"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы мамырда қабылданады

678

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы мамырда қабылданады

Осы жылдың мамырында қабылданатын "7-20-25" бағдарламасына Қазақстанның тұрақты табысы бар барлық азаматы қатыса алады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Жаңа бағдарламаға сәйкес, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайды. Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

"Басқа шарттар талқыланып жатыр және биылғы жылдың мамырында қабылданатын бағдарламада көрсетіледі", — деп атап өтті Ақышев. 

Ұлттық банк басшысының айтуынша, ипотекалық бағдарлама жаңа тұрғын үйлерге есептелген. Болашақта бағдарламаға екінші деңгейлі тұрғын үйлерді де енгізу мүмкіндігі қаралмақ. Әр облыста баспана бағасы әртүрлі болғандықтан, ипотекалық қарыздың максималды мөлшері өңірге байланысты сараланады.

"Бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызы тек теңгемен беріледі. Ал банктер ипотекалық займды алу және қызмет көрсету кезінде ешқандай комиссия алмайды", — деп сендірді Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу