"13 километр" деректі фильмі жүлдеге ілікті

918

 "13 километр" деректі фильмі жүлдеге ілікті

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген  "13 километр" деректі фильмі Екатеринбург қаласында қазанның 1-і мен 5-сі аралығында өткен ХХVІІІ "Ресей" деректі кино фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі.

Фильмнің режиссері – Владимир Тюлькин.
Аталған деректі фильм Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Фильмнің кейіпкері өзінің шыдамдылығы мен табандылығының арқасында үлкен шаруа қожалығының иесі болып отыр.  
Биыл "Ресей" деректі кино фестиваліне қатысуға 10 елден 280 тапсырыс келіп түскен екен. Нәтижесінде негізгі байқауға Ресей, Қазақстан, Эстония және басқа да елдерден 31 фильмдер  іріктелген. Бұл байқауға деректі киноның шеберлері – Иван Твердовский, Владимир Тюлькин, Андрей Осипов, Татьяна Скабард, Сергей Головецкий, Сергей Дебижев, Борис Караджев және дебютант режиссерлар қатысты. 
Қазылар алқасы қатарында Ресейдің танымал өнер қайраткерлері болды, олар: Ленин сыйлығының иегері, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер және сценарист Тенгиз Семёнов (төраға), режиссер және сценарист Галина Леонтьева , "Кино-Сибирь" киностудиясының басшысы, режиссер Евгений Соломин, киносыншы  Валерий Фомин және кинооператор, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері Евгений Цигель.  
Фестивальдің бас жүлдесін режиссер Татьяна Скабардтың "Последний парад "Беззаветного"  фильмі иемденді.  Ең үздік толықметрлі фильм аталымы  "Приходи свободным" (режиссер Ксения Охапкина, Таллин) картинасына берілді, ал үздік қысқаметрлі фильм деп режиссер Анна Каторнинаның (Санкт-Петербург) "Поморские жонки" танылды.  Ал көрермендер көзайымы жүлдесі  – "Последний вальс" (режиссер Юлия Бобкова, Москва) фильміне берілді. Фестивальдің арнайы жүлдесін "Жизнь с бактериями" (режиссерлері Станислав Ставинов және Андрей Тимощенко, Краснодар) фильмі иемденді. Операторлық шеберлігі марапаты "Приходи свободным" фильмінің операторлары  Виталий Афанасьев, Максим Дроздов и Ксения Охапкинаға берілді. Сондай-ақ, Ресей кинематографистер одағы және Ресей мемлекеттік кинофотоқұжаттар архиві, Деректі фильмдер қауымдастығы тағайындаған байқаудан тыс жүлдесі "Равная величайшим битвам" деректі киноэпопеясының шығармашылық тобына берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу