"Әлем аруында" Қазақстан намысын 19 жастағы бойжеткен қорғайды

780

"Әлем аруында" Қазақстан намысын 19 жастағы бойжеткен қорғайды

Филиппин республикасының астанасы Манила қаласында өтетін 65-ші халықаралық "Әлем аруы" сұлулық байқауына Қазақстан атынан 19 жастағы Дарина Күлсейітова қатысады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Дарина Күлсейітова  "Семей аруы" титулының иегері, "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының, халықаралық World Beauty 2016, Best Foto Model World Russian Beauty 2015 сұлулық байқауларының финалға шыққан аруы, "Miss International Vietnam 2014"(халықаралық Fashion House International сұлулық байқауы) 1 вице-аруы. Дарина Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде қаржыгер (3 курс) мамандығы бойынша білім алып жатыр. Бос уақытында билегенді, саяхат жасағанды ұнатады.

"Әлем аруы" байқауына баратыныма әлі күнге дейін сене алар емеспін. Лайықты өнер көрсетіп, еліміздің намысын қорғап, мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсету үшін бар күшімді саламын", - дейді Дарина. "Әлем аруы" байқауына қатысатын арулар екі айдан бері Манилада жүр. Финалға Дарина Қазақстанның атақты дизайнері Аида Кауменова ұсынған ұлттық көйлекпен шығады, ал сұлудың кешкілік сәнді көйлектерін Наиль Байкучуков таңдады.

Бас серіктесіміз люкс санатты Isabel Garcia итальяндық киім бренді. Сонымен қатар күнделікті киетін киім Қазақстан дизайнері Лора Абдрамованың (FashionPark) дүңгіршегінен таңдалды. Әлемнің ең сұлу аруының есімі 2017 жылдың 30 қаңтарында белгілі болады, тікелей көрсетілімді әлемнің 150-ден аса елі тамашалай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу