"100 теңге" ескерткіші тәу етушілер алаңына айналды

1765

"100 теңге" ескерткіші тәу етушілер алаңына айналды

Ақтөбеде 100 теңгеге арналған ескерткішке тәу етушілер көбейді. Әсіресе, қариялар балаларының жолы болсын деген ниетпен темір тасты жағалап жүр.

Еске салайын, биыл Ақтөбе билігі қалада 34 саябақ салуды ұйғарған болатын. Оларды әр саланың мамандары өздерінің бір күндік жалақысына тұрғызуға келіскен. Қала ортасындағы бос орынға талдар отырғызылып, электр шамдары мен орындықтар орнатылған. Абаттандырылған саябақ лезде ақтөбеліктердің жайлы демалыс орындарына айналды. Қалаға ерекше ескерткішті тарту еткендердің ішінде қаржыгерлер де бар.

Биіктігі екі метр болатын 100 теңге ескерткішіне қанша ақша жұмсалғаны белгісіз. Ал бұл жерге келгендер тек селфи жасап қоймай, "қалтамыз теңгеге толсын!" деп, тілек тілейді. Ырымға бой алдырған адамдар легі толастар емес. Оларға біреу сын айтса, тағы біреулері "армандарың орындалсын!" деп, тәу етушілерге қосылып, бет сипап жүр.

Қатима Қадырова, зейнеткер: "100 теңге, енді баяғы Совет үкіметі құлаған кезде 100 теңгеден бастадық қой. 100 теңгенің шашуы күшті болды. Біздің Қазақстан байып кетті. Біздің қазақ ырымшыл енді деген. Осы еліміз деген бай болды. Тағы байысын. Егеменді Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Сондықтан бәрінде де үміт бар, байығысы келеді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу