"Абай" операсы тұңғыш рет Италияда қойылмақ

1983

"Астана Опера" театры 8-10 қараша күндері атақты генуялық "Карло Феличе" театрының сахнасында өнер көрсетеді.

"Абай" операсы тұңғыш рет Италияда қойылмақ

"Астана Опера" театры Италияға гастрольдік сапармен жол тартпақ. Ұжым 8-10 қараша күндері атақты генуялық "Карло Феличе" театрының сахнасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көрерменнің назарына А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" операсы, сонымен қатар Л.В.Бетховеннің №9 симфониясы ұсынылады. Дирижерлік пульт басында – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Астана Опера" театрының бас дирижері Алан Бөрібаев. Қазіргі заманның атақты сценографы Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші – "Оскар" сыйлығының лауреаты Франка Скуарчапино.

 "Астана Опера" МОБТ қойылымындағы "Абай" операсы 2018 жылғы Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылып, екінші кезеңіне өткенін айта кеткен жөн.

"Бұл Италияның опера тарихындағы ғаламат "Абай" спектаклінің тұңғыш орындалуы болмақ. Оқиғаға ерекше маңыздылық үстейтін оның қазақ тілінде қойылуы", - деп атап өтті "Карло Феличе" театрының дирижері Джузеппе Акуавива.

Бұдан бөлек, "Астана Опера" театрының ұжымы генуялық көрерменнің назарына Л.Бетховеннің №9 симфониясын ұсынады. Сонымен қатар, концертке ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтың жетекшілігімен "Астана Опера" мен "Карло Феличе" хор әртістері, сондай-ақ жетекші солистер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері тенор Нұрлан Бекмұхамбетов, сопрано Жұпар Ғабдуллина, меццо-сопрано Дина Хамзина қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу