"Абу-Даби" кешенінен өрт шықты

529

"Абу-Даби" кешенінен өрт шықты

Астанада "Абу-Даби" кешенінде өрт шықты деп хабарлайды abctv.kz.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, өрт шыққаны туралы хабар құтқарушыларға 16:45-те түскен. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде, 38 пен 40-қабат арасында құбырлы электржылытқыш өртенгенін көріпті. Дегенмен құрылысшылар тілсіз жаудың өршуіне жол бермей, өздері өшірген. Жалын 40 шаршы метрді шарпыған.

Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Жарақат алғандар жоқ.

Айта кетсек, "Әбу-Даби Плазада" 2016 жылдың ақпанында да өрт болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу