"Əзірет Сұлтан" мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

1882

"Əзірет Сұлтан" мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы бiрiншi наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы және Астананың өкілі болып тағайындалғанын жеткізді, деп хабарлайды muftyat.kz.

Жиналыс барысында, жыл басынан бергі жағдайларды сараптай келе елордамыздың діни өміріне ықпалды өзгерістер енгізіп, жандана түсуіне Наурызбай қажы Тағанұлындай білікті басшының қажет екенін атап өтті. Жақында ғана жаңадан ашылған Түркістан облысындағы ҚМДБ кеңсесінің жұмысын да жолға қойып, жаңа құрылымға жан бітірген қызметін де айрықша бағалайтынын айтты.

Жиналыс соңында бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Наурызбай кажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу