"Ақ бұлақ" бағдарламасына алдағы жылы 53 млрд теңге қарастырылған

1243

"Ақ бұлақ" бағдарламасына алдағы жылы 53 млрд теңге қарастырылған

Елімізде ауылдық жерлердің жартысына жуығында таза ауыз су жоқ. 1 қазандағы жағдай бойынша бар болғаны 3616 ауыл ғана орталық су жүйесімен қамтылған. Қалған елді мекендерде арзан орталық су жүйесін тарту, су бұру жүйелерін құру үшін халық саны жеткіліксіз. Осының салдарынан еліміздің басым бөлігінде тұрғындар тығырықтан шығудың жолын өздері табады. Үкімет отырысында сөз алған ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев "Ақ бұлақ" бағдарламасы іске асқалы орталық су жүйесімен қамту қалаларда - 5 пайызға, ауылдарда 9 пайызға өскенін айтты. Бұл көрсеткіштерді еселеу үшін келер жылы аталған мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі жобаларға республикалық бюджеттен 53 млрд теңге қаржы бөлінеді.
24.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу