"Astana" ӘКК" ұлттық компаниясы "Астана қаласында көше саудасын жүргізу үшін павильондарды орналастыру туралы" жобаның аясында жер учаскелерін жалға беру келісімшартына ие болу үшін өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жобаға қатысу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 7-21 тамыз аралығында http://smart.astana.kz/ru/competition сайтында қабылданатын болады. Өтінім берген кезде мына құжаттарды тіркеу керек: өтініш-анкета (үлгі); жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болса); өтініш берген кезде салық бойынша қарызының жоқ болуы туралы анықтама; Өтінімдер тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен ғана қабылданады.
Байқауды өткізу мен өтініштерді қабылдау бойынша келесі мекенжайға хабарласуға болады: "Astana" ӘКК" ҰК" АҚ байланыс телефондары: Астана қ., Есіл ауданы, Д. Қонаев к., 8 үй, 1413 кеңсе, тел. 8 (717) 261-35-54.