Қазақстанда алғашқы исламдық карта пайда болды

1539

Қазақстанда алғашқы исламдық карта пайда болды

Қазақстанда алғашқы исламдық карта пайда болды, деп хабарлайды forbes.kz.

Нарықта 17 жыл тәжірибесі бар бұрынғы дәстүрлі лизингтік компания Al Saqr Finance бір жыл бұрын клиенттеріне ислам қаржы қызметін ұсынатын әмбебап ислам қаржы ұйымы болып қайта құрылған болатын.

Аз уақытта әмбебап болып үлгерген компания исламдық қаржыландыру қағидалары бойынша алғашқы жұмыстарды жылдың басында жүзеге асырды.

Бүгінде дамыған және дамушы елдер исламдық қаржыландыру жүйесін енгізуге белсене кірісуде. Өйткені оларды исламдық банкинг, исламдық құнды қағаздар, исламдық инвестиция тартудың ерекшеліктері мен артықшылықтары қызықтырады. Сарапшылардың пікірінше, дағдарыстың дауылына төтеп беруде төзімділігі сыр берген еуропалық үлгінің  басты кемшілігі -  несиелік пайыздық өлшемдер. Қазіргі таңда мамандар қауымы қаржы жүйесін түбегейлі емдеуде исламдық қаржыландыру тетіктерін енгізуге кеңес беріп отыр. Ресми деректерге сүйенсек, араб елдеріне тиесілі инвестициялық қаржының жалпы көлемі 2 трлн доллардан астам. Оның үстіне, исламдық қаржыландыру – жыл сайын 15-20 пайыздық өсім көрсеткішіне ие болған әлемдегі ең жедел әрі жылдам өсуші сала. Исламдық банкингті дүние жүзінің 400-ден астам қаржылық құрылымдары тәжірибеден өткізуде. 

ҚР ұлттық банкінің зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, Қазақстандағы респонденттердің 45,6 пайызы (соның ішінде 33 пайызы мұсылмандар) исламдық қаржы ұйымдарының қызметін тұтынуды қалайтынын айтқан. Ал 28 пайызы исламдық ипотека бойыша үй алғысы келетінін жасырмаған. Сонымен қатар 11 пайызы халал несиемен автокөлік алғысы келсе, тағы 11 пайызы бизнеске несие алуға қарсы еместігін жеткізген.

Қазіргі таңда банк секторында карталық қызмет кеңінен тарап келе жатқан сервис түрі. Осыған орай Аl Saqr Finance компаниясы бөлшек нарықта карта қызметтерін ұсынуды шешкен.

Алғашқы ислам төлем картасын шығару туралы шешім қабылдай сала Al Saqr Finance ерекше ко-бренд жасау үшін жаңа серіктес іздеуге кірісті. Таңдау Астана банкіне түсті. 

Исламдық қарды карталарын шығару туралы шешімнен кейін Al Saqr Finance компаниясы  Астана банкімен әріптестік орнатты. Қазіргі таңда Астана банкі осындай 450 000 карта шығарып үлгерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу