"Жас отбасыларға арналған баспана" бағыты бойынша пәтер сатылымы республика бойынша тоқтатылды, деп жазды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.
Бұдан былай бұл санаттағы азаматтар баспанаға "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініш бере алады.
Естеріңізге сала кетейік, "Жас отбасыларға арналған баспана" бағыты 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасында қарастырылған еді. Ресми некедегі 29 жасқа дейінгі жас отбасылар алдын ала төлемсіз пәтер алу бағдарламасына қатыса алатын еді. Бұл бағытты "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" жүргізген болатын.
Министрліктің мәліметінше, 2018-2019 жылдары бұл бағыт бойынша мемлекеттен қаржы қарастырылмаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу