"Аққозы" ауыл шаруашылығы кооперативінің құрамында 68 отбасы бар

1760

"Аққозы" ауыл шаруашылығы кооперативінің құрамында 68 отбасы бар

Мал басын арттыра білген ауыл азаматтары техниканы лизингке де алып жатыр. Ал әр басқа берілетін субсидияға  шаруашылықтар  қой қырқу бекеттерін ашты. Біріккен істе бірлік бар. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

"Аққозы" ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметі осы тәмсілдің дұрыстығын растай түседі. Екі жыл бұрын құрылғанда оған 50 отбасы мүше болса, бүгінде олардың қатары 68-ге дейін жетті. Мемлекеттік қолдау бойынша берілген 3 млн 618 мың теңгеге 200 сиыр алынды. Екі жылда тиянақты жұмыс атқарылып, шаруашылықтағы мал саны да артты. Бүгінде 630 бас ірі қара бар. Шаруашылықта 10 адам еңбек етеді. Мал азығын әзірлеуге қажет техника да жетерлік. Ең бастысы кооператив сиыр басына берілген субсидияны ұтымды пайдаланып, ауылда қой қырқу бекетін ашты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу