"111" сенім телефоны дүниежүзілік Child help line желісіне қосылады

1741

"111" сенім телефоны дүниежүзілік Child help line желісіне қосылады

Елімізде  7 мыңға жуық бала "111" сенім телефонына хабарласып, көмек алды. Сондай-ақ 100-ден астам бүлдіршіннің өміріне төнген қауіптің беті қайтарылды. Бұл туралы дүниежүзілік бала күніне арналған "Балаға мейірімді Қазақстан" конференциясындаайтылды, деп хабарлайды 24.kz.

Мәжіліс депутаты әрі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның айтуынша, көмекке жүгінген жеткіншектің барлығына моральдық және психологиялық қолдау көрсетілген. Алдағы уақытта сенім телефонын дүниежүзілік "Сhild help line" желісіне қосу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Дүниежүзілік балалар күні – БҰҰ-ның  Бас Ассамблеясы 1954 жылы жариялаған мереке. Ассамблея 1959 жылы 20 қараша күні балалар құқығы туралы декларациясын қабылдады. Ал еліміз балалар құқығы туралы конвенцияны 1994 жылы мақұлдады.    

"Өңірлерден 320 бүлдіршін келді. Барлығы конференция жұмыстарына атсалысады. 13 тақырыптық диалог алаңдары қарастырылған. Ол жерлерде балалардың өз пікірін ашық айтуға мүмкіндік береміз. Пікірталастар бала және әділдік, бала және экология, кәсіпкерлік, білім беру және денсаулық сақтау тақырыптары бойынша жүргізіледі", - дейді Зағипа Балиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу