Валюта болжамы: 9 мамыр -13 мамыр

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
439,250

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
09.5.2022
430-445
SoftLink
09.5.2022
433-449
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,400

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
09.5.2022
6,30-6,70
SoftLink
09.5.2022
6,15-6,45
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
462,000

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
09.5.2022
450-470
SoftLink
09.5.2022
455-473
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
65,150

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
09.5.2022
64,00-65,00
SoftLink
09.5.2022
64,1-67,5

Inbusiness.kz теңгенің доллар, еуро, юань және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (9 мамыр -13 мамыр ).

9 мамыр -13 мамыр

 

2 мамыр - 6 мамырға арналған валюта болжамы

 

 

 

Осы аптада да қазақстандық валютаға сыртқы факторлар әсер етеді. Inbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылар АҚШ долларының динамикасын, Федералды резервтің мөлшерлемеге қатысты шешімін, Украинадағы жағдайды, Еуропадағы инфляцияның жеделдеуін, мұнай бағасының динамикасын, Қытайдағы індеттің таралуын және тағы да басқа деректерді атап өтті. Ішкі триггерлер бойынша олар сәуір айында ҚР Ұлттық Банкінің валюталық интервенция жасамағандығына тоқталып, мөлшерлемені 14%-ға дейін көтергенін сөз етті. Сондай-ақ апаттан кейін Каспий құбыр консорциумы жұмысының қалпына келуі және елдің экономикалық даму қарқынының пандемияға дейінгі деңгейге оралуы  туралы айтылды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:

9 мамыр -13 мамыр 6 мамырда аяқталған аптада теңгенің рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы нығайды. Теңгенің нығаюына АҚШ валютасының соңғы жиырма жылдағы максимумнан төмендеп, артынан әлсіреуі әсер етті. ФРЖ басшысы Джером Пауэлл мөлшерлемені 0,75-1,00%-ға дейін көтергеннен кейін оны тағы да көтеру мүмкіндігін қарастырмайтынын мәлімдеді. Еуро қиын кезеңді бастан кешіруде, Украинадағы жағдайға байланысты еуроаймақтағы инфляция үдей түсуде. Шанхайдағы локдаун мен Бейжіңдегі жаппай тестілеу аясында юань айтарлықтай әлсіреді. Ресей рублі негізгі мөлшерлеменің 14%-ға дейін төмендеуіне қарамастан нығаюда. Ресей валютасы 2019 жылға дейінгі деңгейге жақындады. 

Ұлттық Банк сәуір айында валюталық интервенция, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операциялар жүргізбегенін хабарлады. Сәуір айында шетел валютасына деген сұраныстың айтарлықтай төмендеуі байқалды. ҚРҰБ "қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың болжамына және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты болады" деп топшылап отыр. Менің болжамым бойынша, бір доллар 430-445 теңге, бір еуро 450-470 теңге, бір рубль 6,30-6,70 теңге, бір юань 64,00-65,00 теңге болуы мүмкін.

 

 

 

Дмитрий Лукашов, аналитик SoftLink:
9 мамыр -13 мамыр Өткен аптада теңгенің ресейлік валютадан басқа барлық валюталарға қатысты нығаюы байқалды. Бұған Brent мұнайының $112-ге дейін қымбаттауы, Қазақстан Ұлттық Банкінің мөлшерлемені сәуір айының соңында 14%-ға дейін көтеріуі ықпал етті. Мөлшерлеме деңгейі бұрынғысынша инфляциядан (13,2%) жоғары.

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың маусым-шілде айларында Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндіру бойынша өз квотасын толтырады деп мәлімдеуі де теңгеге оң әсерін тигізді. Ол сондай-ақ Каспий құбыр консорциумы апаттан кейін жұмысын бастағанын мәлім етті.

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың Қазақстанның ЖІӨ өсімі бірінші тоқсанда 4,4% құрайды деген болжамы да валюта бағамына оң ықпалын тигізді. Естеріңізге сала кетейін, өткен жылы ЖІӨ 4%-ға өскен болатын. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 433-449 теңге, бір еуро 455-473 теңге, бір рубль 6,15-6,45 теңге, бір юань 64,1-67,5 теңге болуы мүмкін.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу