Валюта болжамы: 9 қараша – 13 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
432,300

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
07.11.2020
430-435
ГК «ФИНАМ»
07.11.2020
433-428
DAMU Capital Management
07.11.2020
430-435
Forex Club
07.11.2020
433-435
SoftLink
07.11.2020
427-437
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,636

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
07.11.2020
5,45-5,65
ГК «ФИНАМ»
07.11.2020
5,57-5,65
DAMU Capital Management
07.11.2020
5,55-5,65
Forex Club
07.11.2020
5,7-6,1
SoftLink
07.11.2020
5,38-5,66
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
510,400

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
07.11.2020
505-515
ГК «ФИНАМ»
07.11.2020
507-512
DAMU Capital Management
07.11.2020
505-515
Forex Club
07.11.2020
511-513
SoftLink
07.11.2020
504-517
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,550

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
07.11.2020
65-66
ГК «ФИНАМ»
07.11.2020
65,1-65,6
DAMU Capital Management
07.11.2020
65-67
Forex Club
07.11.2020
65,4-65,9
SoftLink
07.11.2020
64,9-65,6

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады

9 қараша – 13 қараша

 

9 қараша – 13 қараша.  

 

 

 

Сыртқы саяси-экономикалық факторларға байланысты теңге құбылмалылық танытты. Inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар бұл жолы АҚШ-тағы сайлауды талқылады. Сонымен қатар олар АҚШ-тың Федералды қор жүйесінің соңғы шешімін, мұнай нарығындағы құбылмалылықты сөз етті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

9 қараша – 13 қараша Соңғы күндері доллар индексі төмендеп, бұл фактор теңгеге оң әсерін тигізді. Бірақ бұл динамика ұзаққа созылмады. Қазір мұнай нарығы құбылмалы болып тұр. Қазақстандық валютаға шикізат нарығы демеу бола алмай тұр десе болады. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 430-435 теңге, бір еуро 505-515 теңге, бір рубль 5,45-5,65 теңге, бір юань 65-66 теңге шамасында болады.

 

 

 

 

 

Андрей Маслов, «Финам» КТ сарапшысы:

9 қараша – 13 қараша Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы нығайып, юань, еуро және рубльге қатысты бағамдары әлсіреді. Әлемдік қаржы нарығына әсер етіп отырған негізгі фактор – АҚШ-тағы президенттік сайлау. Сайлау қорытындысы елдегі тәртіпсіздіітерге әкеліп соғуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл фактор, әрине, әлемдік экономика мен валюта нарығына әсер етеді. Мұнайға деген сұраныс пандемия кесірінен азаюы ықтимал. Сауд Арабиясының Азия мен АҚШ сатып алушылары үшін шикізат бағасын төмендетуі, ал Еуропа сатып алушылары үшін бағаны көтеруі мұнай нарығына айтарлықтай оң әсерін бермеді. Алдағы аптада бір доллар 428-433 теңге, бір еуро 507-512 теңге, бір рубль 5,57-5,65 теңге, бір юань 65,1-65,6  теңге шамасында болады деп ойлаймыз.

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

9 қараша – 13 қараша

Өткен аптаның соңында сауда қорытындысы бойынша теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған мұнай нарығындағы ахуал әсер етіп отыр. Сонымен қатар коронавирус індетінің таралуы мен АҚШ-тағы сайлау да осындай динамикаға себеп болып отыр. Келесі аптада еліміздегі валюта нарығындағы жағдай құбылмалы болуы мүмкін. Теңге әлсіреуі де ықтимал. Біздің ойымызша, алдағы аптада бір доллар 433-435 теңге, бір еуро 511-513 теңге, бір рубль 5,7-6,1 теңге, бір юань 65,4-65,9 теңге болады.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:

9 қараша – 13 қараша

Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы өзгермеді. Қалған негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Доллар индексі төмендеп кетті. Иневсторлардың ойынша, Джо Байден жеңіске жетсе, індет салдарымен күреске АҚШ 3,4 трлн доллар жұмсамақ. Өткен аптада Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне өзгерістер енгізілді. Экономикалық ынталандыру бюджеттің шығындалуына әкеліп соғады, бұның арты валюта бағамы кері әсерін тигізуі мүмкін. Келесі аптада бір доллар 427-437 теңге, бір еуро 504-517 теңге, бір рубль 5,38-5,66 теңге, бір рубль 64,9-65,6 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» бас директоры:

9 қараша – 13 қараша

Осы аптаның ең басты жаңалығы – АҚШ-тағы сайлау. Қос қарсылас арасындағы текетірестің соңы қалай аяқталатыны беймәлім. Дегенмен де нарық тұрақсызданбайды, өйткені Конгресті демократтар мен республикашылдар өзара бөліп, бақылап отыр. АҚШ-тың Федералды қор жүйесі пайызды мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырып, бұл көрсеткішті 2023 жылға дейін сақтайтынын жеткізді. Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 430-435 теңге, бір еуро 505-515 теңге, бір юань 65-67 теңге, бір рубль 5,55-5,65 теңге болады

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу