Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауында ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қытайдың Санья қаласында "Әлем аруы-2018" байқауының финалы өтті. Онда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі "Ұмытылмас күн" атты әнін шырқады.
Ал Қазақстан атынан аталмыш байқауда бақ сынаған Екатерина Дворецкая үздік отыздыққа ене алмады.
68-ші рет өткізіліп отырған байқауда "Әлем аруы" атағын Мексикадан келген Ванесса Понсе де Леон жеңіп алды.
Байқауға 118 елдің аруы қатысты. Үздік бестікке мексикалық бойжеткеннен бөлек, Беларусь, Уганда, Джамайка және Таиланд сұлулары өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу