Қазақстанда "Air Help" ақпараттық жүйесін енгізу ұсынылды. Жоба әуе жолаушыларының құқын қорғауға бағытталған. Дәлірек айтқанда, бұл жолаушыларға рейс кешіккен немесе кейінге қалдырылған жағдайда компаниядан өтемақы талап етуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша. Бар болғаны 3 минут ішінде өтініш толтырып, компанияға өз талаптарын жіберуге болады. "Air Help" арқылы түскен өтінішді әуекомпания мақұлдаған соң ғана өтемақы жолаушының банк картасына аударылады. Ал қызмет ақысы сол сомадан алынып тасталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу