Қырғызстанмен шекарада тексеру күшейді

1315

Қырғызстанмен шекарада тексеру күшейді

Қырғызстанның шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"10 қазан күні сағат 18:00-де қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасындағы транспорттық көлік пен тұлғаларды өткізу бекетінде іргелес мемлекет тарапынан тексеру күшейді.  Осыған байланысты жолаушыларды, жүк көлігі мен транспорттық көлікті мемлекеттік шекарадан өткізуде кезекке тұрғандар көп", - деп жазылған Қырғыз Республикасы шекаралық қызметінің хабарламасында.  

Сонымен қатар Қырғызстан Республикасында өтетін президент сайлауына байланысты 10 қазан сағат 20:00-ден бастап Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекара қызметі күшейтілген тексеру кестесіне көшетінін хабарлады. 

Бұған дейін Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы "Қордай" өткізу бекетінде шекарадан өтетіндерді тексеру күшейіп, ұзынсонар кезек пайда болғанын куәгерлер әлеуметтік желілерде жарыса жазған болатын.

Шекараның Қырғызстан жағындағы "Ақжол", Қазақстан жағындағы "Қордай" бекеті Бішкектен 25 километр қашықтықта орналасқан және ол екі ел арасындағы негізгі өткізу бекеті саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу