"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында жаңа зауыт тестілеу режімде жұмысын бастады. Кәсіпорын тұрғын үй құрылысына қажетті жабындылар шығарады. Жоба құны – 460 млн теңге. Жаңбыр сирек жауатын өңірде мұндай кешен салу аса тиімді. Ашық алаңда орналасқандықтан, арнайы цехтың қажеті жоқ. Жұмсалатын шығынның аз болуы сатылатын тауардың бағасын арзандатуға сеп болып отыр, деп хабарлайды 24 Хабар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу