"Ақылды үй" мобильді қосымшасы таныстырылды

1913

"Ақылды үй" мобильді қосымшасы таныстырылды

Бүгін Павлодарда қалалық әкімдікте "Ақылды үй" мобильді қосымшасы таныстырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Тұрғын үй инспекциясының басшысы Қизат Жақыповтың айтуынша, "BF Group" ЖШС, коммуналдық кәсіпорындар және пәтер иелері кооперативтерімен бірге аталмыш бағдарлама тестілеу жүйесінен өткізілген. Дегенмен бүгінгі күннің өзінде 600-ден астам адам қосымшаны жүктеп үлгерген.

"Ақылды үй" қосымшасы қала тұрғындары мен пәтер иелері кооперативтерін тұрғын үйдің жағдайы туралы хабардар етуге бағытталған. Сонымен қатар, онлайн режимі арқылы тұрғын үйге қатысты хабарламалармен танысып, өтініш беруге болады. Яғни, жұртшылық ПИК өткізетін жиындар мен есептік кездесулер жайлы алдын ала біледі. Қызмет көрсететін мекемелер болса, өздеріне қарасты үйлердің картасын көріп отырады. Мәселен, тұрғын үйдің жылу маусымына толық дайын екені картада жасыл белгімен көрсетілсе, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан үйлер қызыл түспен боялған, - дейді Қизат Жақыпов.

Жобаның авторы "BF Group" ЖШС-нің директоры Сергей Голышевтің сөзінше, бүгінгі күнге дейін түскен 98 сауалдың басым бөлігі ыстық судың өшірілуіне қатысты. Оның 49-ы орындалған және тиісті мекемелерге жолданған. Push-хабарлама арқылы нақты бір адамға немесе жалпы тұрғындарға хабарлама жіберледі. Алдағы уақытта бұл жүйе жетілдіре түседі және көрсетілген қызмет үшін онлайн төлем жасау да қарастырылған. Әкімші панеліне пәтер иелері кооперативтерінен басқа, "Павлодар жылу желілері" және "Су арнасы" қосылған. Сонымен қатар, ПИК тізімі, төрағалардың аты-жөні, телефондары, жұмыс уақыты орналастырылған.

Бұл бағдарламаның Қазақстанда теңдесі жоқ айтуға болады. Жоба ПИК және коммуналдық қызмет, тұрғындар арасында сапалы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. ПИК төрағалары бағдарламамен танысып, өздерінің ой-пікірлерін білдірген болатын, - дейді Сергей Голышев.

Айта кетерлігі, бес-алты адамнан тұратын "BF Group" ЖШС қосымшаны тегін әзірлеген. Серіктестікке ай сайын техникалық қызмет көрсеткені үшін жергілікті бюджеттен шамамен 600-мың теңге бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу