Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (8 қаңтар – 12 қаңтар).
Теңге үшін жаңа жылдың алғашқы аптасы тұрақты болды. Мерекеге байланысты нарықтарда анау айтқандай құбылмалылық орын алған жоқ. Алдағы аптада да мұндай тенденцияның сақталары анық. Аbctv.kz-тің дәстүрлі сауалнамасына қатысқан сарапшылар теңге тек долларға қатысты бағамын ғана емес («Астана-Инвест» инвестициядық үйі» АҚ, «Альпари», IFC Markets), сондай-ақ рубльге қатысты позициясын да нығайта бермек деген пікірді ұстанып отыр. Сарапшылардың айтуынша, теңге бағамының қалыптасуына америкалық доллардың әлемнің барлық валютасына қатысты позициясының әлсіреуінен бөлек, дәстүрлі триггерлердің бірі – энергия тасымалдаушылар нарығы әсер етпек. IFC Markets компаниясы сарапшысының айтуынша, егер Ирандағы саяси жағдай қалпына келетін болса, онда мұндай бағасы төмендеуі мүмкін.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі сауалнамадан оқи аласыздар.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Мереке күндері валюта нарығында елеулі оқиғалар мен жаңалықтар орын алған жоқ.
Өтіп бара жатқан аптада доллардың әлсіреуіне байланысты ресей рублінің нығайғанын атап өтуге болады. Доллардың индексі өткен апта бойы төмен құлдырады. Рубльдің ізін ала, келесі аптада теңге де өз позициясын нығайтуға тиіс.
Ал криптовалюта нарығындағы құбылмалық әлі де болса жоғары. Біздің ойымызша, жақын арада криптовалюта бағасы күрт төмендеуі де, күрт көтерілуі де мүмкін. Сондықтан аталған нарықтың кәсіби емес қатысушыларына айтар ақылымыз: «Криптовалютаны инвестициялайтын кезде сақ болыңыздар!». Қазір биткоинның бағасы 19 500 доллар деңгейінен 15 000 доллар деңгейіне (осы болжамды жасаған сәттегі баға) дейін төмендеді.
Американың екі биржасындағы биткоин фьючерстерінің шығарылымы инвесторлардың қызығушылығын тудыра қойған жоқ. Дегенмен, валютаның соңғы екі аптада өтелмегенін ескерсек, алдағы қысқа мерзімді кезеңде, нақтырақ айтсақ келесі аптада баға өсуі мүмкін.
Біздің болжам: 1 АҚШ доллары – 56,5-58 рубль, ал 1 АҚШ доллары –327-332 теңге. 1 ресей рублі – 5,7-5,85 теңге. Brent сұрыпты мұнайдың бір баррелі – 66-68,5 АҚШ доллары. 1 биткоин – 15 000-19 000 АҚШ доллары.
Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясы сараптамалық департамент директорының орынбасары:
2018 жылы мұнай бағасы 60-70 доллар шегінде құбылатын болады. Теңгенің бағамы бір АҚШ долларына 328-338 теңге шегінде орын алады деп ойлаймыз. Еуро/доллар жұбы 1,19-1,25 деңгейінде болса, доллар/рубль жұбы 56-61 рубль деңгейінде қалыптасады деп сенеміз. 2018 жыл бойы рубль/теңге валюталық жұбы рубліне 5,54-5,8 теңге шегінде сақталады деген ниеттеміз.
Біздіңше, теңгенің нығаюына ішкі және халықаралық жағымсыз оқиғалар ғана кедергі келтіруі мүмкін. Десе де, анау айтқандай негативті көріп отырғанымыз жоқ. Сонымен қатар, қаржы билігінің 2018 жылы макроэкономикалық көрсеткіштерді арттыруға арналған болжамы да теңгенің нығаюына көмектесуі ықтимал. Мұнай бағасының жоғарылығы сақталатын болса, келер жылы теңгенің доллар мен еуроға қатысты бағамын айтарлықтай нығайтып алуға мүмкіндігі зор деп ойлаймыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:
Қазақстандық валютаның нығаюы қатарынан үш апта бойы жалғасып отыр. Оған әсер етіп отырған негізгі факторлар да сақталып отыр. Ол қандай факторлар еді. Біріншіден, мұнай бағасының жоғарылығы. Екіншіден, америкалық доллардың әлемнің барлық валютасына қатысты позициясының әлсіреуі. Жұма күні теңгенің ресей рубліне қатысты бағамын да нығайтқанын атап өткен абзал. Менің ойымша, бұл тенденция әлі де сақталады. Себебі, Ресей экономикасымен салыстырғанда, Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері әлдеқайда жоғары. Мәселен, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Ресейдің жалпы ішкі өнімінің 2%-дан асуы кәдік. Ал бұл көрсеткіш Қазақстанда 4%-дан жоғары болады деген ойдамыз. Алдағы аптада валюта нарығындағы жағдай рубліне 5,72-5,82 теңге және долларына 327-333 теңге шегінде құбылады деген ойдамыз. Өз басым теңгенің долларға қатысты бағамы айтарлықтай нығаяды дегенге сенбеймін. Себебі егер Ирандағы саяси жағдай тұрақталатын болса, мұнай бағасы төмендеуі мүмкін. Иран ОПЕК құрамындағы елдер арасында мұнай өндірісі бойынша үшінші орында тұр (оның алдында Сауд Арабиясы мен Ирак орналасқан), сондай-ақ бұл елдің әлемдік нарықтың динамикасына айтарлықтай әсері бар.