"7-20-25" бағдарламасы арқылы бір айда 2,2 миллиард теңге заем берілді

860

Алайда, Павлодар облысында 28 мың адам баспанаға зәру болып отырғанымен, әлі ешкім өтініш тастамаған.

"7-20-25" бағдарламасы арқылы бір айда 2,2 миллиард теңге заем берілді

"7-20-25" бағдарламасы бойынша 1 айда 2,2 млрд теңге көлемінде заем берілді. Бұл туралы президенттің бес әлеуметтік бастамасының орындалуын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор Бақытжан Жұмағұлов мілімдеді, деп хабарлайды Atameken TV.

Оның айтуынша, бүгінде 7 банкпен келісім жасалып, екінші деңгейлі банктер республика бойынша 640 өтінішті мақұлдап үлгерген. Алайда, Павлодар облысында 28 мың адам баспанаға зәру болып отырғанымен, әлі ешкім өтініш тастамаған. Мұның басты себебі осы бағдарлама туралы дұрыс түсіндіру жұмыстары жүргізілмегендігі.

Өйткені ол: жергілікті тұрғындардан сұрағанда "Біз ондай бағдарлама туралы білмейміз" деген жауап алыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу