"Air Help" ақпараттық жобасын енгізу туралы жоспар қабылданды

649

"Air Help" ақпараттық жобасын енгізу туралы жоспар қабылданды

ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті мен Астана қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі. 

Меморандумға сәйкес, тараптар тұтынушылардың құқығы саласында заң бұзушылықтарға жол бермеуге және әуе жолаушыларына қолайлы (жайлы) жағдай жасауға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Меморандум шеңберінде тараптар "Air Help" ақпараттық жобасын енгізуді қарастыру бойынша біріккен іс-шаралар жоспары қабылданды.

"Air Help" жобасы мобильді қосымшасы бар телефонды пайдалана отырып, жолаушылардың құқығын қорғауды жақсартуға бағытталған. Оның көмегімен әуе жолаушылары рейстер кешіккенде немесе шықпай қалғанда  ақшасын өтеп  алу мәселесін шеше алатын болады. Әуе жолаушысы өз құзіретін заңдық негізде пайдаланып, 3 минут ішінде мобильді қосымшаны қолдану арқылы өтінімді толтырып (талапты рәсімдеу), компанияға береді. Одан кейін тек билет құнының өтемін күтеді. "Air Help" тек талап қанағаттандырылған жағдайда ғана қызметі төлемін алады. Қызметтің төлемі  әуе компаниядан алынған сомадан ұсталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу