"7-20-25" арқылы пәтер алғысы келгендерге олардың жағымсыз несие тарихы әсер етуде

692

Депутаттар екінші деңгейлі банктердің азаматтардың соңғы бір жылдағы несие тарихын ғана тексеруін өтінді.

"7-20-25" арқылы пәтер алғысы келгендерге олардың жағымсыз несие тарихы әсер етуде

7-20-25 мемлекеттік бағдарламасы бойынша бастапқы жарна төмендетіледі. Бұл мұғалімдер, дәрігерлер мен полицейлерге арналған жеңілдік болмақ.

"Баспана" ипотекалық ұйымы басқарма төрағасы Қайрат Алтынбековтің сөзінше баспананы қолжетімді ету бағытындағы жұмыстар басталып кетті. Шымкент, Ақтөбе, Алматы Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдерімен арнайы меморандум жасалған. Ал жалпы "7-20-25" бағдарламасының толыққанды жүзеге аспауына азаматтардың жағымсыз несие тарихы әсер етуде екен. Атап айтқанда бұрындары ұялы телефон, тоңғазытқыш пен теледидар сияқты тұрмыстық техникаларды несиеге алып, оны уақытылы төлемегендер енді банктердің табалдырығын аттап баса алмай жүр.

Бағдарламаның жүзеге асырылу барысын талқылаған сенат депутаттары осылай деп отыр. Сондықтан халық қалаулылары бағдарламаға қатысатын барлық екінші деңгейлі банктер азаматтардың соңғы бір жылдағы несие тарихын ғана тексерсін деген өтініштерін айтты. Алайда Ұлттық банк өкілдері болса, депутаттардың бұл ұсынысын қабыл алмайтындықтарын осы бастан ескертіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу