Жекешелендірудің екінші толқынына ең ерекше нысандар да іліне бастады. Мәселен тамыздың 11-і күні оралдық "Ақжайық" футбол клубы электронды тендер арқылы сатылымға қойылады. Оның алғашқы бағасы екі жарым млн теңге. Саудаға қатысуға ниет білдіргендер алғашқы жарна ретінде кепілді сомма 376 мың теңгені төлеулері шарт. Сауданың негізгі шарттарының бірі сатып алушы клубты бес жыл бойы өз бағытында ұстап тұруы керек. Ал дәл қазір Ақжайық клубының шығына 71,1 млн теңгені құрауда. Ал кірісі әр кездері 444 млн теңгеге дейін жеткен. Ал мемлекет жыл сайын 440 млн теңге бөледі.
Еске сала кетейік клуб 1968 жылы құрылған. Былтыр Қазақстан премьер-лигасында 10-ш орынға табан тіреген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу