"Ақжайық" футбол клубына жаңа директор тағайындалды

634

2015 жылдан бері "Ақжайық" спорт клубының директоры қызметін атқарған. 

"Ақжайық" футбол клубына жаңа директор тағайындалды

Азамат Шайхы "Ақжайық" футбол клубының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Азамат Ерболұлы "Намыс" спорт клубы мен №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері, сондай-ақ "Ақжайық" спорт клубында самбо күресі жөніндегі спортшы, "Ақжайық" допты хоккей командасының бастығы, бас директордың орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдан бері "Ақжайық" спорт клубының директоры қызметіне тағайындалған болатын.

Айта кетейік, "Ақжайық" биыл премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионатында соңғы орын алғандықтан, бірінші лигаға түсіп қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу