"Адами капитал. Сын-тегеурін және шынайы ахуал" панелдік сессиясы

1159

"Адами капитал. Сын-тегеурін және шынайы ахуал"  панелдік сессиясы

19 маусым күні "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі аясында "Адами капитал. Сын-тегеурін және шынайы ахуал" атты панельдік сессия  өтеді. Abctv.kz форумның тікелей онлайн-трансляциясын жүргізеді.

Іс-шара Atameken business channel "Ордабаев. Актуально" телевизиялық бағдарламасы форматында өтеді.

 

Бағдарламаға шетелдік сарапшылар Live режимінде қатысып, жүргізушінің қазақстандық мамандарды дайындау жүйесінің негізгі міндеттері тақырыбы бойынша сауалдарына жауап береді. Олар:

-мектеп білім беру жүйесіндегі кәсіпкерлік машықтар;

-білім беру жүйесін қатаң реттеуден бас тарту;

-кәсіби мамандарды дайындаудың тиімді құралдары;

-білімі беруді оңтайландыруға бизнестің қатысуы (рейтингтер).

Панелдік сессияға "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, ҰКП Төралқа мүшелері, Басқарма мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мүдделі министрліктердің басшылықтары мен өкілдері, өңір мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу