Астанада "100 жаңа есімді" анықтауға арналған оффлайн акция басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Оның басты ерекшелігі ұйымдастырушылар халық көп шоғырланатын жерлерде арнайы анкета таратады. Кез келген адам оған өзінің не таныстарының үлгі боларлық тарихын жаза алады. Ал жиналған ақпарат кейін "Ел.кз" сайтында жарияланады. Жалпы дәл осы портал Елбасы мақаласында тапсырылған еліміздің 100 жаңа есімін анықтауға білек сыбана кірісіп кетті. Бас-аяғы 2 айдың ішінде сайтқа мыңнан аса электронды өтініш келіп түскен.
"Оффлайн акция бұл көрсеткіштің одан ары артуына және 100 жаңа есімге лайықты кейіпкерлерді табуға көмектеседі", – дейді ұйымдастырушылар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу