6 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу