"Әлем Барысына" қатысатын балуандардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді

883

"Әлем Барысына" қатысатын балуандардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді

"Alem Barysy" додасына қатысатын балуандардың салмақ өлшеуімен бірге жеребе тарту рәсімі де өтеді, деп хабарлайды prosports.kz.

"Mega Silk Way" ойын-сауық кешеніне бүгін сағат кешкі 18:00-де барлық 43 балуан да келеді. Бұған дейін жеребе тарту рәсімін күрес өтетін күні өткізу жоспарланған болатын. Алайда жарыстан тікелей трансляция жүргізілетіндіктен, аталған рәсімді бүгін өткізу жөн деп шешіліп отыр.

Еске сала кетсек, 8 қыркүйек күні Астанадағы "Барыс Аренада" қазақ күресінен "Әлем Барысы" өтеді. Әлемнің 40 елінен келген балуандар өзара бақ сынасады. Біріншіліктің жалпы жүлде қоры - 30 миллион теңге. Оның ішінде 15 миллионын жеңімпаз иеленеді. Көрермендер арасында Renault Logan автокөлігі ойнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу