"Ағаш отырғызудың ұлттық күні" өтеді

987

"Ағаш отырғызудың  ұлттық күні"  өтеді

Айлық  форматында  30 қыркүйек пен  30 қазан аралығында  Қазақстанның  14 өңірінде және  Астана мен Алматы қалаларында сегізінші рет  "Ағаш отырғызудың  ұлттық күні"  атты  экологиялық акциясы өтеді. Оны  БАҚ пен қоғамның қолдауымен "Тұрақты даму" жер қоры ұйымдастырмақ, деп хабарлайды strategy2050.kz

"Тұрақты даму" жер қорының жасылдандыру сарапшыларының айтуынша, күз отырғызу науқаны қарқынды жүргізілетін мезгіл болып табылады.

"Біздің команда кеңес беруге, отырғызу үшін қандай материал қажет екендігін айтуға дайын. Ал, білікті мамандар акцияның әрбір қатысушысына  жеке әдіс табуға тырысады. Сондықтан да, "пікірлес клубы" құрылды", - деді Қазақстандағы акцияның бастамашысы Алан Бесен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу